Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының болашағы атом аясында қалыптасады
26.07.2006Қазақстан Республикасында Росатом басшысы Сергей Кириенконың болуы барысында Қазақстан премьер-министрі Даниал Ахметов атом кәсіпорны мен знергетикасын дамыту саласында Ресеймен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Қазақстандағы сапары кезінде Сергей Кириенко «Қазатомөнеркәсіп» Маңғыстау атом энергия комбинаты орналасқан Ақтау қаласында болды. Кәсіпорын инфраструктурасының нысандарын, сонымен бірге пайдаланудан шығарылатын жылдам нейтрондарда жұмыс істеген БН-350 реакторын көрді.
Комбинатты аралағаннан кейін жұмыс кеңесі өтті, оны ашу кезінде Қазақстан Республикасының премьері Даниал Ахметов: «Бізді Ресеймен көп жағдай біріктіреді. Біздің бірдей діліміз бар. Біздің барлық салада да, оның ішінде, атом өнеркәсібі мен атом энергетикасында да бірыңғай энергетикалық саясатымыз болуы керек деп есептеймін. Егер энергетикалық ынтымақтастық туралы айтсақ, біз көмір қышқыл энергетикасына біраз жобалар салдық. Бірақ бізге Ресей Федерациясымен ынтымақтастықты дамыту болашағы атом аясында қалыптасатын сияқты».
«Мен мамандардың біраз мәселелер дайындап қойғанын білемін, - деді ары қарай Қазақстан үкіметінің басшысы. - Ең алдымен ол уран өндіруге, уранды байыту жөнінде бірлескен кәсіпорын ұйымдастыруға қатысты. Және де ең келелі мәселе – жаңа буын блоктарын жобалау, соның салдары іспетті, басқа елдердің рыноктарына шығу».
Әңгіме, «Африкантов атындағы Машина жасау тәжірибелік-конструкторлық бюроның» (ОКБМ, Нижный Новгород) ең жаңа әзірлегені болып табылатын, ВБЭР-300 үлгілі үш знергоблоктары бар АЭС-ті жобалау жөнінде болды. Сарапшылардың пікірі бойынша, егер мұндай блоктармен алғашқы АЭС Қазақстанда салынған жағдайда, онда осындай референттікпен рынокқа шығу тіпті де мүмкін болады.
Қазақстанның бұдан бұрын да атомды бейбіт пайдалануда негізгі серіктесі – Ресеймен бірлесе отырып, өз бағдарламасын дамыту ниеті туралы әлденеше хабардар еткенін естеріңізге саламыз.
Атом энергетикасы мен өнеркәсібінің баспасөз орталығы
