«ҮМЗ» АҚ-на – 62 жыл!
29.10.2011Өскемен
29 қазанда Үлбі металлургия зауыты өзінің бас мерекесі – кәсіпорынның құрылған күнін атап өтеді. Осыдан 62 жыл бұрын, ХХ ғасырдың орта шенінде КСРО-ның атом жобасын жүзеге асыру жолында жұмыс атқарған ҮМЗ-да алғашқы өнім шығарылған болатын.
29 қазанда Үлбі металлургия зауыты өзінің бас мерекесі – кәсіпорынның құрылған күнін атап өтеді. Осыдан 62 жыл бұрын, ХХ ғасырдың орта шенінде КСРО-ның атом жобасын жүзеге асыру жолында жұмыс атқарған ҮМЗ-да алғашқы өнім шығарылған болатын.
Бүгінде «ҮМЗ» АҚ – АЭС-ке арналған ядролық отын шығару бойынша әлемдегі ірі өндірістік қуаттардың біріне ие және бериллий мен тантал өнімдерін өндіру жөнінен посткеңестік кеңістіктегі монополист ретінде Қазақстанның атом саласының флагманы. ҮМЗ сирек металдар және олардан жасалған өнімдер жеткізіп беруші сенімді серіктес ретінде де кеңінен танымал. ҮМЗ өнімдері Еуропаның, Американың және Азияның ондаған елдерінде қолданылады, ол өнімдер заманауи материалдар мен технологиялар қажет етілетін барлық жерде де қажет.
Үлбіліктерді төл мерекелерімен құттықтаған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Владимир Школьник кәсіпорын еңбекшілерінің жұмысына жоғары баға берді:
– Емегенді Қазақстанның 20 жылдық дамуы сіздердің жұмыстарыңызға жаңаша серпін сыйлады. Олар зауытты сыртқы рынокқа шығуға бағыттады, дүние жүзінің көптеген дамыған елдерінде серіктестер табуға ықпал жасады. Кәсіпорын ұжымы еліміздің үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға салмақты үлес қосып отыр, өндірісті жетілдіріп, рынокта сұранысқа ие жаңа өнімдерді игеруде. Сіздерге, құрметті үлбіліктер, ондаған жылдар бойы сәтті атқарып келе жатқан маңызды да қажетті қызметтеріңізде жаңа табыстарға жетуге шын жүректен тілектеспін!
«ҮМЗ» АҚ Басқарма төрағасы Юрий Шахворостов ұжымды құттықтай отырып:
– Бұл датада кәсіпорынның даңқын бүкіл әлемге таратқан үлбіліктердің көп буынының ерлік істері жатыр. Біздің жұмысшыларымыздың еншісінде талай даңқты жеңістер бар. Зауыт тарихы – уақыттан озып, жер бетінде айтарлықтай із қалдырған өз ісінің нағыз ынтагерлерінің, кәсіпорынның алғаш негізін қалаушылардың тарихы. Бүгінгі зауыт қызметкерлері аға буыннан эстафетаны қабылдап алып, технологияны дамытуды одан әрі жалғастыруда, жаңа өнімдерді игеруде, оларды тұтынушылар қатарын кеңейтуде, - деп атап көрсетті.
Үлбіліктер осынау айтулы күнге жоғары өндірістік көрсеткіштерімен келіп отыр. Жуырда ҮМЗ ҚХР-да жұмыс істеп тұрған француздық дизайндағы реакторларға арналған отын таблеткаларының алғашқы партиясын жөнелтті. Жоғары стандартқа сәйкес келетін металдық ниобий құймасы алынды. Бериллий өнімдерін шығару көлемі ұлғайды. Мұның барлығы – кәсіпорынға қарасты көптеген бөлімшелердің ынтымақты жұмысының жемісі.
Қазан айының ортасында Үлбі металлургия зауыты Тантал мен ниобийді зерттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ТІС) 52-ші Бас Ассамблеясына қатысушыларды қабылдады. Әлемнің 30 шақты еліндегі жетекші компаниялардың 70-тен астам мамандары ҮМЗ-ны аралап, кәсіпорында көргендеріне жоғары баға берді.
Зауыт күні қарсаңында ҮМЗ-да жыл сайын ортақ іске өндірістік, шығармашылдық еңбегімен елеулі үлес қосқандарды лайықты түрде атап өтеді. Кәсіпорынның қалыптасуы мен дамуына қызметі сіңген жаңа еңбек династияларының аттары да аталады. «ҮМЗ-ға еңбегі сіңген қызметкер» құрметті атағы биыл ҮМЗ Бас директорының бұрынғы бірінші орынбасары, қазір Новосібір химиялық концентраттар зауыты директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Борис Кузнецовқа және Қызмет көрсету орталығының бастығы Виктор Сыромолотовқа берілді. Екеуі де кәсіпорында 40 жылдан астам еңбек етіп, оның өсуі үшін көп еңбек сіңірген.
Зауыт династиясы тізімінде 28-інші болып Жвакиндер династиясы тіркелді. Династия басшысы Иван Яковлевич ҮМЗ-дағы жұмысын зауыт корпустарының құрылысы қолға алынған сонау 1948 жылдан бастаған. Үлкен отбасының мүшелері әр жылдары кәсіпорынға ұзын саны 134 жылдық жасампаздық еңбектерін арнаған.
Зауыттың Құрмет кітабына уран өндірісінің ӨАБжА жөніндегі слесары В. Павлюковтың, бериллий өндірісінің ауысым бастығы Ю.Трегубовтың, тантал өндірісінің слесар-жөндеушісі А.Федоровтың, Орталық ғылыми-зерттеу зертханасының топ жетекшісі В.Савчуктың, Энергетикалық орталықтың электромонтері В.Филатовтың аты-жөндері енгізілді.
Кәсіпорынның 20 қызметкеріне «Зауыт ардагері» атағы берілді. Тағы 20 адам адал да өнімді еңбегі үшін Құрмет грамоталарымен марапатталды. Осындай озат 80 қызметкерге Алғыс жарияланды.
Үлбі металлургия зауытының қызметкерлері аға буынның даңқты дәстүрін лайықты жалғастырушылар. Еліміздің тәуелсіздігі жылдары олар кәсіпорын жылнамасының көптеген даңқты беттерін жазып шықты. 1995 жылдан бері ҮМЗ-да Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің кепілдік режимі жұмыс істеп тұр. 1998 жылы Үлбі металлургия зауыты Қазақтанда алғашқы болып ИСО-9002 сапа менеджменті халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік сертификатын алды. 2003 жылы кәсіпорын қоршаған ортаны қорғаудың қатаң нормаларын қарастыратын ИСО-14001 стандарты талаптарына сәйкес сертификатталды. 2010 жыл ҮМЗ үшін денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті үйлестіретін OHSAS18001 стандарты талаптарына сәйкес аудитті сәтті өткізген жыл болды.
Зауытта және оның еншілес кәсіпорындарында кез келген күрделі тапсырманы орындауға қабілетті бес мыңдай жұмысшы, техник, инженер еңбек етеді. Адамдар – ҮМЗ-ның басты байлығы, оларға қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін ҮМЗ-да дамыған әлеуметтік инфрақұрылым жасалған. Ол зауыттың Мәдениет үйі мен екі демаласы базасын, мектепке дейінгі мекемесін және балалардың сауықтыру лагерін қамтиды. Кәсіпорында дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін барлық қолайлықтар қарастырылған, сапалы дәрігерлік қызметті пайдалануға мүмкіндік беретін дәрігерлік сақтандыру жүйесі жұмыс істеп тұр.
Бүгінгі таңда Үлбі металлургия зауытының еңбек ұжымы алдында жаңа мақсаттар тұр. Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдаған елдің үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, уран өнеркәсібін көтеру жоспарлары еліміздің атом саласын сапалы жаңа деңгейге алып шығу міндетін алға қояды, Қазатомөнеркәсіп пен ҮМЗ-ның халықаралық рыноктағы шебін нығайтады. Зауыт бұған дайын.
«Үлбі металлургия зауыты» АҚ – атом электр стансалары үшін уран диоксидынан отын таблеткаларын және құрамында бериллий, тантал мен ниобий бар өнімдерді шығарушы ретінде танылған әлемдік көшбасшылардың бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының құрамына енеді.
«Үлбі металлургия зауыты» АҚ – атом электр стансалары үшін уран диоксидынан отын таблеткаларын және құрамында бериллий, тантал мен ниобий бар өнімдерді шығарушы ретінде танылған әлемдік көшбасшылардың бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының құрамына енеді.
