Уран өндірісіндегі соны серпін
27.10.2011Cыр бойы
Ел Үкіметінің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша қарқынды салынып жатқан Жаңақорған ауданындағы күкірт қышқылы зауытының құрылысы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерейтойы қарсаңында пайдалануға берілетін болады.
Зауыттың жылдық қуаттылығы 500 мың тонна болса, оның жоба құнына 216 млн. АҚШ доллары жұмсалады. Халықаралық маңызы бар бұл жобаның іске асырылуына Жапонияның Marubenі және ТEPCO, TOSHІBA, Канаданың UranіumОnе корпорациялары үлес қосып келеді. Ал жабдықтар мен технология желісіне Италияның Desmet Ballestra компаниясының озық үлгілері іске асырылады деп күтілуде. Аталған нақты жұмыстар нәтижесіне көз жүгірте отырып, зауыт құрылысы өзінің белгіленген мерзімінде, яғни, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Уран өндіруде көшбасшылыққа шыққан Қазақстан зауытты іске қосу арқылы Сыр өңірінде атом отын шикізатын өндіруге жаңа серпін береді. Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы табиғи уран өндіретін кеніштерді күкірт қышқылымен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тың жұмыс көзін ашу негізінде оған жергілікті тұрғындарды тарту, жаңа технологиямен жұмыс жасай алатын мамандарды дайындау мәселесі біршама оң шешімін табуы тиіс.
Нақты кезеңде бұл өңірге тосындау өндіріс ошағының құрылысы барынша қарқынды жүргізіліп келеді. Бас мердігер ЗСМК ЖШС болса, энергетикалық жабдықтарды талай сыннан өткен Францияның «General Electrіc» компаниясымен бірлесе отырып, «Союзкомплект» ЖШС жеткізеді. Мұнда нақты кезеңде жалпы саны 800 ден астам түрлі саланың жұмысшы- қызметкерлері уақытпен санаспай еңбек етуде.
Сөз басында өзіміз айтып кеткендей, шығарылған өндірістік өнімнің басты тиімділігі - Оңтүстік аудандардағы «Байкен-U» және «Қызылқұм» ЖШС-лерін және Қарамұрын жотасынан уран өндіретін «Қазатомөнеркәсібінің» №6 кен басқармаларын қажетті сілті қышқылымен қамтамасыз ету. Яғни, уран өндіру барысында артық шығын азайтылып, еңбек өнімділігі бұрынғысынан еселене түседі. Бұл экономикалық өсімге жол ашатын бірден-бір қадам. Сонымен бірге шеткі аймақ тұрғындарын жұмыспен қамтудың да бірнеше мәселелері шешіледі деп күтілуде.
Зауыт толық іске кіріскен кезде мұнда білікті мамандармен қатар көптеген жергілікті тұрғындар еңбек ететін болады. Осы шаруаның игілігі үшін зауыт басшылығы жергілікті жастардан өндіріске аса қажет мамандарды өз қаржысы есебінен оқытып, маман кадр дайындауға да ықыласты болып отырғандығын атап өткіміз келеді. Жамағатты жұмыс орнымен қамтамасыз етумен бірге аталмыш кәсіпорын Жаңақорған ауданына арзан электр қуатын беретін болады.
Болашақ зауыттың құрылысы құрамында Францияның «General Eleсtrіс» фирмасының турбогенератор қондырғысы орналастырылады.
Болашақ зауыт күкірт қышқылынан өзге ауылшаруашылығына қажетті минералды тыңайтқыштарды өндіретіні де маңызды факторлардың бірі. Сонымен қатар Францияның «General Electrіc» компаниясының трубогенераторы арқылы 18 мВт-тық электр қуаты өндіріледі. Оның 8 мВт энергиясы кәсіпорын мақсатына жұмсалатын болса, қалғанының барлығы аудан халқының игілігіне берілетін болады. Демек, электр қуатын пайдалануда іркіліс болмайды. Кәсіпорын басшыларының айтуынша, зауыт өндірісіне су молынан пайдаланылады. Сондықтан оның маңында өнеркәсіптік суларды тазалайтын, қазандықтың айналмалы жүйесін сақтайтын станса орналастыру жобасы жүзеге асырылады. Сол арқылы тұрмыстық суларды тазалап, аяқ су мақсатында егіншілікке пайдалануға мүмкіншілік туатын көрінеді. Зауыт құрылысы іргесінде орын тепкен байырғы Айнакөлдің табаны осы мақсат үшін су сақтайтын қоймаға айналады.
«СКЗ-U» ЖШС-нің бас директоры Мәдихан Бекжанов аталмыш өндіріс орнында негізінен жергілікті халықты жұмыспен қамту мәселесінің алға шығарылатындығын айта келе, жастарды маман дайындайтын жоғары оқу орындарына жолдама арқылы жіберу көзделіп отырғанын айтты. Тұрғындарды үйрету, олардың кәсіби шеберліктерін қалыптастыруға қаржы қарастырылып, бұл үрдіс тұрақты түрде жүргізілетін болады. Тәжірибе алмасу ретінде мамандарды шетелдік компанияларға іс- сапарға жіберіп отыру да қарастырылады. Әлеуметтік салада да қамқорлық аясы кеңейеді. Қазір басқару офисі салынып бітсе, таяу күндері қызметтік үйлердің құрылысы басталмақшы. Қысқасы, Жаңақорғандағы жаңа зауыт сан- салалы болуымен бірге, өрелі өрістерге жол ашуы тиіс.
Қазір барлық құрылыс жұмыстары тиянақты аяқталып, жоба бойынша құрылыс алаңына өндіріс орнының негізгі қуат-күші - техникалық құрал- жабдықтар орнатылуда. Бұл жұмыстардың сәтті жүруі үшін барынша мұқияттылық пен біліктілік, мол тәжірибе қажет. Бұл орайда зауыт басшылығы ысылған білгір мамандардың көмегіне жүгінуде. Оның сапалы жүргізілуі үшін шетелдік білікті мамандар да шақырылды. Турбиналық құбырлар толық құрастырылып бітсе, сілті қышқылы тасымалданатын технологиялар барынша ұқыптылықпен орналастырылуда. Болашақ зауыт жұмысының маңыздылығына мән берген шетелдік бақылаушылар мұнда жиі болып, атқарылған шаруаларды тексеріп тұрады.
Уақыт тығыз, ал әрбір істі сапалы атқару ертеңгі нәтижелі жұмыстың кепілі болып табылады.