«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы мен Қытайдың Гуангдон ядролық-энергетикалық корпорациясы (CGNPC) арасында «Стратегиялық серіктестікті кеңейту және тереңдету туралы» рамалы келісімге қол қою жөнінде
24.05.2007Пекинде (ҚХР) «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом Компаниясы мен Қытай Гуангдон ядролық-энергетикалық корпорациясы (China Guangdong Nuclear Power Holding, CGNPC ) арасында Қытайдың АЭС-ы үшін ядролық отынды дайындау, сондай-ақ Қытайдың дамып жатқан атом энергетикасын ресурстық жабдықтау саласында «Стратегиялық ынмақтастықты кеңейту және тереңдету туралы» Келісім жасалды. «Қазатомөнеркәсіп» және CGNPC арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен кеңеюі Қытай және Қазақстан арасындағы энергетикалық салада жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуда елеулі орын алады және екі елдің ядролық отын циклінің ең күшті тізбектерінің бірлесуіне ықпал етеді.
Жоғарыда аталған Келісім «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом Компаниясы және Қытай Гуангдон ядролық-энергетикалық корпорациясы арасындағы көлемді әрі тиімді жұмыстың нәтижесі. Бұл 2006 жылдың желтоқсанындағы Алматыда (Қазақстан) стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылғаннан кейінгі келесі қадам болды.
Қытай мен Қазақстан Мемлекеттік органдарымен келісілген бұл «Стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету туралы» Келісім оның күшіне кіргенін куәліндіреді.
Ескерту_______________________________________________________________________
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы – уранды және басқа екі ұдай материалдарды экспорттау жөніндегі Қазақстанның ұлттық операторы. Компания акцияларының 100 % Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі арқылы мемлекетке жатады. «Қазатомөнеркәсіп» қызметінің негізгі алты бағытын: геологиялық барлауды, уран өндіруді, металлургияны, энергетиканы, өндірісті және кадрларды қайта дайындауды ғылыммен қамтамасыз етуді, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз етуді басқару бойынша өзін холдинг етіп көрсетеді. Бүгінде компанияда 22000 астам адам жұмыс істейді. Компания әлемдегі жетекші уран өндірушілердің «төрттігіне» кіреді.
Қытайдың Гуангдон ядролық-энергетикалық корпорациясы (CGNPC) – Мемлекеттік Кеңес (SASAC) жанындағы бақылау және мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Комитетке тікелей бағынатын ірі мемлекеттік компания. CGNPC қызметінің басты саласына: ірі атом электр станцияларын салу мен олардың жұмысын қамтамасыз ету кіреді. Компания қызметінің тағы бір ірі сегменті – Қытайда, сондай-ақ шет елдерде уран кен орнын дайындау, уран өнімдерімен , жел энергиясымен операциялар жасау және ядролық энергетикада зерттеулер жүргізу болып табылады. Қазіргі уақытта CGNPC-та қолданыстағы қуатты 4 GW және құрылыс кезеңіндегі 10 GW иеленеді. Компания ҚХР орталық үкіметінің ядролық-энергетикалық жоспарын дамыту жөніндегі ең негізгі операторларының бірі болып саналады. CGNPC - әлемдегі зор әлеуетті дамуы бар ядролық-энергетикалық топ. 2007 жылдың жағдайы бойынша компанияда 8500 адам жұмыс істейді.
