«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2009 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындысы туралы баспасөз баяны
11.11.2009Алматы қ.
Қазақстан Республикасы бойынша 2009 жылдың өткен 9 айындағы уран өндірудің жалпы көлемі 9 535 тоннаны құрап, өндірістік жоспар 3 пайызға артығымен орындалды. 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы өсім 61 пайызға жетті. Уран тотығығы-шала тотығын өндіру былтырғыға қарағанда 50 пайызға артты.
Қазақстан Республикасы бойынша 2009 жылдың өткен 9 айындағы уран өндірудің жалпы көлемі 9 535 тоннаны құрап, өндірістік жоспар 3 пайызға артығымен орындалды. 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы өсім 61 пайызға жетті. Уран тотығығы-шала тотығын өндіру былтырғыға қарағанда 50 пайызға артты.
Ғаламдық қаржы дағдарысының тауарлы-шикізат рыногына жасаған кері әсеріне қарамастан «Үлбі металлургия зауыты» АҚ өнімдерінің негізгі түрлері бойынша өндірістік көрсеткіштер белгіленген бағдарламаға сәйкес орындалуда. 2009 жылдың 9 айында тантал-ниобий өнімдерін шығару жоспары 105 пайызға орындалды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бұрынғысынша бериллий өнімдерін жеткізіп беруші әлемдегі негізгі компаниялардың бірі болып отыр. «ҮМЗ» АҚ бериллий өнімдеріне деген әлемдік сұраныстың үштен бірін қанағаттандырып келеді. Бұл саладағы жоспардың орындалуы 91 пайызды құрады.
Холдинг құрамындағы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Ақтау қаласы мен бүкіл Маңғыстау облысының тұтынушыларын энергиямен, жылумен және сумен қамтамасыз етеді. Аталмыш комбинат үстіміздегі жылдың өткен 9 айында 3 млрд. кВт/сағат электр энергиясын; 1,95 млн. Гкал көлемде жылу энергиясын және 724 млн.м3 су (ауызсу, техникалық, ыстық, теңіз және дистиллят су) өндірді.
Есепті кезеңде салаға 52,9 млрд. теңге инвестиция салынып, жалпы инвестиция көлемі 2008 жылдың осы кезеңіндегі деңгейде (59 млрд. теңге) сақталды.
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында (жылдық өндірістік қуаты 500 мың тонна, құны 216 млн. доллар, 2011 жылы пайдалануға тапсырылады, жобалық қуатқа шығуы 2012 жылға межеленген) және Ақмола облысының Степногор қаласында (жылдық қуаты 180 мың тонна, құны 8,8 млрд. теңге, 2010 жылы пайдадануға беріледі) екі күкірт қышқылы зауытының құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Өткен 9 ай ішінде жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, Жаңақорғандағы зауыттың сыртқы инфрақұрылым нысандары, автомобиль және темір жолдар құрылысы аяқталды және электр желілері тартылды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ үшін қосымша құны жоғары түпкі өнім шығаратын ядролық-отын циклының барлық буындарын түгел қамтитын тігінен интеграцияланған компания құру басты міндет болып табылады. Алға қойылған осы міндетті жүзеге асыру аясында AREVA атқарушы директоры Анна Лавержон мен Қазатомөнеркәсіп президенті Владимир Школьник 2009 жылдың қазан айында IFASTAR біріккен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойды. Бұл кәсіпорын екі техника-экономикалық негіздемені жүзеге асырады:
· Азияда жұмыс істеп тұрған электроэнергетикалық компанияларға интеграцияланған отын пакеттерін (реакторға дейінгі отын циклының барлық сегменттерін қамтитын және Қазатомөнеркәсіптің уран ресурстары мен AREVA-ның отын технологияларын үйлестіретін) өткізуге қатысты мақсатты азиялық рынокты бағалау;
· Өскемендегі Үлбі металлургия зауытында отын өндіретін тармақ (жылына 400 тU) құрылысының техника-экономикалық негіздемесі (бұған жобалау да кіреді).
Ұлттық атом компаниясының 2009 жылдың өткен 9 айындағы топтастырылған таза табысы 29 млрд. теңгені құрады. Жоспарлы міндет 27 пайызға артығымен орындалып, 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы өсім 55 пайызға жетті. 2009 жыл қорытындысы бойынша 49 млрд. теңге шамасында таза табысқа қол жеткізіледі деген болжам бар.
Әлеуметті-жауапты компания деген мәртебесін дәлелдей түскен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әлеуметтік сала нысандарын дамыту бойынша бұрын өзі мәлімдеген жобаларды толығымен жүзеге асырып келеді. Есепті мерзімде осы мақсатқа 902 млн. теңге жұмсалып, бірқатар нысандар пайдалануға берілді. 2009 жылдың қазан айында «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» әлеуметтік компаниясы «Жыл мекемесі» аталымында республикалық «Алтын Жүрек» сыйлығының лауреаты атанды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 25 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының алғашқы үштігіне кіреді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
+7 /727/ 244 62 54
