«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2005-жылдағы қызметінің қорытындысы бойынша таза табысы 11 922 069,0 (он бір миллиард тоғыз жүз жиырма екі миллион алпыс тоғыз мың) тіңгені құрады.

19.04.2007

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2005-жылдағы қызметінің қорытындысы бойынша таза табысы 11 922 069,0 (он бір миллиард тоғыз жүз жиырма екі миллион алпыс тоғыз мың) тіңгені құрады.

Қоғамның таза табысы төмендегідей бөлінді:

- 11 564 489,0 мың теңге «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның даму жоспарларын жүзеге асыруға;

- 357 580,0 мың теңге өндірістік-техникалық қайта жарақтандыруға, қуатты өндіретін ескірген паркті жаңартуға, көнерген құрал-жабдықтарды ауыстыруға, «МАЭК- Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің қаржы-экономикалық жағдайы мен өндірістік қызметін тұрақтандыру үшін өндіріс пен инфрақұрылымды дамытуға.

Үкіметтің қаулыларымен және компанияның жалғыз акционері болып табылатын Энергетика және минералды ресурстар жөніндегі министрліктің Бұйрығымен бекітілген 2005-жылға арналған «Қазатомөнеркәсіптің» дамуының жоспарын жүзеге асыру мақсатында акциялардың мемлекеттік пакетіне дивиденттер төйленбеді. Олай болғандағы себебі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның таза табысын жыл сайынғы бөлісу кезінде дивиденттерді төлеудің орнына «МАЭК- Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің қаржы-экономикалық жағдайы мен өндірістік қызметін тұрақтандыру үшін өндіріс пен инфрақұрылымды дамыту үшін мақсатты жұмсауға бел буылды.


жаңалықтарға оралу