Қазақстан мен МАГАТЭ төмен активті уран орналастыру мәселесін бірлесіп талқылайды

12.10.2011

"Қазақпарат"

Қазақстан мен МАГАТЭ төмен активті уран орналастыру мәселесін бірлесіп талқылайды. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Ядросыз әлем үшін» халықаралық форумы аясында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында МАГАТЭ-нің Бас директоры Юкия Амано мәлім етті.
 
«Қазақстан мен МАГАТЭ өте жақсы қарым-қатынаста. Біз бірлесіп төмен активті уран мәселесі бойынша қарым-қатынас орнатуды талқылаймыз, Қазақстанда қажетті қуаттылық құрамыз», - деді ол.
 
Сонымен қатар МАГАТЭ төмен байытылған уранды қабылдайтын елдің қандай болуы керектігін де елімізбен бірлесіп айқындайтындығын баса айтқан Ю.Амано: «Біз сол елмен келісімшарт жасасып, төмен байытылған уранды сатып алып, сақтауымыз қажет. Бұл - жылдам үдеріс емес. Екі-үш ай қажет етіледі. МАГАТЭ алғаш рет төмен байтылған уран банкін құруда және біз бұл жұмысты тыңғылықты атқаруымыз керек», - деді.


жаңалықтарға оралу