Қыземшек ауылындағы медициналық-санитарлық бөлімнің ашылуы туралы
30.11.20072007 жылдың 30 қарашасында Қыземшек ауылында 30 жатын орыны бар Медициналық-санитарлық бөлімнің (МСБ) ашылу рәсімі өтті. Капиталдық құйылымның жалпы сомасы 390 840 мың теңге құрайды. Кешен жұқпалы ауру, нәрестенің дүниеге келу корпусы, жаңа зертханасы бар жеке-жеке он блоктан тұрады. Дүниежүзіне танымал өндірушілердің озық дәрігерлік жабдықтары қойылған, оның жалпы құны 100 млн теңге. Науқастар 2 уақыт ас ішіп, қажетті дәрі-дәрмектердің бәрімен қамтамасыз етіледі. Мұнда еліміздің ең таңдаулы дәрігер-мамандары тартылған, олардың біліктілігін арттырып, дәрігерлік қызмет сапасын тұрақты жетілдіру қолға алынған. Сондай-ақ, жаңа реанимобиль сатылып алынып, ол қазірдің өзінде талай адамның өмірін сақтап қалуға ықпал еті. Мұндай медициналық мекеме Созақ ауданында бірегей.
Сонымен қатар, Таукент және Қыземшек кенттерінде 2005-2007 жылдары (қайта жаңғырту және күрделі жөндеуден кейін) мына әлеуметтік нысандар іске енгізілді:
1. Мәдени-спорт орталықтары - екі жоба, кітапханасымен, шынығу және спорт залымен, ойын және үйірмелік бөлмелерімен, кафетерий және, балалар мен ересектерге тақырыптық-даму фильмдерді ақысыз көрсететін жаңа кинотеатрмен қамтамасыз етілген. Онда үйірмелер мен спорт секцияларының санын көбейту жөнінде жұмыстар жүргізілуде (қазірдің өзінде 36 үйірмеге 750 бала қатысады). Жыл сайын мәдени-көңіл-көтеру және спорттық-сауықтыру бағдарламалы 12 бұқаралық мереке өткізіледі. Барлық қызметтер жергілікті тұрғындарға ақысыз көрсетіледі.
2. Таукент кентіндегі № 36 орта мектептің - екі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, автомобиль жүргізу сыныбы мен еңбек кабинетінің станоктары сатылып алынды, құрал-жабдықтар, әдістемелік материалдар мен мүлік-жиһаздар жыл сайын жаңаланады, лингафондық кабинет жасақталды. Таукент және Қыземшек ауылдарында қосымша факультативтік сабақ өткізгені үшін мұғалімдерге үстеме ақы төленеді, жағдайы төмен отбасы балаларына көмек беріледі (200-ге жуық бала кеңсе заттарымен, киім, тегін ыстық тамақ және т.б. қамтамасыз етілген). Оқушылар арасында жыл сайын ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылады. Мектеп мұғалімдерінің біліктілік деңгейін көтеру мақсатында Білім жүйесінің біліктілігін арттыру Республикалық институтымен бірлесіп уран өндіруші ауылдардағы мектеп мұғалімдері үшін семинарлар ұйымдастырылады. Жыл сайын ағылшын тілінен олимпиада өткізіледі, оның қорытындысы бойынша балалар ұстаздарымен бірге екі аптаға Ұлыбританияға барып қайтады.
3. Қыземшек ауылында (280 орынды) және Таукент ауылында (160 орынды) балабақшалар салынған – онда эстетикалық интерьер жасалып, жаңа жабдықтар, мүліктер қойылған. Жоғары кәсіптік мамандар құрамы іріктелген. Бассейн қызмет көрсетеді. Мұндай балабақша облыста жоқ.
4. Ойын-сауық орталықтары – Жаңа құрылыс. Мұнда боулинг, бильярд ойындары, караоке және кафетерий бар. Жастар, балалар және үлкендер үшін дискотека өткізіледі. 48 адам жұмыспен қамтылған.
Таукент және Қыземшек ауылдарында мына әлеуметтік жобалар іске асырылмақ:
1. Таукент ауылында 40 жатын орыны бар Медициналық-санитарлық бөлім – аяқталмаған құрылысты жаңғырту, жұқпалы ауруларды емдеу кешені және жаңа зертханасы бар. Жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. МСБ-нің ескі ғимаратында дәрігерлік қызмет сапасын озық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы жетілдіру (50 млн теңгеге шамасында), ең таңдаулы дәрігер-мамандарын тарту арқылы ұйымдастырылған. Су жаңа реанимобиль сатып алынды. Нысана 2009 жылы пайдаланымға беріледі.
2. Таукент ауылындағы 280 орынды балабақша - қазіргі кезде жобалық-сметалық құжаттамасы аяқталуда. Бақша барлық қажетті құрал-жабдықтармен, қамтамасыз етілген. Онда жоғары білікті мамандар тартылған. Нысана 2009 жылы пайдаланымға беріледі.
3. Қыземшек ауылындағы орта мектепте – күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарланған, жаңа мүлік-құралдармен жабдықтау, оның сыйымдылығын қосымша 365 орынға кеңейту және спортзал салу жоспарланған. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Нысана 2009 жылы пайдаланымға беріледі.
4. Қыземшек ауылындағы жүзу бассейні - оқу-жаттығу және сауықтыруға арналған 25 метрлік, 6 жолды жүзу бассейнінің жобалық-сметалық құжаттамасын жасау қолға алынды. Нысана 2009 жылы пайдаланымға беріледі.
5. Қыземшек және Таукент ауылдарында жүгіру жолы бар спорттық құрылымдар – жаңа құрылыс. Оған трибуналары бар мини-футбол алаңын, теннис корты мен волейбол-баскетбол алаңдарын, тұрмыс жайларын енгізу жоспарланған. Нысана 2009 жылы пайдаланымға беріледі.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» алдына қойған жоспары бойынша үш уран өндіруші ауылдың әрқайсысында жаңа жабдықтармен, әдістемелік материалдармен жабдықталған кем дегенде бір балабақша және бір орта мектеп, МСБ стационарлық бөлімшесі мен мәдени-спорт орталығының ашылуы (салынуы немесе күрделі жөделуі) керек. Бұл жоспарды «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» орындап, енді уран өндіруші аймақтың басқа аудандарында әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға кірісті.
2006 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Оңтүстік Қазақстан облысының Әкімшілігі арасында ОҚО Созақ, Бәйдібек, Отырар аудандарындағы ынтымақтастық, әлеуметтік саланы қолдау және дамыту туралы Меморандум жасалды. Осы құжат бойынша Компания аталған аудандардың мектептерін, балабақшаларын, ауруханаларын, клубтары мен басқа да әлеуметтік нысаналарын қаржыландырумен, жабдықтаумен, құрылысын және күрделі жөндеуін жүргізумен шұғылданады. Нысаналар салынып біткеннен кейін олар тиісті аудан әкімшіліктерінің коммуналды меншігіне тегін тапсырылады. Уран өндіруші аймақтарды дамытудың әлеуметтік бағдаламасы жасалды және «Қазатомөнеркәсіп» мына жобаларды жүзеге асырды: Жартытөбе аулында бассейнмен, жиһаз-жабдықтарымен, барлық қажетті мүліктерімен жабдықталған 55 орынды балабақша салынды. Шолаққорған ауылында жас мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған 3 тұрғын үй салынды. Басбұлақ және Қылти ауылдарында жаңадан жабдықталған фельдшерлік-акушерлік пункттер құрылысы аяқталды. Бәйдібек ауданында суқұбыры (Капшағай-Шаян) жөнделді, әрі 720 орынды мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, қазір жұмыстың 30-40 % орындалды, шатыры жабылып, жылу жүргізілді. Аудан орталығы Шаянда 2008 жылы ашылатын Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстары басталды. Отырар ауданындағы Темір аулында жаңа мектеп салынып жатыр, Көксарай аулында 1170 орынды орта мектептің күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде, қазір оның шатыры толық жабылды. Жақын арада Шолаққорған және Шәуілдірде спорт-сауықтыру кешендерінің, Шәуілдір аулында бала-бақшаның, Шолаққорғанда туберкулезге қарсы диспансердің құрылысы басталады. Осы нысандардың жобалық-сметалық құжаттарына қол қойылды. Әлеуметтік жобаларды қаржыландыру жыл сайын артып жатқанын атап өту керек.
