«Жобалық қауіп-қатер» семинарының өтуі туралы
11.09.20082008 жылғы 11 қыркүйек күні Өскемендегі (Шығыс Қазақстан) Үлбі металлургия зауытының ұйытқы болуымен екікүндік «Жобалық қауіп-қатер» семинары жұмыс бастады. Басқосу аясында ядролық және радиоактивтік материалдардың есеп, бақылау және қорғау жүйесін жасап шығу мен жетілдіру мәселелері талқылануда.
Семинар жұмысына Ядролық лаңкестік іс-ірекеттерімен күрес жөніндегі жаһандық бастамаға қосылған сегіз елдің – Қазақстан, АҚШ, Ресей, Кот-д-Ивуар, БАӘ, Корей Республикасы және Украинаның өкілдері қатысып отыр.
«Жобалық қауіп-қатер» семинары Жаһандық бастамаға қатысушы-мемлекеттердің 2007 жылғы 10-11 маусымда Астанада өткен үшінші кездесуінде қабылданған іс-шаралар жоспарының бір тармағын жүзеге асыру болып табылады.
Қазақстан жағынан семинарға Сыртқы істер министрлігі, Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік, Ұлттық ядролық орталық, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» АҚ өкілдері қатысуда.
Аталмыш іс-шара мынадай ұстанымдарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған:
- ядролық материалдардың есеп, бақылау және қорғау жүйесін жетілдіру;
- азаматтық ядролық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- трансұлттық деңгейде ядролық материалдардың заңсыз айналымын анықтау және болдырмау бойынша шұғыл мүмкіндіктер саласындағы біріккен зерттеулер мен әзірлемелер;
- заңсыз айналымда жүрген ядролық материалдарды іздеп табу, тәркілеу және заңсыз ұстап қалынған ядролық материалдардың үстінен сенімді бақылау орнату бойынша мүмкіндіктер мен құралдарды жетілдіру;
- ядролық материалдарды иеленуге ұмтылатын лаңкестерге қаржы-экономикалық қорларды ұсыну және олардың бассағалауына көмектесуді болдырмау;
- қылмыстық әрекеттердің осындай түрлеріне қатысты азаматтық және қылмыстық заңнамаларды жетілдіру;
- ядролық материалдарды қолдана отырып жасалған лаңкестік шабуылдарды елеу, олардың зардаптарын жою және зерттеу, сондай-ақ ядролық материалдарды анықтау үшін техникалық құралдармен қамту мүмкіндіктерін нығайту;
- ақпарат алмасу және оны қорғау шараларына бойынша өзара ықпал жасау.
Ядролық лаңкестік іс-әрекеттерімен күрес бойынша жаһандық бастаманы 2006 жылдың шілде айында Санкт-Петерборда өткен «Үлкен сегіздік» саммитінде Ресей мен АҚШ президенттері көтерген болатын. Бүгінгі таңда бұл Бастамаға бірнеше ондаған мемлекеттер қосылып отыр. Қазақстан Ядролық лаңкестік іс-әрекеттерімен күрес бойынша жаһандық бастаманы алғашқылардың бірі болып қолдаған елдердің қатарына енеді.
Ескертпе
Қазатомөнеркәсіп - Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания акцияларының 100% ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне, яғни мемлекетке тиесілі. Компания геологиялық барлау, уран өндірісі, металлургия, энергетика, өндірісті ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету және мамандар дайындау, сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру сияқты алты негізгі бағытты басқаратын холдинг түрінде құрылған. Қазіргі күні компанияда 25 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің алдыңғы қатарлы уран өндіруші компанияларының үштігіне кіреді.
Үлбі металлургия зауыты («ҮМЗ» АҚ) – атом электрстансаларына арналып уран диоксидінен жасалған отын таблеткаларын және бериллий, тантал, ниобий құрамдас өнімдер шығаратын әлемдік көшбасшылардың бірі болып танылған. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. Қазіргі күні «ҮМЗ» Акционерлік қоғамы жоғарытехнологиялық және ғылыми жетілдірілген уран, бериллий, тантал өндірісімен, қосалқы өндірістердің дамыған инфрақұрылымымен, сондай-ақ мықты ғылыми-зерттеу базасымен қамтамасыз етілген. 2002 жылдан бастап Үлбі металлургия зауытында қоршаған орта менеджментінің СМОС жүйесі енгізілген. 2003 жылы СМОС ISО 14001 халықаралық стандарты бойынша сертификатталды. Ал 2006 жылы СМОС ISО 14001 халықаралық стандартының 2004 жылғы нұсқасы бойынша қайта сертификатталды.
