«Таукен компаниясы» ЖШС-нің 2011 жылғы і тоқсандағы қызметінің қорытындысы жөніндегі баспасөз баяны

03.05.2011

Алматы қ.

Таукен компаниясының (ТК) басты уран өндіруші кәсіпорындары – «Степное РУ», «РУ-6» және «ТКХК» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері үшін 2011 жылдың І тоқсанында уран өндірудің жоспардағы ауқымы тиісті келісім-шарттарда белгіленген көлеммен толық сәйкес келді.
 
2011 жылдың бірінші тоқсанында жиынтық жоспарда көзделген 724,4 тонна орнына «ТК» ЖШС-нің уран өндіруші кәсіпорындары 777,409 тонна, немесе жоспардағы өндіріс көлемінің 107,3% мөлшерінде уран өндірді.
 
Жыл басынан бері «ТК» ЖШС кәсіпорындарының уран өндіру көлемін ұлғайтуы Таукен компаниясының «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның алдындағы міндеттемелерін толықтай орындауына кепілдік береді.
 
«Таукен компаниясы» ЖШС-ның 2001 жылдың алғашқы тоқсанындағы жалпы шоғырландырылған табысы 21 млрд. 064 млн. 956 мың теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіштен 24,2% (ақшаға шаққанда 4 млрд. 104 млн. 342 мың теңге) көп. Негізгі қызмет түрінен түсетін табыс 25,3%-ға (ақшалай есептегенде 4 млрд. 191 млн. 432 мың теңгеге) ұлғайып, 20 млрд. 757 млн. 811 мың теңгеге жетті. Таза табыс 3 млрд. 548 млн. 584 мың теңгеге өсіп, 8 млрд. 463 млн. 964 мың теңгені құрады.
 
Көрсеткіштердің мұншалықты жоғарылығын, бірінші кезекте уран өнімдері бағасының өсуімен байланыстыруға болады. 
 
«Таукен компаниясы» ЖШС 2010 жылғы қараша мен 2011 жылдың қаңтар айы аралығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдастырған «Сенім-2010» байқауына қатынасты. 2011 жылғы наурызда жарияланған сол байқау қорытындысында Таукен компаниясы «Өңірлердегі үздік жұмыс беруші» деп танылды.
Байқауға қатысушылардың қызмет деңгейі 17 аталым бойынша бағаланды. Байқауы шартына сай қатысуышалардың ұсынған материалдарын, соның ішінде еншілес кәсіпорындардағы жас мамандармен жұмыс істеу және қызметкерлердің қанағаттанушылық дәрежесін зерттей келе жеңімпаздар анықталады. Оған қоса, ұйымдастырушылар Оңтүстік Қазақстан облысының Қыземшек, Таукент және Қызылорда облысының Шиелі кенттерінде әлеуметтік сауалдама жүргізді. Соның нәитижесі көрсеткендей, өз жұмысына қанағаттанушылық 94%, тұрғындардың ықыластылығы – 88%, компания қызметкерлерінің жолын ұстаушылық – 84%.    
 
Бизнес қауымдастықтың Үйлестіруші кеңесінің бастамасымен «Таукен компаниясы» ЖШС Швецариялық сапа стандарттары институтының «International Quality Sertificate» (SIQS) сертификатын алуға ұсынылды.
 
Еуропалық Бизнес Қауымдастықтың Сарапшылар Кеңесі мінсіз іскерлік абырой-беделі мен менеджмент саласындағы жетістіктері үшін Таукен компаниясын ЕБҚ-ның жоғары наградасына ұсынды.
 
 
Анықтама
Табиғи уран концентраты немесе уран тотығы-шала тотығы (U3O8) – уранның оксидтер тобына жататын органикалық қоспасы емес. Уран тотығы-шала тотығы – ядролық-отын циклында отын таблеткаларын жасауда қолданылатын уран гексафторидын алудағы бастапқы шикізат болып табылады.
 
«Таукен компаниясы» ЖШС – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны. Басты міндеті – табиғи уран мен оның концентратын өндіру және шығару. Компания Қазатомөнеркәсіптің толық меншігіндегі кен орындарын игереді, сондай-ақ оның Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ақмола облыстарындағы бірлескен кәсіпорындарындағы үлесін басқарады. Жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарына сәйкес компанияның уран өндіруші кәсіпорындар базасында құрылған елді мекендердегі әлеуметтік-экономикалық сипаттағы өмірлік маңызы бар нысандар мен әлеуметтік саланы қаржыландыру бойынша өз міндеттемелері бар. «ТК» ЖШС-нің қызметкерлері саны 3,5 мың шамасында.
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 24000-ден астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.
www.kazatomprom.kz

 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі
+7 /727/ 244 62 54
pr@kazatomprom.kz   
 

жаңалықтарға оралу