«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ Вице-президенті лауазымына тағайындау туралы
25.09.2008«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының Вице-президенті болып Нартай Нұртайұлы Дүтбаев тағайындалды. Оның лауазымдық міндеттері, жауапкершілік аясы мен өкілеттілік саласы анықталды. Қазіргі кезде Н.Н. Дүтбаев компания басшылары құрамында Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарына жұмыс сапарымен аттанды. Жаңа қызметке ауысар алдында Н.Н. Дүтбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметін атқарған.
«Қазатомөнеркәсіп» - Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания акцияларының 100% ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне, яғни мемлекетке тиесілі. Компания геологиялық барлау, уран өндірісі, металлургия, энергетика, өндірісті ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету және мамандар дайындау, сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру сияқты алты негізгі бағытты басқаратын холдинг түрінде құрылған. Қазіргі күні компанияда 25 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің алдыңғы қатарлы уран өндіруші компанияларының алғашқы үштігіне кіреді.
