«Волковгеология» АҚ – Отанымыздың мақтанышы
05.07.2011«Волковгеология» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорыны) кен ісі және металлургия саласындағы үздіктерді айқындайтын «Алтын Гефест» Ұлттық сасалық байқауында, «Отанымыздың мақтанышы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Кен саласының дамуына өз үлесін қосқандарды марапаттау рәсімі 4 шілде күні, Астана қаласында өткен "ASTANA MINING & METALLURGY" 2-ші Халықаралық кен-металургия Конгесінің шеңберінде өткізілді.
«Отанымыздың мақтанышы» марапаты үшін сайысқа қатысуға қазақстандық қамту пайызы барынша артық, бәсекелестікке төзімді өнім шығаратын, Қазақстан Республикасының ішкі нарығында жетекші орынға ие компаниялар жіберіледі.
«Отанымыздың мақтанышы» атағына үміткерлер төменде көрсетілген белгілер бойынша анықталды: компания ішінде қолданылатын кәсіби әдістердің (технологиялардың) әр түрлілігі, техникалық атқарылуы, жұмыстың әсерлілігі мен шығармашылық бастамасы, қазақстандық қамту пайызы.
Жеңімпаздарды анықтау салалық министрліктер және мемлекеттік құрылымдардың ресми тұлғалары, Қазақстан Республикасының кен-металлургия өнеркәсібінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, салалық қауымдастықтар өкілдерінен құралған қазылар алқасына тапсырылды.
«Волковгеология» АҚ – барлық типтегі уран кен орындарын зерттеу және барлауда бай тәжірибеге ие геологиялық барлау кәсіпорны. Ол «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрамындағы көне кәсіпорындардың бірі. Ұлттық атом компаниясының уран кен орындарын іздеу және барлаудан бастап, өнеркәсіптік қолданысқа енгізуге дейінгі барлық қызметінде геологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Жылжымалы бұрғылау қондырғыларын, таукен бұрғылау құрал-жабдықтары мен автокөліктерді өзі дербес жасап шығарады және жөндеуден өткізеді. Акционерлік қоғамның республикада жалпы қоры 1,5 млн. тонналық (әлемдегі барланған уран қорының 19 пайызы) берік минеральды-шикізат базасын жасауға тікелей қатысы бар. Қазақстанда тұрақты радиоэкологиялық мониторинг жасап отырады. Компания қызметкерлерінің саны үш мыңнан асып жығылады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады.
Бүгінгі таңда компанияда 23000-ден астам адам еңбек етеді.
Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.