Қазақстан үшін ядролық энергетика болашақтағы инновациялық кластердің бірі болып қала береді - Елбасы Н. Назарбаев

12.10.2011

"Қазақпарат"
 
Қазақстан үшін ядролық энергетика болашақтағы инновациялық кластердің бірі болып қала береді.
 
Бүгін елордада өтіп жатқан «Ядролық қарусыз әлем үшін» форумында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
 
«Ядролық қарусыз әлем - утопия емес. Бұл жер шарының айтарлықтай аумағында нақты орын алып отырған құбылыс. Оңтүстік және Орталық Америкада, Австралияда, Африкада, Оңтүстік Шығыс және Орталық Азияда қалыптасқан ядролық қарудан азат аймақтардың өзі нақты түрде жер шарының тең жарымынан асады. Бүгінгі күні осыған қатысушыларға барлық ядролық мемлекеттер тарапынан халықаралық құқықтық кепілдердің тиімді тетіктері қажет», - деді Елбасы Н. Назарбаев.
 
Бұл ретте Мемлекет басшысы әскери атомның зұлымдығы жаһандық ядролық энергетиканың перспективаларын бағалап, көруді тұншықтырғанын айтты. «Фактінің аты - факті. Жер шарында көмірқышқыл қорлары таусылуда. Жаңғыртылатын энергия көздерінде перспектива бар, алайда ғаламдық экономиканың қарқынды өсіміне бұлар жауап бере алмайды. Сондықтан да, бүгінгі күні адамзат үшін атом энергиясындай қуатты әрі қолжетімді қор жоқ. Бүгінгі күні шамамен 40-қа жуық ел бейбіт атом саласында зерттеулер жүргізуде. 15 мемлекет атом-электр стансасын салып жатыр немесе жоспарлауда. Оның ішінде Қазақстан да бар. Бұл ретте біз үшін ядролық энергетика болашақтағы инновациялық кластердің бірі болып қала береді», - деді Н. Назарбаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстан әлемдегі уранның төрттен біріне ие. Ядролық энергетиканың қуатты әлеуеті мен инфрақұрылымы бар. «Халықаралық талаптардың міндеттерін қатаң сақтай отырып, біз бейбіт атомның барлық нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз еттік», - деді Мемлекет басшысы.


жаңалықтарға оралу