Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары мен қаржы рыногын бақылау және үйлестіру жөніндегі агенттігі “Қазатомөнеркәсіп” ҰАК” АҚ
07.07.20052005 жылғы 21 маусым күні Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары мен қаржы рыногын бақылау және үйлестіру жөніндегі агенттігі “Қазатомөнеркәсіп” ҰАК” АҚ жариялаған 7 896 369 000,00 теңгелік акцияларын шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізіп, бағалы қағаздар эмиссиясының мемлекеттік тіркеуі туралы №А3520 куәлік алынды. Компания акцияларына KZ1C35200019 дәлме-дәлдік нөмірі берілді.
Тіркеу процедурасы компанияның заңдық мәртебесі өзгеруіне және жарғылық қаржы көлемінің ұлғаюына байланысты өткізілді.
Естеріңізге сала кететін жәйт, 2005 жылғы 13 сәуір күні “Қазатомөнеркәсіп” Ұлттық атом компаниясы” Жабық акционерлік қоғамы “Қазатомөнеркәсіп” Ұлттық атом компаниясы” Акционерлік қоғамы болып заңды тіркеуден өткен болатын.
PR басқармасы
