Қазақстан республикасы мен алыс және жақын шет елдерінің атом саласының жас мамандары мен ғалымдары үшін жазғы мектепті өткізу туралы

31.05.2007

2007 жылдың 31 мамырында Алматы қаласында «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы (ҰАК) мен Қазақстан ядролық университетімен (еншілес кәсіпорын) ұйымдасытырылған «Қызметті жетілдіру үшін жаңа білім мен басқару қабілеті» атты кезекті Жазғы мектептегі оқуды Қазақстан Республикасы мен алыс және жақын шет елдерінің атом саласының 100-ден аса жас мамандары мен ғалымдары тамамдады.

«Жазғы мектепті» жыл сайын өткізу жас мамандарға зәру Қазақстанның атом энергетикасының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерімен тікелей байланысты. Бұл орайда біз бұл салаға жоғары кәсіби мамандарды даярлап, тартумен белсенді айналысамыз», - деп атап көрсетті, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының президенті Мұхтар Жәкішев.

«Жазғы мектептің» міндеттері: өзекті технологиялық және экологиялық мәселелер бойынша «Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорындарының жас мамандары мен ғалымдарының ғылыми-техникалық кәсіби деңгейін жоғарылату; Қазақстан мен шет елдердің туысқан ғылыми ұйымдар мен университеттер мен өзара қарым-қатынасты күшейту; Компанияның барлық кәсіпорындарының мамандары арасында ақпарат, білім мен тәжірибе алмасу.

2006 жылы «Қазатомөнеркәсіптің» мамандарының кәсіби деңгейін көтеру үшін 170 млн. теңгеден артық қаражат жұмсалса, 2007 жылы бұл мақсатқа 320 млн. теңге шамасында қаражат игерілмек.

Жазғы мектеп жұмысына қатысу үшін мектептің әлеуетті тыңдаушылары – «Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорындарының шығармашылық ойы бар жас мамандары мен ғалымдарымен дайындалған мықты инновациялық жобалары таңдалынды.

«Жазғы мектеп» барысында әлемдік ядролық-отындық циклдің барлық негізгі мәселелері, ядролық энергетиканың радиоэкологиялық сұрақтары, «Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорындарындағы инновациялық даму аспектілеріне ерекше көңіл бөлінген инновациялық ядролы-энергетикалық жүйелер мәселелері талқыланды. Сонымен бірге лидерлік сапаларды дамыту, уақытты басқару, тиімді коммуникациялар мен шешендік өнер секілді тақырыптар бойынша тренингтер болып өтті. Жазғы мектеп бағдарламасына сәйкес қатысушыларға атом саласының кейбір өзекті мәселелері бойынша ақпарат берілді. Тоғыз күн ішінде (Жазғы мектеп 2007 жылдың 21-31 мамыр аралығында өтті) бұл сұрақтар талқыланып, олар бойынша қабылданған шешімдер Дөңгелек үстелдердің қарауына ұсынылды. Дөңгелек үстел барысында бұл мәселелерден басқа жас мамандар мен ғалымдардың конкурстық жобалары қаралды. Құзіретті қазылар мықты жұмыстарды таңдап, авторларды марапттады.

Дәрістерді Ресейдің белгілі ғалымдары Тураев Н.С. (ТПУ, Томск қ.), Носков М.Д. и Макасеев А.Ю.(СГТА, Северск қ.), Артисюк В.В. (ОГТУАЭ, Обнинск қ.),  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК холдингі мен кәсіпорындарының жетекшілері мен осы саланың жетекші мамандары оқыды. Тренингтерді Қазақстан бизнес-тренерлер клубының президенті Цыганенко М. жетекшілігімен ізбасарлар тобы жүргізді.

 


жаңалықтарға оралу