«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2011 жылғы І тоқсандағы уран өнрісі мен таза кірісі жөнінде баспасөз баяны
19.05.2011Алматы қ.
2011 жылдың І тоқсанында Қазақстан Республикасында 4443,7 тонна уран өндірілді, яғни өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы өсім 9% құрады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2 543,4 тонна уран өндіріп, өндірістік жоспарды 100 пайызға орындап шықты.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның шоғырландырылған таза табысы алдын-ала есептеулер бойынша 13 695,2 млн теңгеге жетті, бұл 2010 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштен дерліктей екі есеге көп. Табыстың артуына уран өнімдерін өткізу көлемінің ұлғаюы мен споттық бағаның жыл басындағы күрт көтерілуі септігін тигізді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады.
Бүгінгі таңда компанияда 24000-ден астам адам еңбек етеді.
Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі
+7 /727/ 244 62 54
