«Қазатомөнеркәсіп-Демеу» әлеуметтік компаниясы «Алтын Жүрек» ұлттық қайырымдылық сыйлығының лауреаты атанды
28.10.2009Алматы қ.
Ұлттық атом компаниясының еншілес кәсіпорны саналатын «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» мамандандырылған компаниясы «Жыл ұйымы» аталымында жыл сайынғы «Алтын жүрек» ұлттық қайырымдылық сыйлығының лауреаты атанды. Сыйлықты тапсыру салтанаты күні кеше Алматыдағы Абай атындағы Опера және балет театрында болып өтті.
Ұлттық атом компаниясының еншілес кәсіпорны саналатын «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» мамандандырылған компаниясы «Жыл ұйымы» аталымында жыл сайынғы «Алтын жүрек» ұлттық қайырымдылық сыйлығының лауреаты атанды. Сыйлықты тапсыру салтанаты күні кеше Алматыдағы Абай атындағы Опера және балет театрында болып өтті.
Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қолдауымен осымен қатарынан үшінші жыл ұйымдастырылып отыр. Байқауды өткізуден көзделген мақсат - қайырымдылық қызметі қоғамның дамуына өлшеусіз үлес қосатын адамдар мен ұйымдарды анықтау және ынталандыру.
Бұл жолы байқауға бүкіл Қазақстаннан 70 тапсырыс келіп түскен. Сыйлықтан үміткерлердің арасынан сарапшылар кеңесі он аталымның әрқайсысы бойынша үш-үштен мықтыларды іріктеп алды. «Жыл ұйымы» аталымында ірі қайырымдылық жобалар мен акцияларды өткізген, қайырымдылық көмектің жаңадан тиімді формаларын енгізген және қоғамдық маңызы зор іс-шаралардың бас демеушісі болған ұйымдар немесе компаниялар лауреат бола алады.
Қайырымдылық саласындағы осындай абыройлы сыйлықтың «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» әлеуметтік компаниясына берілуі заңдылық. Соңғы бес жыл көлемінде компания жалпы құны 14,2 миллиард теңгені құрайтын 55-тен астам жобаны жүзеге асырды. Атап айтқанда, ауылдық жерлерде балабақшалар, мектептер, спорт-сауықтыру және мәдени орталықтар, денсаулық сақтау мекемелері салынды немесе қайта жаңғыртылып, олардың қалыпты жұмыс істеуін тұрақты қаржыландырды, жаңадан тұрғын үйлер салып, аулаларды көркейту мен көгалдандыру жұмыстарын атқарды.
«Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС 2004 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны ретінде құрылған. Мамандандырылған әлеуметтік компания ұлттық атом компаниясының әлеуметтік нысандарды басқару мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырушы операторы болып табылады. Негізгі қаржы көзі - Қазатомөнеркәсіп пен оның шетелдік әріптестері қатысуымен құрылған жарғылық қор. Қазатомөнеркәсіп-Демеу Қазақстан азаматтарының өмір сапасы мен әл-ауқатын арттыруды өз алдына мақсат еткен. Компания 2008 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жалпыұлттық «Парыз» байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымы бойынша лауреат атанды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 25 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының алғашқы үштігіне кіреді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
+7 /727/ 244 62 54
