«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 10 жылдық қызметі жайлы ақпарат
14.07.20072007 жылдың 14-шілдесі, сенбі күні «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы уақыт ішінде толық құлдырау кезеңіндегі компания барлық қиыншылықтарды бастан өткеріп, жаңа технологиялық және ғылыми өндірістер құрып, қаржылай тұрақты және сенімді компанияға айналды. Басқарудың жаңа, жоғары стандарттарына қол жеткізіп, соның арқасында компанияның және жалпы еліміздің мәртебесін арттырды.
Құрылу кезіндегі проблемалар:
1997 жылдың шілдесі, «Қазатомөнеркәсіптің» құрылу кезінде, Компания құрамына кіретін кәсіпорындар күрделі қаржылық және экономикалық жағдайда болатын. 1998 жыл аяғында туындаған басты проблемалар: өткізудің дәстүрлі нарығын жоғалту, соның салдарынан, өнім өндірісі ауқымының күрт төмендеуі; ол, өз алдына, өндірістің өзіндік құнынының екі есе артуына әкелді; негізгі өндірістік қорлар азып-тозды; жарты жыл бойы айлық ақы берілмей, кәсіпорынның жұмысшыларға берешегі 898 млн. ($ 11,9 млн.) теңгеге жетті, банк пен шет-елдік компанияларға қарыз 44 млн доллардан асып, банк несиесі 29 % үстемақымен және барлық мүлікті кепілдікке алу арқылы кіріптарлық шарттар бойынша берілді. Бюджет пен бюджеттік емес қорларға берешек 3 млрд. теңгеден асып түсті.
Демпинге қарсы процесстерге байланысты, отандық уранды АҚШ-қа сатуға тыйым салынған, ал Еуропада квоталық жүйе болатын. Ресейдің ядролы реакторларға арналған таблеткаларға тапсырысы рубльдің күрт құлдырауына байланысты қысқара бастады. Өйткені, «Қазатомөнеркәсіп» қызметі доллармен бағаланатын және ол ресейлік кәсіпорындардың осы тектес қызметінен үш есе қымбатқа айналды. Соның өзінде, тапсырыс мөлшерінің тек 25 пайызы ақшалай төленіп, қалғаны номиналдың тек үштен бірін құрайтын вексельдермен төленді. Бериллий және тантал өндірісі жоқтың қасында. Жоғары білікті мамандар басқа салаларға бет бұрып кетті.
Шешім жолдары:
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК басшылығы дағдарысқа қарсы бағдарлама жасап шығарды. Оның басты басымдылығы - өндірістік қуаттылықтарды барынша жүктеп, өндіріс мөлшерін арттыру. Ол шартты тұрақты шығындар арқылы үнемділікке жылдам қол жеткізіп, шығынды түбегейлі қысқартудың жалғыз оң жолы болатын. Өндіріс ауқымын қалпына келтіумен қатар, ішкі шаруашылық-есеп, желілік кестелер бойынша жұмыс, сатып алудың тендерлік механизм жүйесі енгізілді. Сондай-ақ, бағдарламада өнім сапасын арттыру, жоғалған байланыстарды қайта орнату, өткізу нарығын кеңейту, жаңа технологиялар енгізу, өндірістік учаскелерді мамандандыру, істен шыққан өндірістік қорларды жаңғырту, айлық-ақы төлеу жүйесін түбегейлі өзгерту, жұмысшыларды бастамалар мен ресурс үнемділігі үшін ынталандыру қарастырылды.
Соның нәтижесінде, үш жыл ішінде «Қазатомөнеркәсіп» уран өндірісі ауқымының әлемдік деңгейі бойынша 13-ші орыннан 6 орынға көтерілді. Еуроатом өкілдерімен келіссөздер барысында Еуропа нарығындағы қазақстандық уранға квотаны алып тастау керектігі дәлелденді. 1999 жылы Қазақстан АҚШ-тағы демпингке қарсы процессті жеңіп шықты. Сөйтіп, отандық уранның дүние-жүзілік нарыққа шығарылуындағы барлық кедергілер жойылды. Табиғи уран экспортының географиясы кеңейтілді.
Дәл сол жылы, дүние-жүзілік қаржылық дағдарыс кезеңінде, Компания немістің Westl банкінен алғашқы несиеге қол жеткізді. Ол Қазатомөнеркәсіптің несиелік портфелін қайта құрылымдауға мүмкіндік беріп, компания отандық банктерге қарыздарынан құтылып, пайыздық үстемақының 2,2 есе азайтуға жағдай жасады. Кепілдікке салынған активтер босатылды. Өндіріс бір қалыпты, жоспарлы түрде қаржыландырылып отырды.
1999 жылдың соңында, «Финконкорд» фирмасы жалдан қайтарылғаннан кейін, ҮМЗ-дегі танталл өндірісі қайта жанданды.
Іске қосылған кеніштердегі уран өндірісінің ауқымын арттыру және жаңа кеніштер ашу Бағдарламасы 2000-шы жылдан бастап істей бастады.
«Қазатомөнеркәсіптің» маңызды жетістіктерінің бірі Үлбі металлургия зауытындағы жоғары технологиялық өндірістердің сақталып, қайта жаңартылуы. Отын таблеткаларын шығару бойынша Ресей атом Министрлігімен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасалды, украин-қазақстан-ресейлік бірлескен кәсіпорын құрылып, ол Украина реакторларын отынмен қамтамасыз етті. Соның арқасында, ресейлік дизайнмен жасалған реакторларға арналған отын өндірісі сақталып қалды.
Компания өз күшімен жанып кететін жұтқышы бар уран-эрбилік және уран-гадолиндік отын таблеткаларын өндіру технологиясы жасап, енгізді. Ол Қазатомөнеркәсіпке қосымша таблеткалар тапсырысын қамтамасыз етті.
Үлбі металлургия зауытында реакторға дейінгі отын айналымының скраптарын қайта өңдейтін учаске құрылды. 2000-шы жылы ҮМЗ «Дженерал Электрик» (АҚШ) компаниясының қыш сұрыпты уран диоксиді ұнтағын жеткізетін ресми сертификаты бар жабдықтаушысы атанды.
Әзірленген технологиялар көмегімен, бериллий өндірісі бейбіт өнім шығаруға түбегейлі бейімделіп, карботермикалық әдіспен мыс-бериллий лигатураларын алу технологиялары игерілді. Американдық «Браш Веллман» компаниясымен ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасалды.
Екі жыл ішінде (1999-2000), «Қазатомөнеркәсіп» мамандарының ғылыми серпіні арқасында, технологиялар бойынша 20 жылдың жұмысы атқарылып, тантал өндірісі іске қосылды. Өндіріс қайта құрылымданып, жоғарысыймды заманауи танталл конденсаторлы ұнтақтарының және необий өнімінің өндірісіне баса назар аударылды.
2000 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК құрылғалы бері бірінші рет, жыл қорытындысы бойынша таза кіріс алынды. Уран нарығында ең төменгі баға дәл сол жылдың желтоқсан айында белгіленгеніне қарамастан.
Компания өндірісті жаңарту мен кеңейтуге 5 млрд. көлемінде салмақты инвестиция құйды.
Жұмысшылардың айлық ақысы 25 пайызға көбейтіліп, бюджеттік және бюджеттен тыс қорларға төлемдер 60 пайызға артты.
2001-2002 жж. – Компанияның тұрақтануы, уран нарығындағы жағдайды болжау.
2001-2002 жылдарды Қазатомөнеркәсіп үшін дағдарыстан кейінгі кезең деп атауға болады. Бұл кезеңде дағдарыс ауыздықталып, қаржылай тұрақтылық қамтамасыз етілді. Компания шет-ел нарығына шыға бастады. 2001 жылы Қазатомөнеркәсіп тұңғыш рет Қытайдың, 2002 жылы Оңтүстік Кореяның уран нарығына кіреді.
Бұл кезеңде ҮМЗ-де гидрометаллургиялық қайта бөлу жанданып, берилий оксидінен қыш өнімдерінің өндірісі қйта жаңғыртылады. Жаңа өнім – берилий қоласынан қалып жасау өндірісі құрылады.
2001 жылы Торонтодағы Дүниежүзілік ядролы отын нарығының конференциясында Қазатомөнеркәсіп өз болжамдарына сүйене отырып, табиғи уран тапшылығы жайлы мәлімдеме жасады.
Қазақстанда өндіріс ауқымы артты. 2001 жылы Оңтүстік Мойынқұм және Ақдала жерасты сілтілеу кеніштері алғашқы өнімдерін шығарды.
2002 жылы Қазатомөнеркәсіп уран өндірісі бойынша 1997 жылғы 13-ші орынмен салыстырғанда, 5 орынға шықты.
Дәл сол жылы кен қабаттарын ұялық сұлба бойынша аршу әдісі қолданылды.
«Волковгеология» АҚ бұрғылау станоктарының паркін арттыру және ұңғымаларды салу бойынша жаңа технологияларды іске қосу бағдарламасын бастады. Соның арқасында, станоктар паркі 2003 жылғы 17 данадан, 2007 жылы 63 данаға арттырылды. 2002 жылы Қазақстан уран өндіруші саласына кадрларды оқыту және қайта даярлаумен айналысатын Геотехнология кәсіпорыны құрылды.
2003-2006 жж. – Қазатомөнеркәсіп дамуының жаңа көкжиегі
Бәсекелестікке жарамды ядролы отын бойынша әлемдік сұранысты зерттей келе, 2003 жылы Қазатомөнеркәсіп уран өндірісі ауқымын арттыру стратегиялық бағдарламасын әзірледі. Сол жылы, Кытаймен табиғи уран жеткізу бойынша ұзақмерзімді келісім шартқа қол қойылды.
2003 жылы Компания бериллий өндірісі бойынша екінші орынға шығып жалпы өндірістің 29 пайызын бақылауына алды және танталл өндірісі бойнша төртінші орынға шықты.
2003 жылы Республика Үкіметі Қазатомөнеркәсіпке Маңғыстау атом энергия комбинатын дағдарыстан шығару ісін тапсырды. Ол елімізің Маңғыстау облысын электр энергиясымен, жылу энергиясымен және тұщыландырылған сумен қамтамасыз ететін көпқырлы энергетикалық қәсіпорын. Қазатомөнеркәсіп комбинатқа жаңа дем берді. Бүгінгі таңда, дағдарысқа қарсы бағдарлама іске қосылған соң, ол толыққанды жұмыс атқарып келеді.
Казіргі күні «МАЭК-Қазатомөнеркәсіпте»:
- кадрлардың кетуі тоқтатылды;
- айлық-ақылар айтарлықтай қосылды;
- кәсіпорын ұсынатын қызметтер тұтынушыларынан алынатын жинақтар көбейді;
- таратқыш шығындар қысқартылды;
- тарифтер екі рет төмендетілді;
- қолданыстағы қуаттылықтар арттырылды.
2004 жылдың қыркүйек айы Лондонда өткен Дүниежүзілік ядролық қауымдастық симпозиумында Қазатомөнеркәсіп – «2010 жылы 15 мың тонна уран» атты жаңа ауқымды бағдарламаны ұсынды.
Бағдарламаның негізгі басымдылықтары:
- Қолда бар өндірісті және уран отынының өндірісін жетілдіріп, кеңейту.
- Жаңа кеніштерді салып, іске қосу.
- Инфрақұрылымды жетілдіріп, құрылысын жүргізу.
- Қаржыландыруды ұйымдастыру.
15000 тонна бағдарламасын іске асыру аясында:
2004 жылы Оңтүстік Мыңқұдық учаскесіндегі «Катко» біріккен кәсіпорынында уран кенішінің өндірістік өнеркәсібі іске қосылды. Таукент тау-химия кәсіпорынында тауарлы десорбаттан уранты тікелей экстракциялайтын аффинажды зауыт іске қосылды.
Сондай-ақ, өндіріс ауқымының артуына байланысты, қалақұратын кәсіпорындарға қызметкерлерді тартып, оларды ұстап қалу мақсатында 2004 жылы қайта құрылымдаудың алғашқы кезеңі өткізілді. Уран өндірісі бойынша барлық қызметтер қайта құрылған «Таукен компаниясының», ал әлеуметтік бағыттағы қызметтерді жүргізу «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС-нің қүзырына тапсырылды.
2004 жылы Қазатомөнеркәсіп қол астына Стемногор тау-химия комбинаты тапсырылады. Бастапқы кезде комбинаттағы жұмыс тоқтап тұрған. Ал 2005 жылы СТХК өндірістік қызметі тұрақтала бастады. Өз шикізатынан шала тотық-көміртегі тотығын жығару жоспары орындалып, 503 тонна уран шығарылды.
2004 жылы Қытайдың еркін экономикалық аймағында бериллий өнімін өткізу үшін «Ulba-China» еншілес кәсіпорыны құрылды.
2005 жылы дайын өнімнің барынша жоғары сапалы болуын қамтамасыз ету үшін, пероксид технологиясы әзірленді.
2005 жылы Францияның «AREVA» компаниясымен ядролы-отын айналымы саласындағы әріптестік қарым-қатынас кеңейтіле бастады.
2005 жылы компания Кенішті басқарудың жаңа тұжырымдамасын енгізе бастады. Өндіріс технологиялық процессі толығымен автоматтандырылды. Соның арқасында, кеніштегі қызметкерлер саны қысқартылды. Сонымен қатар, Қазатомөнеркәсіпті қайта құрылымдаудың екінші кезеңін өткізу жөнінде шешім қабылданды. Өндіруші кәсіпорындар құрамынан қосалқы және қызмет көрсетуші өндірістер бөлініп, кеніштерге техникалық қызмет көрсететін бірегей қызмет-орталықтары құрылды.
Қызмет орталықтарының қамтамасыз ететіні:
- бұрғылау және өндіріс жұмыстарының геологиялық-геофизикалық сүйемелденуі,
- энергетикалық қызмет,
- байланыс пен қауіпсіздік,
- көлік-тасымал қызметі,
- химиялық-талдау және метрологиялық сүйемелдеу,
- полигондардағы жөндеу және құрылыс-монтаж жұмыстары,
- бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік,
- кеніштерге тұрмыстық қызмет көрсету.
Жетілдіру жұмыстарына дейін, біз кеніште 500-ге тарта адам қызмет тететін. Қайта құрылымдау нәтижесінде, кеніш қызметкерлерінің саны жүзге дейін қысқарды. Ол пайдалану сапасының артып, еңбек өнімталдығының 5 есе артуына әкеп соқты.
Қарқынды уран өндірісі бойынша Бағдарламаны іске асыру аясында Қазатомөнеркәсіп қолданыстағы инфрақұрылымды кеңейту бойынша белсенді жұмыс атқарып келеді.
2005 жылға қарай, 300 км жол қайта жаңғыртылып, 400 км жол қайта салынып пайдаланымға берілді. Сырдария өзені арқылы өтетін 300 метрлік көпір құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаңа темір жолдарының құрылысы басталды.
Шу-Сарысу және Сырдария шет аймақтарында 260 км. жоғарывольтты электр таратқыш желілері салынды. Ол жаңа кеніштерді үздіксіз энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кеніштерді негізгі реагентпен қамтамасыз ету үшін, 2006 жылы Степногорда он жылдық тоқыраудан кейін күкірт қышқыл зауыты пайдаланымға берілді.
2006 жылы уран өндірісі ауқымын арттыру бағдарламасы аясында 1000 тонналық «Шығыс Мыңқұдық» кеніші іске қосылды. Сондай-ақ, қазақстан-француз «КАТКО» бірлескен кәсіпорынының «Оңтүстік Мойынқұм» жер-асты сілтілендіру кеніші өнеркәсіптік пайдаланымға берілді.
2005 жылы 11 еуропа банкінен 150 млн. АҚШ доллары көлемінде, үш жылдық мерзімге синдикатталған қарыз алынды. Сондай-ақ, жапондық Mizuho банкінен 10 жыл мерзімге 60 млн. АҚШ доллары көлемінде қарыз алынды.
2006 жылы Fitch Ratings «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясына «ВВ+» шетелдік валютасында тұңғыш рет ұзақмерзімді эмитент рейтингін және қысқамерзімді «В» рейтингін меншіктеді. Рейтинг болжамы «Оң». Дәл осы жылы Moody's Investors Service Қазатомөнеркәсіпке шетел валютасындағы «Ваа3» рейтинг эмитентін тапсырды. Рейтинг болжамы «Тұрақты». Әлемге танымал халықаралық рейтинг агенттіктерінің бағалауына ілігу, Қазатомөнеркәсіптің өз қаржылық міндеттеріне жауап беріп, халықаралық қаржылық нарықтарға кең ауқымды түрде шығуына жағдай жасайды.
2006 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік жаңа деңгейге шықты. «Заречное» бірлескен кәсіпорыны өнеркәсіптік пайдаланымға берілді. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалау бойынша Ресей мен Қазақстанның бірлескен кешенді бағдарламасы әзірленіп, бекітілді. Сол бағдарлама аясында «Ақбастау» уран өндіруші бірлескен кәсіпорыны, «Уранды байыту орталығы» БК және ВБР 300 реакторын жобалайтын «Атом стансалары» БК құрылды.
Сонымен қатар, 2006 жылы «Қаратау» уранөндіруші БК де іске қосылды. Жапондық компаниялармен ядролы отын айналымының түрлі салалары бойынша әріптестік кеңейтілді. Жапония нарығына тұңғыш өнім жеткізілді. Қазақстан-Жапондық бірлескен «АППАҚ» кәсіпорыны құрылды. Жапондық әріптестермен қол жеткізген келісімдер елімізге жақын арада жапон нарығына жоғары технологиялық уран өнімімен шығуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Қытай компанияларымен әріптестік тереңдетілді. Ядролы энергетиканың түрлі салаларында бірлескен жұмыстар жүргізу бойынша бірқатар келісім-шарттарға қол қойылды.
2006 жылы Қытай әріптестерімен келісөөздерге қол жеткізіліп, Қытайда бериллий қоласынан прокат өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорын құрылды.
2006 жылы Степногор тау-химия комбинатының аумағында Молибден байыту фабрикасы құрылды. Оның өндірістік қуаттылығы жылына 500 мың тонна молибден кені.
2006 жылы ITER жобасы бойынша термоядролы реакторға арналған конструкционды материалдар құрылымының ғылыми зерттеулері жүргізілді.
Аймақтарды дамыту әлеуметтік бағдарламасы бойынша 2006 жылы алғашқы жобалар іске асырылды:
2007 жыл – Компания дамуының жаңа шептері
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы мен энергетика, сауда және қаржы саласында қызмет ететін жапонияның бірқатар жетекші компаниялары арасында келіссөздер жүргізіліп, 24 келісім-шартқа қол қойылды. «Cameco» Корпорациясымен Қазақстан аумағында конверсионды кәсіпорын құру туралы ниеттеме Протоколына қол қойылды.
2007 жылы Nexi сақтандыру компаниясы Қазатомөнеркәсіпке 10 жылдық мерзімге сауда-инвестициялық сақтандыру желісін жасап берді. Әріптеске несие ашу, оның үстіне бөтен елдегі, - жапондық сақтандыру компаниясының әзірге жалғыз инвестициялық жобасы болып табылады. Қытай жағынан, соның ішінде Гуангдон ядролы-энергетикалық корпорациясымен (China Guangdong Nuclear Power Holding, CGNPC), «Стратегиялық әріптестікті кеңейту және тереңдету жөнінде» Қытай АЭС-тері үшін ядролы отын өндіру бойынша және Қытайдың дамып жатқан атом энергиясын ресурсты қамтамасыз ету үшін.Ол келісім-шарт бойынша, Қазатомөнеркәсіп Гуангдонг корпорациясының негізгі жабдықтаушысы болады. Ал Гуангдонг ол – Қытайда салынатын реакторлардың тең жартысы.
«Қазақстан Республикасын индустириалды-инновациялық дамыту Стратегиясы» аясында Қазатомөнеркәсіп негізделген инвестициялық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асырады, жоғарытехнологиялық және экспортқа бағытталған өндірістің инвестициялық және инновациялық белсенділігін ынталандырады.
Оның үстіне, қазіргі күні Қазатомөнеркәсіп ядролы отын айналымының барлық буынын қамтитын тік интерграцияланған атом компаниясын құру бойынша стратегияны сәтті іске асыруда. Жақын арада, Компания әлем нарығына барынша жоғары техникалық қайта бөлуден өткізілген, қосымша құны арттырылған өнім шығаратын болады. Сондай-ақ, «30 серпінді жоба» Республикалық бағдарламасы бойынша, бір ғана «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы аясында ғаламдық маңызы бар 30 серпінді жоба әзірленіп, жақын уақытта кәдеге асырылады.
Серпінді жобалар тізімі: 30 серпінді жоба:
| I | Атом стансаларына арналған отынның толық айналымын шығаратын тік интеграцияланған компания құру |
| Уран өндірісін арттыру – Қазақстан әлемдік көшбасшы | |
| 1 | «Іркөл» кен орнында кеніш құрылысын жүргізу |
| 2 | «Қанжуған» кен орнындағы Қайнар учаскесінде кеніш құрылысын жүргізу |
| 3 | «Семізбай» кен орнында кеніш құрылысын жүргізу |
| 4 | «Мойынқұм» кен орнындағы Оңтүстік учаскесінде кеніш құрылысын жүргізу |
| 5 | «Мойынқұм» кен орнындағы Төртқұдық учаскесінде кеніш құрылысын жүргізу |
| 6 | «Ыңғай» кен орнындағы Оңтүстік учаскесінде кеніш ұрылысын жүргізу |
| 7 | «Ыңғай» кен орнындағы 1, 2 учаскелерінде кеніш құрылысын жүргізу |
| 8 | "Мыңқұдық" кен орнындағы Шығыс учаскесінде кеніш құрылысын жүргізу |
| 9 | «Мыңқұдық» кен орнындағы Орталық учаскесінде кеніш құрылысын жүргізу |
| 10 | «Мыңқұдық» кен орнындағы Батыс учаскесінде кеніш құрылысын жүргізу |
| 11 | "Буденновское" кен орнының №2 учаскесінде кеніш құрылысын жүргізу |
| 12 | "Буденновское"кен орнының № 1, 3, 4 учаскелерінде кеніш құрылысын жүргізу |
| 13 | Солтүстік Харасан кен орнының №1 учаскесінде кеніш құрылысын жүргізу |
| 14 | Солтүстік Харасан кен орнының №2 учаскесінде кеніш құрылысын жүргізу |
| 15 | «Заречное» кен орнында кеніш құрылысын жүргізу |
| 16 | Оңтүстік Заречное кен орнында кеніш құрылысы жүргізу |
| Уран гексафториді өндірісін құру | |
| 17 | Уран гексафторидін өндіретін конверсионды зауыт құрылысын жүргізу |
| 18 | Тазартылған плавик қышқылының өндірісін құру |
| 19 | Сусыз фторлы сутегі өндірісін ұйымдастыру |
| Бірлескен кәсіпорын аясында уран байыту өндірісінің құрылысын жүргізу | |
| 20 | РФ аумағында уран байыту өндірісінің құрылысын жүргізу |
| Ядролы энергетика сұранысын қанағаттандыратын дайын өнім жасап шығару | |
| 21 | Жапония, Қытай, Еуропа мен АҚШ нарығына арналған отын таблеткалары мен ұнтақтарын сертификаттау |
| 22 | Жылушығарғыш құрамалардың өндірісін ұйымдастыру |
| Атом энергиясын дамыту | |
| 23 | И.И.Африкантова атындағы ОКБМ-мен бірлесіп ВБР 300 реакторын жобалау |
| 24 | Ақтау қаласында атом электр стансасының құрылысын жүргізу |
| II | Жоғарытехнологиялық тантал өнімінің өндірісін құру |
| 25 | Жоғарысыйымды және аса жоғарысыйымды тантал ұнтақтарының өндірісін игеріп, технологияларын әзірлеу |
| 26 | Тантал өнімі – прокат, проволока және нысана өндірісі |
| 27 | Американдық конденсат өндіруші фирмамен бірлесіп, конденсаторлы зауыт құрылысын жүргізу |
| III | Бериллий өндірісін дамыту бойынша жобалар |
| 28 | ҚХР—мен бірлесіп, жазық прокат өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорын салу |
| 29 | ИТЭР құрылысы бойынша жобаға қатысу |
| 30 | Аморфты ерітінді бойынша жобаны іске асыру |
| IV | Басқа-да серпінді жобалар |
| 31 | Жоғары таза кварц және күн кремнийінің өндірісін ұйымдастыру |
| 32 | ҚР-да молибден саласын құру |
| 33 | Степногор тау-химия комбинатында вольфрам өндірісін ұйымдастыру |
«Қазатомөнеркәсіп» санды түрде:
Табиғи уран өндірісінің мөлшері (тонна):
1997 ж. - 795; 1998 ж. – 1 073, 1999 ж. – 1 367, 2000 ж. – 1 752, 2001 ж. – 2 022, 2002 ж. – 2 709, 2003 ж. – 2 946, 2004ж. - 3 712, 2005ж. – 4 346, 2006ж. – 5 280, 2007ж. болжамы – 7 200 т. астам.
Өнімді өткізуден түскен консолидациялы кіріс ( млн. теңге):
1997 ж. – 6 405; 1998 ж. – 8 660, 1999 ж. - 15 876, 2000 ж. - 18 361, 2001 ж. - 19 954, 2002 ж. – 23 822, 2003ж. – 28 330, 2004ж. – 36849, 2005ж.- 50 567, 2006ж. – 89 422.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК бойынша бюджетке аударылған салық пен төлем сомасы ( мың тенге):
1997 ж. – 1 158 399; 1998 ж. – 826 937; 1999 ж. – 1 049 000; 2000 ж. – 2 400 000; 2001 ж. - 3 400 000, 2002 ж. – 4 700 000, 2003 ж. – 4 600 000, 2004 ж. – 6 600 000, 2005ж. – 10 100 000, 2006 ж. – 12 000 000.
Сөйтіп, компания өнім өндіріп, оны әлем нарығына шығару мәселесі бойынша бірегей стратегиялық маңызы зор саясат жүргізіп, Қазақстан Республикасының мүддесіне лайықты қызмет етіп келеді.
______________________________________________________________________
· «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы уран мен басқа да екі ұдай қолдану материалдарын экспорттау жөніндегі Қазақстанның ұлттық операторы. Компанияның 100 % акциясы мемлекетке (Энергетика және минералды ресурстар министрлігі) тиесілі. «Қазатомөнеркәсіп» геологиялық барлау, уран өндіру, металлургия, энергетика, өндірісті ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету және мамандарды қайта даярлау, әрі әлеуметтік қамсыздандыру секілді қызметтің негізгі алты түрін басқару жөніндегі холдинг болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 23 000-ға жуық адам қызмет атқарады. Компания әлемдегі уран өндіретін ең ірі компаниялардың қатарына кіреді.
