Шағын энциклопедия
І А Б Г Д Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Ц Ш Ы Э Я Ғ Қ Ү Ө
Ядролық реакция
сутегі ядросы, протондар, сондай-ақ нейтрондар, электрондар (бета-бөлшектер) және гелийдің жеке ядролары (альфа-бөлшектер), ядролық құрылымнан тыс автономды өмір сүре алады. Мұндай ядролар немесе қарапайым бөлшектер кеңістікте қозғала жүре ядролардың көлденең мөлшеріне жақын қашықтықта ядроларға жақындап, ядролармен өзара әрекетке түсуі мүмкін, яғни реакцияға қатысуы мүмкін. Бұл ретте бөлшектерді ядролар ұстап алуы мүмкін, немесе соқтығысқаннан кейін қозғалыс бағытын өзгертіп, кинетикалық энергияның бір бөлегін ядроға беруі мүмкін. Өзара әрекеттесудің мұндай актілері ядролық реакциялар деп аталады.
Істен шыққан ядролық отын
пайдаланылғаннан кейін өз қасиетін жоғалтқан және одан әрі қайта өңдеу немесе көму үшін реактордан түсірілетін ядролық отын (жылубөлгіш құрамалар).
Істен шыққан ядролық отын
сәулеленгеннен кейін реактордан түсірілген және одан әрі пайдалануға жарамайтын ядролық отын. Істен шыққан отын реактордан түсірілген соң уақытша сақтау бассейніне орналастырылады.
Істен шыққан ядролық отынды қайта өңдеу
істен шыққан ядролық отыннан бөліс өнімдерін кетіруге және қайта қолдану үшін бөлінетін материалды қайта өндіруге арналған химиялық-технологиялық үдерістер кешені.
АЖЭО
атом жылуэлектрорталығы.
Аз байытылған уран
құрамында массасы 20 %-дан кем уран-235 изотобы бар уран.
Альфа-бөлшек
екі протон және екі нейтроннан тұратын бөлшек. Гелий атомының ядросына ұқсас.
Альфа-сәулелену
иондаушы сәулеленудің түрі – радиоактивті ыдырау және ядролық реакциялар кезінде шығарылатын оң зарядталған бөлшектердің (альфа-бөлшектердің) ағыны. Альфа-сәулеленудің еніп кетуші қабілеті жоғары емес (қағаз парағы тоқтата алады). Альфа-сәулелену көздерінің тамақпен, ауамен немесе терінің зақымдануы арқылы организмге өтуі өте-мөте қауіпті.
Апатты суыту жүйесі
ядролық-энергетикалық қондырғыны қалыпты пайдалану құрылғылары арқылы белсенді аймақтағы жылуды бұру мүмкін болмаған жағдайда құрылманың барынша жауапты реакторішіндегі элементтерінің жол беруге болмайтын қызып кетуі орын алмайтын деңгейге дейін реактордың үдемелі жылу бөлуін төмендетуге арналған жүйе. Апатты суыту жүйесі мына талаптарды қанағаттандыруға тиіс:
- реактордың белсенді аймағындағы қалдық жылу бөлуді бұруды қамтамасыз ету;
- апаттың бастапқы кезеңінде (егер жылутасымалдағыш су болса) бірінші контурдан жылутасымалдағыштың кемуін қажетті жағдайда жарым-жартылай немесе толығымен орнын толтыру;
- сенімділікті арттыру үшін екі немесе одан да көп еселеп сақтау;
- жеке айналмалы қондырғыларды қозғалысқа келтіру үшін автономды энергия көздеріне ие болу.
Артқы ілмек
жылубөлгіш құраманың элементі (деталь).
АС бірінші контуры
пайдаланудың жобада көрсетілген тәртібі мен жағдайларында белсенді аймақ арқылы жылутасымалдағыштың циркуляциясына арналған қысымның орнын толтыру жүйесі мен салқындатқыш жүйесінің контуры.
АС сапасын қамтамасыз ету
АС блогы немесе АС үшін алаң таңдау, жобалау, құру, қолданысқа енгізу, пайдалану және қолданыстан шығару, сондай-ақ олар үшін жүйелер мен құрал-жабдықтарды конструкциялау және әзірлеу шараларын белгіленген тәртіппен орындау, олардың нәтижесі қойылған талаптарды қанағаттандыруға бағытталған жоспарлы және жүйелі түрде атқарылатын қызмет.
АС тәжірибелік пайдалану
энергетикалық іске қосудан бастап өнеркәсіптік пайдалануға қабылдауға дейінгі АС-ты пайдалануға енгізу кезеңі.
АС эксплуатациялық қызметшілері
Атом стансасын жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдар
АС қауіпсіз пайдаланудың шектері
жобада белгіленген технологиялық үдеріс өлшемдерінің мән-маңызы, одан ауытқу апатқа апарып соқтырады.
АС қауіпсіздігінің басты ережелері мен қағидалары
- АС қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы ережелері;
- ядролық қауіпсіздік ережесі;
- радиациялық қауіпсіздік қағидалары;
- АС жобалау және пайдаланудың санитарлық ережелері;
- қауіпсіздік және экология бойынша шектеулер тұрғысынан АС қуатын орнату мен шоғырландыру талаптары.
АС құрылысы
АС ғимараты мен құрылысының бой көтеру үдерісі, ол құрылыс жүргізу, қондырғыларды орнату, қосалқы, көлік және тағы басқа жұмыстар кешенін қамтиды.
АС-ның физикалық қорғанысы
АС-тегі бөлінетін және радиоактивті материалдарды, сондай-ақ материалдық игіліктерді сақтап қалуды және АС пен оның жобада белгіленген маңызды учаскелеріне рұқсат етілмеген кірудің алдын алуды қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастыру шаралары.
АС-ты қалыпты пайдалану
жобада белгіленген пайдалану шектері мен жағдайларында АС-ты пайдалану.
Атом
химиялық элементтің қасиеттеріне ие оның ең кіші бөлшегі. Атом құрылысы күн жүйесінің құрылысына ұқсас. Оң зарядталған ядроның төңірегінде теріс зарядталған электрондар айналып жүреді. Атом ядросы оң зарядталған протондар мен электрлі бейтарап нейтрондардан тұрады. Атомдағы электрондар саны ядродағы протондар санына тең.
Атом реакторының белсенді аймағы
атом реакторындағы энергия бөлуші ыдыраудың басқарылатын тізбекті реакциясы жүретін орталық бөлік.
Атом стансасы (АС)
бір немесе бірнеше ядролық энергетикалық реакторлары және қажетті қызметкерлері бар жүйелер, қондырғылар және нысандар кешенін қолдана отырып электр немесе жылу энергиясын өндіретін өнеркәсіптік кәсіпорын. Егер айрықша ештеңе қоса айтылмаса, әдетте атом стансасы (АС) деген термин АЭС, ЖАС, АЭТС сияқты нысандарды аңғартады.
Атом электр стансасы (АЭС)
ядролық реактордан бөлінетін энергияны өзгерту жолымен электр энергиясын алуға арналған техникалық ғимараттар кешені.
Атом энергетикасы
ядролық энергияны электр энергиясы мен жылу өндіру үшін қолданатын энергетиканың бір саласы. 2007 жылы дүние жүзіндегі атом электр стансалары (АЭС) жалпы электр энергиясының 16% өндірді. Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың мәліметтері бойынша, 2007 жылғы жаздың соңына таман әлемде 438 ядролық реактор жұмыс істеп тұрған, 34 реактор жаңадан салынып жатқан, тағы 81 реактордың жобасы дайындық кезеңінде болған, 223 жоба қарастырылып жатқан және 117 болашағы жарқын жобаға басымдық берілген. Энергетиканың ядролық секторы Францияда, Бельгияда, Финляндияда, Швецияда, Болгарияда және Швейцарияда, яғни табиғи энергия ресурстары жеткіліксіз, бірақ өнеркәсібі дамыған елдерде барынша маңызды. Бұл елдер өз электр энергияларының төрттен бірінен тең жартысына дейін АЭС-терде өндіреді.
Атом энергия-технологиялық стансасы (АЭТС)
электр энергиясын және технологиялық мақсаттағы энергияны өндіруге арналған атом стансасы.
Ауырсу
дейтерий тотығв, D2О – сутегі атомдары дейтерий атомдарымен араласқан су. Ауыр су ядролық реакторларда баяулатқыш ретінде қолданылады. Әдеттегі суда 5000 бөлшектің шамамен бір бөлшегі ауырсуға тура келеді.
Ауырсудағы реактор
баяулатқыш ретінде ауырсу қолданылатын ядролық реактор. Канадалық CANDU реакторларында ауырсу баяулатқыш, жылутасымалдағыш қызметтерін қоса атқара береді, ал ядролық отын ретінде табиғи уран қолданылады.
АЭС қауіпсіздігі
АЭС-тің қалыпты пайдалану кезінде және қалыпты пайдалану бұзылған, апатты жағдай орын алғанда қызметкерлерге, тұрғындарға және қоршаған ортаға радиациялық әсерді белгіленген шегімен шектейтін қасиеті бар. АС қауіпсіздігі түсінігінің құрамдас элементтері - техникалық, ядролық, радиациялық, экологиялық қауіпсіздік.
Байыту
уран-235-тің уран-238-ге арақатынасын ұлғайту үдерісі.
Байытылған уран
уран-235-тің (U-238-ге) арақатынасы табиғи урандағыдан (0,7%) артқан уран. Реакторлық сападағы уран U-235 әдетте шамамен 3,5%-ға байытылады, ал қару-жарақ уранындағы U-235 құрамы 90%-дан астам.
БАС
бас айналмалы сорап.
БАСЖ (реактордың белсенді аймағын апатты салқындату жүйесі)
салқындатудың штатты жүйесі істен шыққанда (мысалы, жылутасымалдағышты жоғалтқан апат кезінде) белсенді аймақтан жылубөлудің қалдығын бұруды қамтамасыз ететін жүйе.
Басқарылатын өзектер
нейтронды сіңіргіш материалдардан жасалған өзектер, олардың көмегімен реактордағы бөлінудің тізбекті реакциясына ықпал жасауға болады.
Баяулатқыш
жылу энергиясына дейін (кемі 1 эВ) ядролар бөлінгенде түзілетін жоғары энергиядағы (0,5-10 МэВ) нейтрондарды баяулатуға қызмет ететін кіші атом массалы зат. Ең көп тараған нейтрон баяулатқыштар – жылу нейтрондарын әлсіз сіңіретін графит, кәдімгі су, ауырсу және бериллий.
Беккерель (Becquerel, Bq или Бк)
радиоактивті изотоптардың белсенділігін өлшеу бірлігі, француз физигі А.А. Беккерельдің есімімен аталған. 1 Бк секундына 1 ажырауға тең.
Белсенділігі жоғары қалдықтар
1. Істен шыққан ядролық отынды және құрамында бөліске түсетін өнімдері бар актинид және трансурандық қалдықтарды қайта өңдеу кезінде түзілетін жоғары радиоактивті қалдықтар.
2. Егер олар қайта өңделмейтін болса, онда ол ядролық реакторлардың істен шыққан отыны.
2. Егер олар қайта өңделмейтін болса, онда ол ядролық реакторлардың істен шыққан отыны.
Бета-бөлшек
бета-бөлшектер радиоактивті изотоптар ыдырағанда шығарылатын электрон (теріс зарядталған) немесе позитрон (оң зарядталған) болуы мүмкін.
Бета-сәулелену
иондаушы сәулеленудің түрі – радиоактивті ыдырау немесе ядролық реакция кезінде шығарылатын электрондар немесе позитрондар ағыны. Бета-сәулелену организм талшығына 1 см-ге дейін тереңдікте ендей алады. Ішкі және сыртқы сәулелену тұрғысынан адам үшін қауіпті. Бета-сәулелену де альфа-сәулелену сияқты жанаса сәулелену кезінде, яғни организмнің ішіне, былжыр қабыққа түскенде және тері қабаттары ластанғанда барынша қауіп тудырады. Одан сақтану үшін қалыңдығы бірнеше мм-лік алюминийден жасалған тілік жеткілікті.
Биологиялық экран
иондаушы сәулеленудің қызметкерлерге, тұрғындарға және қоршаған ортаға зиянды ықпалын жою үшін реактордың немесе радиоактивті материалдың белсенді аймағы төңірегінде жасалатын радиациялық тосқауыл. Бетон атом стансасындағы биологиялық қорғаныстың негізгі материалы болып табылады. Үлкен қуатты реакторлардағы бетонды қорғаныс экранының қалыңдығы бірнеше метрге жетеді.
Блокты қолданыстан алу
қуат көзі ретінде қолдануға жарамайтын және қызметкерлер мен қоршаған ортаға қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ядролық отын алып тасталғаннан кейінгі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру үдерісі.
БН
жылдам нейтрондағы реактор.
Бу генераторы
бастапқы жылутасымалдағыштың жылуы есебінен екінші контурда радиоактивті емес бу шығаратын жылуалмасу аппараты. Температурасы жоғарылау жылутасымалдағыш әдетте бастапқы, ал жылуды қабылдаушы температурасы төмендеуі қайталама жылутасымалдағыш деп аталады.
Бөліс өнімдері
не бөліс нәтижесінде пайда болған нуклидтер, не дәл солай пайда болған радиоактивті нуклидтердің одан кейінгі радиоактивті ыдырауы нәтижесінде пайда болған нуклидтер.
Бөлу жұмыстарының бірлігі (БЖБ)
уранды байыту үшін қажетті жұмыстарды бөлу жұмыстарының бірлігімен бағалайды. Бөлу жұмыстарының бірлігі дегеніміз – байытудың белгіленген деңгейіне жету үшін қажетті әрекеттердің саны. БЖБ саны байыту қондырғысы тұтынатын энергияның көлеміне тікелей байланысты.
Газ
газды жылутасымалдағыш және жұмыс денесі ретінде сутегі, гелий, азот, ауа, көмір қышқыл газы, метан және тағы басқа кейбір газдар қарастырылады. Газды жылутасымалдағыш және жұмыс денелерінің сұйық заттармен салыстырғандағы артықшылығы – барынша жоғары жылу және радиациялық төзімділігі, химиялық (коррозиялық) енжарлығы (кейбір газдар үшін). Олқылықтары – төмен тығыздығы, жылу сыйымдылығы және жылуөткізгіштігі, демек, жылуберудің төмен қарқындылығы; газдарды жылу тасымалдағыш ретінде қолданғанда оларды тербетуге жұмсалатын контурдағы жоғары қысым орынды қуатта болуы қажет.
Газдиффузионды технология
түрлі жылдамдықтағы газдардың түрлі молекулярлық массаларымен микрокеуек аралықтар арқылы ендей енуіне негізделген изотоптардың бөліну үдерісі. Аталмыш үдеріс байытылған уран алу үшін қолданылады, бұл жағдайда да газ ретінде уран гексафториды пайдаланылады.
Газды центрифугалау технологиясы
өз осінде жылдам айналатын цилиндрдің (ротордың) ішінде жасалатын центрдентепкіш күштердің әрекетімен газ молекуларының орналасу жылдамдығының әралуандығына негізделген изотоптарды (мысалы, уран-235 және уран-238) бөлшектеу үдерісі. Байытылған уран алу үшін қолданылатын бұл үдерісте газ ретінде уран гексафториды пайдаланылады.
Геологиялық тілік
бір желіде орналасқан жиынтық ұңғымалардың мәліметтерін топтау жолымен құрылған жер қойнауының ішкі құрылымының көрнекі кескіндемесі
Гига
негізгі өлшемнің миллиард бірлігін білдіреді (мысалы: Гигаватт = 109 ватт немесе миллион киловатт).
Графит
минерал, көміртегінің кристалды бір формасы. Ядролық реакторда ядролық тазалық графиты нейтрондарды баяулатқыш ретінде қолданылады.
Грэй
СИ бірліктер жүйесінде – сәулеленудің сіңіруші дозасының бірлігі. 1 Гр=1 Дж/кг=100 рад.
ГТУ
газтурбиналы қондырғы.
Дезактивация
қайсыбір үстіңгі қабаттан немесе қайсыбір ортадан радиоактивті ластануды жою немесе төмендету.
Дозиметр
иондаушы сәулеленудің сіңірілген өлшемін немесе өлшем қуатын өлшейтін аспап.
Жанып кетуші сіңіргіш
реакторды пайдалану үдерісінде жұмсалатын нейтрондарды сіңіргіш. Осының арқасында ядролық отынның жанып кетуі салдарынан реактивтілік шығынының орны жарым-жартылай толтырылады. Бұлар қайта жүктеу кезінде белсенді аймақтан түсірілетін қозғалмайтын сіңіргіштер.
Жартылай ыдырау кезеңі
радионуклид сипаттамасы – сол радионуклидтың ядролар саны өздігінен болатын ядролық айналдырулар нәтижесінде екі есеге азаятын уақыты.
ЖБЭЛ (жылубөлгіш элемент)
гетерогенды реактордың белсенді аймағындағы негізгі құрылмалы элемент, сол түрінде реакторға отын жүктеледі. ЖБЭЛ-терде U-235, Pu-239 немесе U-233 ауыр ядроларының өзін-өзі қолдайтын бөліну реакциялары жүргенде энергия бөліну қоса жүріп, жылу энергиясы жылу тасығышқа солардан өтеді. ЖБЭЛ-тер отын өзегінен, қабығынан және ақырғы детальдардан тұрады. ЖБЭЛ түрлері реактордың типіне және қызметіне, жылутасымалдағыштың параметрлеріне қарай анықталады. ЖБЭЛ отыннан жылутасымалдағышқа жылудың сенімді жетуін қамтамасыз етуге тиіс.
ЖБҚ (жылубөлгіш құрамалар)
өзекті ЖБЭЛ-терді реакторға орналастыру үшін әуелі олар шоғырға біріктіріледі, бұл ретте аралық торкөздер көмегімен олардың параллелдігі және араларында белгілі бір саңылау қамтамасыз етіледі. Реактордың типіне және реактордың белсенді аймағының құрылысына қарай ЖБЭЛ-тер шоғыры белсенді аймақ шеңберінде жылутасымалдағыш даңғылын құрайтын қаптамаға салынуы немесе реакторға қаптамасыз орнатылуы мүмкін.
Желілік жылутасығыш
орта, сол арқылы АС-нан сыртқы және ішкі тұтынушыға жылу тасымалданады.
Жерасты ұңғымалы шаймалау
кенді табиғи жатқан жерінде жабық технологиялық ұңғымалармен және ерітінділерді ұңғымалар арқылы жіберуді және ерітілген пайдалы қазбаны соратын ұңғымалар арқылы сорып алуды, үдерістің барысына бақылау жасауды және жер қойнауында кенді мұнан да толық қайта өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін арнайы атқарылған жұмыстар кешенімен шаймалауға әзірленген қайта өңдеу үдерісі.
Жеңілсу
кәдімгі су (H20), ауырсудан (D2O) айырмасы бар. Кейбір ядролық реакторларда жылутасығыш және баяулатқыш ретінде қолданылады.
Жобадан тыс апаттар
жобалық апаттар үшін бастама болып табылмайтын немесе жобалық апаттармен салыстырғанда қауіпсіздік жүйесінде бір бұзылудан көп қосымша бұзылулар қатар жүретін, қызметкерлердің қате шешімдеріне байланысты ауыр зардаптарға немесе белсенді аймақтың балқуына әкеп соқтыратын апат. Зардаптарды кемітуге апатты басқару немесе қызметкерлер мен тұрғындарды қорғаудың іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру арқылы қол жеткізеді.
Жобалық апат
апат, ол үшін жобада бастапқы оқиға және оның түпкі жағдайы, қауіпсіздік жүйесінің бір рет ғана тоқтап қалуы немесе бастапқы оқиғаға еш қатыссыз қызметкерлердің қателесуі мұндай апаттар үшін белгіленген салдарын шектеу қарастырылған.
Жобалық шектер
жүйелердің (элементтердің) және тұтастай АС-тың қалыпты жұмыс істеуі, апатты жағдайлар және апат үшін жобада көрсетілген параметрлері мен сипаттамаларының мән-маңызы
Жоғары байытылған уран
құрамында салмағы жөнінен 20% кем болмаған уран-235 изотобы бар уран (қару-жарақ уранында 90%-дан астам уран-235 изотобы бар).
Жылдам нейтрондағы ректор
жылдам нейтрондағы реактор белсенді аймақтың төңірегіндегі бланкетте орналасқан жаңғыртушы материалды (жүдетілген уран) пайдалана отырып, өзі тұтынатыннан әлдеқайда көп бөлшектеуші заттарды шығарады.
Жылу реакторы
ядролық отын бөлінісінің тізбекті реакциясы жылу нейтрондарында жүзеге асырылатын ядролық реактор.
Жылуалмасқыш
түрлі технологиялық үдерістерді – қыздыру, салқындату, қайнату, конденсациялау (бугенераторы, конденсатор, деаэратор, регенеративті жылытқыштар, қосалқы жылуалмастырғыштар т.т.б.) жылуды бір денеден (жылутасымалдағыш) екіншісіне өткізуге арналған құралғы.
Барлық жылу алмастырғыш аппараттар жылуды беру қабілеті бойынша екі үлкен топқа бөлінеді: сыртқы және жанасушы:
- сыртқы жылуалмасқыштардың қатты қабырғасы – жылуалмасқыштың сырт қабаты бар, сол арқылы жылу бір жылутасымалдағыштан екіншісіне өтеді;
- жанасушы жылуалмасқыштарда жылу бір жылутасымалдағыштан тікелей екіншісіне беріледі.
Жылумен қамту атом стансасы (ЖАС)
жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында жылу энергиясын өндіретін атом стансасы.
Жүдетілген уран
уран-235-тің құрамы табиғи урандағыдан аз болған (0,7%) уран. Ядролық-отын циклында байытудың жанама өнімі сияқты, әдетте 0,25-0,30% U-235, қалғаны U-238. Ядролық отын өндірісі үшін жоғары байытылған уранмен (мысалы, қару-жарақ уранымен) араластыруға болады.
Жүдетілген уран
табиғи уранға қарағанда уран-235 изотобы құрамы аз уран (мысалы, табиғи уранмен жұмыс істейтін реактордың істен шыққан отынындағы уран).
Жүдету
үдеріс, соның нәтижесінде изотоптар қоспасындағы белгілі бір изотоп құрамы кемиді (мысалы, реактордағы ядролық отын жанған кезде).
Зерттеу реакторы
ядролық реактор, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуде қолданылады.
Зиверт
иондаушы сәулеленудің алуан түрлерінің биологиялық тиімділігін ескеретін сәулеленудің эквивалентті және тиімді дозасының бірлігі (сәулеленудің сіңірілген дозасы мен сәулеленудің сапа коэфициентіне тең); 1 Зв иондаушы сәулеленудің 1 кг талшықтағы 1 Дж энергия босататын санына тең.
Изотоп
элементтің атом формасы, белгілі бір нейтрондар санына ие. Элементтің түрлі изотоптарындағы протондар саны бірдей, бірақ нейтрондар саны әрқалай, демек атомдық салмағы да әр түрлі, мысалы, U-235, U-238. Кей изотоптар тұрақсыз болып, тез ыдырайды да, басқа элементтердің изотоптарын құрайды.
ИНЕС
ядролық қақтығыстардың халықаралық шәкілі (INES), ядролық қақтығыстардың қауіптілік деңгейін жіктеу үшін енгізілген. 8 деңгейі бар (қақтығыстарды бағалайтын нөлдік және жеті деңгейі).
Ион
зарядталған бөлшек, электрондардың атоммен, молекулалармен т.б. қосылғанында немесе жоғалтқанында пайда болады. Иондар тиісінше оң (электрондарды жоғалтқанда) және теріс (электрондар қосылғанда) болуы мүмкін.
Иондаушы сәулелену
сәулелену, ол ортадағы атом және молекулардың иондануына, химиялық байланыстардың ажырауына әкеп соқтырады. Иондаушыларға гамма-сәулелену, рентгенді сәулелену, электрондар мен позитрондар шоғы, протондар, нейтрондар, альфа-бөлшектер жатады.
ИТЭР (ITER, International Thermonuclear Experimental Reactor)
халықаралық термоядролық тәжірибелік реактор, оны токамак негізінде халықаралық ғалымдар тобы МАГАТЭ туы астында құруда. Ол әлемдегі алғашқы DEMO термоядролық электр стансасы болады деген болжам бар.
Конверсия
уран тотығы-шалатотығын (U3O8) уран гексафторидына (UF6) айналдыратын химиялық үдеріс. Конверсия немесе уранды фторлау өндірістік тізбекте уранды байыту алдындағы қажетті буын болып табылады.
Кюри (Ки) (Ci)
белсенділіктің жүйеден тыс бірлігі, бастапқыда 1 г. радий-226 изотобының белсенділігі
1Ки=3,7·1010 Бк.
Лицензия
рұқсат қағаз, арыз берушіге үйлестіруші ұйым тарапынан атом стансасы немесе басқа да ядролық қондырғыға қатысты белгілі бір жұмыстарды атқару - алаң таңдау, жобалау, құру, қолданысқа енгізу, пайдалану және пайдаланудан шығару үшін беріледі.
МАГАТЭ
атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік. 1957 жылы құрылған, штаб-пәтері Венада.
МАГАТЭ кепілдіктері
ядролық қаруды таратпаудың халықаралық саясаты аясында белгіленген ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалануға қолданылатын тексеру жүйесі, оны жүзеге асыру Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке (МАГАТЭ) жүктелген.
Мегаватт
қуаттың өлшем бірлігі, 106 ваттқа тең. МВт(э) генератордың электрлік қуатына, ал МВт(т) – реактордың немесе жылу көзінің (мысалы, реактордың өзінің толық жылу қуаты әдетте электрлік қуаттан үш есеге көп) жылу қуатына жатады.
Микро
қайсыбір бірліктіңмиллионнан бір үлесі (мысалы, 1 микрозиверт 10-6 зивертке тең).
МОКС-отын
аралас тотықты ядролық отын (әдетте уран мен плутоний негіздегі отын) .
Нейтрон
зарядталмаған қарапайым бөлшек, сутегінен басқа кез келген атомның ядросында кездеседі. Түрлі жылдамдықпен қозғалатын дара қозғалмалы нейтрондар бөлшектеу реакциясы нәтижесінде пайда болады.
Нуклид
атом массасы және атом (реттік) нөмірімен сипатталатын ядродағы протондар мен нейтрондардың белгілі бір саны бар атом түрі.
Отынды қайта жүктеу
істен шыққан отынды алмастыру бойынша түсіретін-қайта жүктейтін машиналар атқаратын операциялар
Пайдалану
АС салынған мақсатқа қауіпсіз жағдайда қол жеткізуге бағытталған барлық қызмет. Ол қуатпен жұмыс істеуді, іске қосуды, тоқтатуды, сынақтан өткізуді, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді және отынды түсіруді, қайта жүктеуді, пайдалану кезінде инспекциялауды, соған қатысты басқа да жұмыстарды қамтиды.
Пайдаланушы ұйым
мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған ұйымы тарапынан тағайындалған, өз күшімен немесе басқа кәсіпорындарды қатыстыра отырып ядролық қондырғының өмірлік маңызы бар барлық циклды кезеңдеріндегі – АС үшін алаң таңдау, жобалау, құрылыс, қолданысқа енгізу, пайдалану және қолданыстан шығару қызметін атқаратын және осы қызметті атқаруға мемлекеттік бақылау және қабағалау ұйымдарының рұқсаты бар ұйым.
Парникті әсер
кей газдардың (көмірқышқыл газы, метан, хлорфторкөміртегі т.б.) ауада жиналып қалуының өсуіне шарттасқан әсер. Газдардың көп шоғырлануы Жер бетіндегі ұзын толқынды жылу сәулеленуін жұтады, соның нәтижесінде ауаның төменгі қабаты қызып, кең ауқымда Жер температурасы көтеріледі.
Плутоний
атомдық салмағы 239, жартылай ыдырау кезеңі 24,4 мың жыл болған ядролық материал, жасанды түрде уран-238 изотобын нейтрондармен сәулелендіру арқылы алынады. Отын ретінде ядролық энергетикада қызығушылық тудырушы бөлінетін негізгі үш нуклидтың бірі. Реактордың жұмысы барысында сәулеленген ядролық отында жинақталып, бертін келе химиялық қайта өңдеу әдісімен бөліп алуға болады.
Позитрон
электронның массасына тең, бірақ оң зарядталған электр массалы электронның антибөлшектері.
Протон
заряды 1,61·10-19 Кл және салмағы 1,66·10-27 кг. тұрақты оң зарядталған қарапайым бөлшек. Протон сутегі (протий) атомы «жеңіл» изотобының ядросын құрайды. Ядродағы протондар саны ядро заряды мен сол элементтің атомдық нөмірін анықтайды.
Радиация
энергияның электоромагнитті толқын немесе бөлшектер көмегімен бөлінуі және таралуы.
Радиоактивті ыдырау
ядролардың өздігінен өзгеруі, оның барысында бөлшектер немесе гамма-сәулеленулер ажыралады немесе электромагниті сәулелену бөлініп шығады немесе ядролардың өздігінен бөлінісі байқалады.
Радиоактивті қалдықтар қорымы
нысан, қатты немесе қатайған радиоактивті қалдықтарды көмуге арналған.
Радиоактивті қалдықтарды көму
радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларына немесе қалдықтарды алу және радиоактивті заттарды қоршаған ортаға шығару мүмкін болмайтын қайсыбір орындарға қауіпсіз орналастыру.
Радиоактивті қалдықтарды сақтау
радиоактивті қалдықтарды бақылау және кейінірек қайта өңдеу, тасымалдау және/немесе көму үшін алу мүмкіндігін көздейтін, қауіпсіз ажырату үшін жобаланған арнайы қоймаларға орналастыру.
Радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу
радиоактивті қалдықтарды тасымалдауға, сақтауға және көмуге қолайлы формаға енгізу үшін олардың физика-химиялық қасиеттерін немесе агрегатты жағдайын өзгертуге бағытталған технологиялық операциялар.
Радиоактивті қалдықтарды қатайту
сұйық радиоактивті қалдықтарды құрғақ қатты затқа айналдыру және қатты фазада радионуклидтерді бекіту мақсатында өңдеу
Радиоактивті қалдықтармен мәміле
радиоактивті қалдықтарды өңдеу, кондиционерлеу, тасымалдау, сақтау және көмуге қатысты барлық қызметті біріктіретін жалпылама термин.
Радиоактивтілік
бөлшектер шығару және электромагнитті сәулелену қатар жүретін кейбір химиялық элементтердің атом ядроларының өздігінен ыдырауы. Радиоактивтілік адамзаттың санасына шамамен небәрі 100 жыл бұрын енген. 1896 жылы А.Беккерель уранның фотопластинкаға жарық түсіре сәулеленуін, бірақ ол рентген сәулесі емесін анықтаған. Сонан кейін кей заттардың зарядталған альфа, бета және нейтральды гамма бөлшектер ағынын шығаратыны мәлім болды. Көптеген ғалымдардың күшімен альфа-бөлшектің гелий ядросы, бета-бөлшектің электрондар мен позитрондар екені, ал гамма-бөлшектердің электромагнитті кванттар екені анықталды. Сол сияқты кей заттардың, мысалы радийдің өте қарқынды радиация көзі екені белгілі болды.
Радиометр
аспап, қуат көзіндегі немесе үлгі-нұсқадағы (сұйықтық, газ, аэрозоль көлеміндегі, ластанған беткейдегі) радионуклидтың белсенділігін, иондаушы сәулелену ағысының тығыздығын өлшеуге арналған.
Радионуклид
радиоактивтілікке ие нуклид (сол химиялық элементтің радиоактивті изотобы).
Радон
ауыр радиоактивті газ, құрамында радий (немесе торий) бар тау жыныстары бөліп шығарады. Rn-222 - негізгі изотоп. Радон Жердегі табиғи радиациялық фонға барынша (шамамен жартысындай) үлес қосады.
РАҚ («радиоактивті қалдықтар» сөзінің қысқарған нұсқасы)
қосалқы сұйық, қатты және радиоактивті материалдар, ядролық отын циклының барлық кезеңінде көрініс береді және өзінен иондаушы сәулелену бөліп шығарады, соған жараса мәмілені қажетсінеді. Радиоактивті қалдықтардың басты категориялары: белсенділігі өте төмен қалдықтар, белсенділігі төмен қалдықтар, белсенділігі орташа қалдықтар және белсенділігі жоғары қалдықтар.
Реактордың қорғаныс қабығы
тіпті апат кезінде де радиоактивті заттардың мүмкін болмаған мөлшерде ядролық реактордан қоршаған ортаға төгілуінің алдын алуды қарастыратын техникалық құрал.
Реакторлардың жылу тасығыштары
белсенді аймақты қуалай жүретін және жылубөлгіш элементтерден жылуды алуға арналған арнайы орта (реактордың типіне байланысты – су (кәдімгі немесе ауыр), газ (С02, гелий), сұйық металл (натрий, қорғасын немесе қорғасынның висмутпен қорытпасы)). Жылутасымалдағыш сақтаған жылу энергиясы бу алу, оны турбинаға беру, жылыту мен ыстық сумен жабдықтау үшін немесе басқа да технологиялық мақсатта қолданылады,
Реакторлық қондырғы
атом стансасының жүйелер және элементтер кешені, ядролық энергияны жылу энергиясына айналдыруға арналған бұл кешен реакторды және оның қалыпты жұмыс істеуіне, апатты салқындатуға, апатты қорғанысқа және стансаның басқа жүйелерінің тиісті қосалқы және қамтамасыз етуші қызметтері орындалғада қауіпсіз жағдайда ұстап тұруға қажетті және оған тікелей қатысты жүйелерді қамтиды.
Реакторлық қондырғының (РҚ) ішкі қорғанысы
Ядролық реактордың түрлі апатты жағдайларда өзін-өзі өшіруін және салқындатуын қамтамасыз ететін қасиеттері.
Резервтеу
элементтер мен жүйелер санын ең төмен қажеттегіден көп пайдалану, сонда олардың кез келгені істен шықса да, бұл барлық тұтастың қажетті қызметін жоғалтуға әкеп соқтырмайды.
Рентген
рентген және гамма-сәулеленудің құрғақ атмосфера ауасына иондаушы әсері бойынша анықталатын экспозициялық дозасын өлшейтін жүйеден тыс өлшем бірлігі.
1Р=2,58·10-4 Кл/кг
Рентгендік сәулелену (X- сәулелену)
қысқа толқынды электромагнитті иондаушы сәулелену, зарядталған бөлшектерді жылдамдатқанда (баяулатқанда) туындайтын толқын ұзындығы 10-7 -ден 10-12 м. дейін.
Санитарлық-қорғаныс аймағы
иондаушы сәулелену көзі төңірегіндегі аумақ. Сәулелену көзінің қалыпты жұмыс істеуі жағдайында адамдардың сәулелену деңгейі тұрғындардың сәулелену дозасының белгіленген шегінен асуы мүмкін.
Сары кек
аммоний диуранаты – уран тотығы-шала тотығы (U3O8) өндірісі бойынша өндірістік тізбектегі соңғысының алдындағы буын.
Сақтау орны
радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз сақтау немесе көму үшін арнайы әзірленген алаң немесе қондырғы.
Су-сулы энергетикалық реактор (ССЭР)
қорапты энергетикалық реактор, мұнда қысымдағы қайнамаған су жылутасымалдағыш және баяулатқыш ретінде қызмет етеді.
Суөтпес
тау жынысының су өткізбейтін қабаты.
Сыни көлем
отынның ең аз көлемі, мұнда белгілі бір құрылма және белсенді аймақ құрамында ядролық бөлінудің өзін-өзі қолдайтын тізбекті реакциясы өте алады.
Сәулелендіру
иондаушы сәулеленудің ортамен (соның ішінде – адам организмімен) әрекеттесу үдерісі.
Сәулелену гаммасы
иондаушы сәулеленудің түрі – радиоактивті ыдырау және ядролық реакция кезінде шығарылатын электромагнитті сәулелену, жарық жылдамдығымен тарайды және үлкен энергияға және ендей ену қасиетіне ие. Ауыр элементтермен, мысалы қорғасынмен өзара әрекеттескенде айтарлықтай әлсірейді. Ядролық реактордағы гамма сәулеленуді әлсірету үшін атом стансаларында бетоннан құйылған қалың қабатты қорғаныс экраны қолданылады.
Сәулелену өлшемі
радиациялық қауіпсіздікте – адамның бүкіл денесі және оның кейбір жеке органдарының сәулеленудің алыс салдары туындауының тәуекел шарасы ретінде радиосезімталдығын ескере отырып қолданылатын өлшем. Экспозиционды, сіңіруші және эквивалентті өлшемдер болып бөлінеді.
Табиғи сәулелену
сәулеленудің табиғи көздерімен шарттасқан сәулелену.
Табиғи уран
табиғаттағы уран, U-235 изотоп құрамы 0,7% шамасында, ауыр сулы реакторларда отын ретінде қолданылуы мүмкін, ол баяулатқыш қызметін атқарады.
Табиғи фон
иондаушы сәулелену, ол ғарыштық сәулелену және еркін бөлінген табиғи радионуклидтердің (Жердің үстіңгі қабатында, ауада, тамақ өнімдерінде, суда, адам организмінде т.б.) иондаушы сәулеленуінен тұрады.
ТАСИС
ТМД елдерінетехнологиялық көмек көрсету жөніндегі ЕуроОдақтың бағдарламасы, оның шеңберінде АЭС қауіпсіздігін арттыру бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылған және әлі де жүзеге асырылып келеді.
Термоядролық реактор
энергия алу мақсатында басқарылатын термоядролық синтез (химиялық күрделі қоспалар құрастырып алу) жүзеге асырылатын реактор.
Термоядролық синтез
жеңіл ядролардың жоғары температурада ауырлау ядролар түзіп және энергия бөле отырып өзара әрекеттесу (бірігу) үдерісі.
Торий (Тh)
атомдық нөмірі 90 және атомдық массасы барынша кең тараған және тұрақты изотобы 232 химиялық радиоактивті элемент (металл). Табиғатта небәрі сегіз, негізінен қысқа өмір сүретін торий изотоптары кездеседі. Торийдың табиғи қоры уран қорынан әлденеше есе көп.
Торий-232
атомдық массасы 235 табиғи торий изотобы. Табиғатта кең тараған жалғыз торрий изотобы, жартылай ыдырау кезеңі - 1,4·1010 жыл. Торий өздігінен бөлінетін материал емес, ядролық реактордағы сәулелену кезінде жай нейтрондарды сіңіріп, бөлістің тізбекті реакциясын жалғастыратын U-233 изотобын түзеді.
Трансмутация
пайда болған изотоптың радиоактивті ыдырауына апарып соқтырып, басқа химиялық элементтің пайда болуымен аяқталатын нейтрондардың басып алуын туындататын нейтронды бомбылау жолымен бір химиялық элемент атомдарының екінші бір элемент атомдарына айналуы.
Трансуранды элемент
реттік нөмірі урандікінен жоғары одан әрі ыдырайтын химиялық элементтің ядросы нейтрондарды басып алғанда зарядталған бөлшектерді шығарумен қатар жүретін жасанды жолмен пайда болған радиоактивті элемент. Атомдық нөмірі урандікінен жоғарырақ (92). Кең танымал трансурандық элементтер - нептуний, плутоний, америций және кюрий
Турбина
жұмыс денесінің (бу, газ, су) кинетикалық энергиясын механикалық жұмысқа айналдыратын жұмыс органы (қалақты роторлар) айнала қозғалатын бастапқы двигатель.
Тұйықталмаған ядролық отын циклы
ядролық отын циклы, істен шыққан ядролық отын реактордан түсірілгенімен қайтадан өңделмей, радиоактивті қалдық ретінде қарастырылады.
Тұйықталған ядролық отын циклы
қайтадан ядролық отын жасау мақсатында уран мен плутоний алу үшін істен шыққан отынды реактордан түсіріп, қайта өңдейтін ядролық отын циклы.
Тұрғындардың (радиациялық) қауіпсіздігі –
иондаушы сәулеленудің денсаулыққа зиянды әсерінен адамзаттың қазіргі және болашақтағы ұрпағының сақтану жағдайы.
Тәжірибелік реактор
сондай үлгідегі реакторларды немесе олардың құрамдас бөлігін жобалау және жасау үшін қажетті, реактордың физикалық және технологиялық деректерін алу мақсатындағы зерттеу нысаны ретінде қолдану көзделген ядролық реактор.
Төмен белсенділіктегі қалдықтар
радиоактивті қалдықтар, радионуклидтерінің құрамы төмендігі үшін олармен жұмыс істегенде арнайы қорғаныс қажет етілмейді. Әдетте жағып жіберіледі немесе көміледі.
Уран
атомдық нөмірі 92химиялық радиоактивті элемент (металл). Табиғи уран уран-238, уран-235 және уран-234 изотоптарының қоспасынан тұрады. Бұлардың алғашқы екеуі ядролық энергетикада нақты қолданысқа ие.
Уран гексафториды (UF6)
Уран мен фтордың химиялық қоспасы. Ол уранның жеңіл ұшатын жалғыз қоспасы саналады (56Со-қа дейін қыздырғанда уран гексафториды қатты күйінен тікелей газ тәрізді нәрсеге айналады). Уран байытуда бастапқы материал ретінде қолданылады.
Уран диоксиды (U02)
уранның кислородпен химиялық қоспасы, ядролық отынның негізі.
Уран концентраты
уран кенін гидрометаллургиялық қайта өңдеу кезінде алынатын өнім, оксид қоспасы түріндегі уран массасы бойынша 70-90% құрайды, жалпы химиялық формуласы U3O8.
Уран тотығы-шала тотығы (U3O8)
уран гексафторидын (UF6) алу және одан әрі АЭС отынын өндіру үшін бастапқы материал болып табылады.
Уран-233
нейтронды басып алғаннан кейінгі торий-232 трансмутациясы нәтижесінде алынған
уранның жасанды изотобы, жартылай ыдырау кезеңі 1,6•105 жыл. Бөлінетін нуклидтер қатарына жатады.
Уран-235
атомдық массасы 235 уранның табиғи изотобы, жартылай ыдырау кезеңі 7,1•108 жыл. Бөлінетін материалдар қатарында, табиғатта кездеседі.
Уран-238
атомдық салмағы 238 табиғи уран изотобы, жартылай ыдырау кезеңі 4,5•109 жыл. Плутоний-239 алу үшін ұдайы өндіруші ретінде қолдануға болады.
Физикалық іске қосу
АС іске қосудың кезеңі, ол реакторға ядролық отын жүктеуді, реактордың сын жағдайына жетуін және табиғи жылужоғалту (шашырау) есебінен жүзеге асатын реактордан жылубұру жағдайындағы қуат деңгейінде қажетті физикалық сынақтарды атқаруды қамтиды.
Фондық сәулелену
сәулеленудің табиғи көздеріне негізделген табиғи иондаушы сәулелену.
Циркаллой
Цирконий мен қалайының қоспасы, ядролық техникадағы құрылмалы материал, ядролық отынды (ЖБЭЛ) құбырлар жасауда материал ретінде пайдаланылады.
Шаймалау
қатты денедегі бір немесе бірнеше компонентті реагенттер ерітіндісі көмегімен сұйықтыққа айналдыратын химиялық үдеріс.
Шахталық әдіс
Түрлі кендерді, соның ішінде уран кенін өндірудің дәстүрлі жерастылық әдісі.
Шағылдырғыш
реактордағы нейтрондардың ағып кетуін кемітуге арналып айрықша материалдан жасалған экран.
Ыдырау өнімдері
тұрақсыз ядроның радиоактивті ыдырауы үдерісінен алынатын тұрақты немесе радиоактивті атом ядросы.
Экологиялық қауіпсіздік
қалыпты жұмыс және апат жағдайында атом стансаларының зиянды ықпалынан қоршаған ортаның қажетті және жеткілікті қорғалуы.
Электрон
теріс зарядталған атом бөлшегі.
Энергетикалық іске қосу
АС қолданысқа енгізудің бір кезеңі, бұл кезеңде АС жобаға сәйкес энергия өндіре бастайды, қуатты арттыруды және өнеркәсіптік пайдалану үшін белгіленген қуат деңгейіне дейінгі қуаттағы АС жұмысын тексеруді жүзеге асырады.
Энергоблок
қажетті қосымша құрал-жабдықтарға ие АЭС-ның бір реакторы.
Ядролық апат
қауіпсіз пайдаланудың белгіленген шегінен артып кететіндей және/немесе қызметкерлердің рұқсат етілген шектен асып кететіндей дәрежеде, мысалы:
- реактордың белсенді аймағындағы бөлінудің тізбекті ядролық реакциясын басқарудың және бақылаудың бұзылуынан;
- ЖБЭЛ-терді қайта жүктеу, тасымалдау және сақтау кезіндегі сыншылдықтың пайда болуынан;
- ЖБЭЛ-терден жылубұрудың бұзылуынан және басқа да себептерге қатысты ЖБЭЛ-дің зақымдануына байланысты туындаған апат.
Ядролық отын
ядролық реакторлардың отыны әдетте не табиғи уран – құрамындағы уран-235 концентрациясы 0,7 % құрайды, не байытылған уран – құрамындағы уран-235 изотоптары концентрациясы 2,3,4 немесе одан артық пайызды құрайды – болып табылады. Реакторлардың кәдімгі отыны UO2 уран шалатотығы формасына ие, таблетка түрінде пісірілген диаметрі 9-10 мм. уран шалатотығы, цирконий қорытпасынан (ЖБЭЛ) жасалған цилиндрлі қорғаныс қабығына салынған.
Ядролық отын циклы (ЯОЦ)
ядролық отын циклы мақсаты ядролық энергетикалық реакторларда энергия өндіруді қамтамасыз ету болып табылатын бірқатар өнеркәсіптік үдерістерден тұрады. ЯОЦ: уран өндіру мен қайта өңдеуді, U-235 уран изотобын байытуды, ядролық отын әзірлеуді, отын элементтері мен құрамаларын дайындауды, жанып болған отынды қайта өңдеуді, радиоактивтиі қалдықтарды көмуді қамтиды.
Ядролық отын циклының қорытындылаушы бөлігі
жүк тасымалдау, сақтау, істен шыққан ядролық отынды қайта өңдеу, радиоактивті қалдықтармен айналысу және оларды көмуді қамтитын қызмет.
Ядролық отын өндірісі
реакторларға арналған отын құрамаларының өндірісі.Отын таблеткалары цирконий қорытпасынан (цирколий) жасалған түтікке салынып, жылубөлгіш элементтер (ЖБЭЛ) деп аталатын отын өзегін алады. Олар АЭС-те қолдануға дайын аяқталған жылубөлгіш құрамаларда (ЖБҚ) шамамен 200 данадан біріктіріледі.
Ядролық реактор
бақыланатын ядролардың бөліну тізбекті реакциясы жүзеге асатын техникалық қондырғы, реакция кезінде ядролық энергия босап, ізінше ол жылу энергиясына айналдырылады. Ядролық реактор қорғаныс қорабында орналасқан белсенді аймақтан және шағылдырғыштан тұрады. Белсенді аймақ қорғаныс қабатында отын композициясы түріндегі ядролық отынды және баяулатқышты құрайды. Отын элементтері әдетте нәзік өзектер түрінде болады. Олар шоғырға жинақталып, қапшықтарға салынған. Отын элементтері бойымен жылутасымалдағыш қозғалады, ол ядролық айналудың жылуын қабылдап, жылу энергиясын одан әрі бугенераторы мен жылуалмасқышқа береді.
Ядролық реактор қорабы
герметикалық жабық резервуар, онда белсенді аймақты және басқа да құрылғыларды орналастыруға, сондай-ақ жылутасымалдағыш ағынымен ядролық отынды қауіпсіз салқындатуды ұйымдастыруға арналған.
Ядролық тізбекті реакция
әрқайсысы бұған дейінгі қадамдағы реакцияның өнімі ретінде пайда болған бөлшектерді туындататын жеке ядролық реакциялардың жүйелілігі. Ауыр элементтердің бөліну тізбекті реакциясы ядролық тізбекті реакцияға мысал бола алады. Мұндағы бөліністің негізгі акт сандары өткен буындағы ядролардың бөлінісі кезінде алынған нейтрондардың ынталылығына байланысты. Реакцияның орта есебіне қарай реакция өшіп бара жатқан, өзін-өзі қолдаушы немесе өсіп бара жатқан болып аталады.
Ядролық тазалық графиты
негізінен нейтронды сіңіретін заттары алып тасталған графит.
Ядролық қауіпсіздік
реакторлық қондырғы мен атом стансасының туындауы мүмкін ядролық апаттың алдын алудың айқын ықтималдығына ие қасиеті.
Ғарыштық сәулелену
фонды иондаушы сәулелену, ол ғарыш кеңістігінен түсетін бастапқы сәулеленуден және сол сәулеленудің атмосферамен өзара әрекеттесуі нәтижесінде туындайтын қайталама сәулеленуден тұрады.
Қайнап тұрған судағы реактор
жеңілсулы реактор, мұндағы су (жылутасымалдағыш) белсенді аймақта қайнаған деңгейге жеткізіліп, пайда болған бу тікелей турбинаға (бір контурлы сызба) бағытталады. Батыс елдерінде реактордың бұл түрін ВWR деп белгілеген.
Қайталама ядролық отын
қайталама ядролық отынға нейтрондарды сіңіру кезінде ядролық реакторда уран-238 және торий-232-ден тиісінше қалыптасатын плутоний-239 және уран-233 жатады. Қайталама ядролық отын ядролық отынның перспективалық көзі саналады.
Қайтаөндірілген уран
ядролық отынды қайта қолдану (отынды қайтаөңдеу) үшін радиохимиялық қайта өңдеу барысында істен шыққан ядролық отыннан бөлінген уран.
Қауіпсіз қолданыстың шарттары
саны, сипаттамасы, жұмысқа қабілеттілік жағдайы және қауіпсіздік үшін маңызды жүйелерге (элементтерге) техникалық қызмет көрсетудің шарттары бойынша жобада белгіленген ең аз шарттар, осылар арқылы қауіпсіз қолданудың шегі және/немесе қауіпсіздіктің шегі қамтамасыз етіледі.
Қауіпсіздік жүйелері (элементтері)
қауіпсіздік қызметін атқаруға арналған жүйелер (элементтер). Қауіпсіздік жүйелері (элементтері) атқаратын қызметтерінің сипатына қарай қорғайтын, таратпайын, қамтамасыз ететін және басқаратын болып бөлінеді.
Қауіпсіздік межелері
мемлекеттік қадағалау және бақылау ұйымдары және/немесе нормативті-техникалық құжаттармен белгіленген апат салдарларының параметрлері мен/немесе сипаттамаларының маңызы, оны сақтағанда АС қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Қауіпсіздік мәдениеті
барлық адамдардың білікті және психологиялық дайындығы, мұнда ядролық отын циклы нысанының қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсатқа және ішкі қажеттілікке айналып, ол қауіпсіздікке әсер етуші барлық жұмыстарды атқаруда жауапкершілік және өзін-өзі бақылай білу санасезімінің артуына жеткізеді.
Қауіпсіздік мөлшерлері
қызметкерлердің, тұрғындардың, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік қағидалар.
Қауіпсіздікті пассив жүйелері
қауіпсіздік жүйелері, олардың жұмыс істеуі тек сол жұмысты туындатқан оқиғамен ғана байланысты, басқа белсенді қондырғының (мысалы, қуат көзінің) жұмысына тәуелді емес.
Қауіпсіздікті шектеу жүйесі (элементтері)
технологиялық жүйелер (элементтер), олар апат кезінде төгілетін радиоактивті заттар мен иондаушы сәулеленудің жобада қарастырылған шектің сыртына таралуын шектеуге немесе болдырмауға арналған. Қауіпсіздіктің таратпау жүйелері қалыпты қолданыс және жобалық апаттар кезінде тапсырылған міндеттерді орындауға, сондай-ақ жобадан тыс апаттар бола қалғанда радиациялық әсерді шектеуге міндетті.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйелер (элементтер)
технологиялық жүйелер (элементтер), қауіпсіздік жүйесін энергиямен, жұмыс ортасымен және олардың жұмыс істеуіне жағдай жасауды қамтамасыз етуге арналған.
Қауіпсіздіктің басқару жүйелері (элементтері)
қауіпсіздік жүйесінің қызметін бастауына белгі беретін жүйелер (элементтер), белгіленген қызметтерді атқару барысында олардың бақылау мен басқаруды жүзеге асыруы.
Қауіпсіздіктің қорғаныс жүйелері (элементтері)
радиоактивті өнімдері бар ядролық отынның, жылубөлуші элементтердің, құрал-жабдықтар мен құбырөткізгіштердің зақымдануының алдын алуға немесе шектеуге арналған технологиялық жүйелер (элементтер).
Қолданыстан шығару
ядролық отынды алып тастау, құрал-жабдықты, ғимаратты дезактивация және демонтаждау және қызметкерлер мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты атом стансасы немесе басқа ядролық қондырғыны түпкілікті қолданыстан шығару бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын жоспарлы үдеріс. АС қадағалаушы органдар тарапынан бақылауды қажет етпейтіндей экологиялық қауіпсіз күйге ауыстырылады.
Қолданысқа енгізу
үдеріс, бұл үдеріс кезінде АС жүйесі мен құрал-жабдықтар жұмыс істей бастайды және атом стансасын өнеркәсіптік пайдалануға тапсырумен аяқталатын іске қосу алдындағы жөндеу жұмыстарын, физикалық және энергетикалық қосуды қамтитын олардың жобаға сәйкестігі тексеріледі.
Қоршаған ортаны қорғау қағидалары
ортаның сапасын міндетті түрде қалпына келтіруді, яғни аумақты дезактивациялау, егіндік жерді рекультивациялау, суқоймаларындағы суды тазартуды көздеуі керек.
Қысымдағы су реакторы
жеңілсулы реактор, мұндағы су оның қайнауын болдырмайтын және сонымен қатар жылутасымалдағыштың жоғары температурасын (300°С-тен астам) қамтамасыз ететін қысымда болады. Реактордың белсенді аймағында өндірілетін жылу энергиясы жылубөлгіш элементтерден бірінші контурдың жылутасымалдағышына (судағы) беріледі. Жылутасымалдағыш жылуалмастырғыштарға (бугенераторлары) түсіп, сол жерде энергияны екінші контур суына өткізеді. Екінші контурда пайда болған бу турбогенераторды қозғалысқа келтіреді. Батыс елдерінде реактордың бұл түрін PWR деп белгілеген. Ресейде қолданылатын су-сулы энергетикалық реакторлары (ВВЭР) қысымдағы су реакторлары түріне жатады.
Үйлестіруші өзектер
Реактор отынының ядролары бөлінетін тізбекті реакцияға ықпал ететін қозғалмалы тармақ. Үйлестіруші өзектер нейтрондарды сіңіргіш материалдардан жасалады.
ҮҚАР («үлкен қуаттағы арналы реактор» сөзінің қысқарған нұсқасы)
бір контурлы энергетикалық реактордың түрі, мұндағы жылутасымалдағыш қызметін су, ал баяулатқыш қызметін графит атқарады.
Өнеркәсіптік қолданыс
белгіленген тәртіпте АС пайдалануға беру кезеңінде сынақтармен бекітілген жобаға және қауіпсіздікке сәйкес қабылданған АС-ты пайдалану.
