Қызылорда облысында ірі инфрақұрылымдық нысаналардың ашылуы туралы
23.11.20072007 жылдың 23 қараша күні Сырдария өзенінің үстінен салынған көпірдің, сонымен қатар Жаңақорған ауылының маңындағы № 26 жол айрығындағы темір жол стансасының ресми ашылу рәсімі өтті.
Нысаналардың ашылу рәсіміне Қызылорда облысының әкімі Мұқтар Құл-Мұхаммед және «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының президенті Мұқтар Жәкішев қатысты.
Жаңа көпірдің құрылысы 2006 жылдың 15- қарашасында басталған. Оны қаржыландыруға жұмсалған 1 906 913 теңгені «Қызылқұм» ЖШС өз мойынына алды. Көпір құрылысы жобасының бас мердігері – «Трансқұрылыскөпір» ЖШС (Қапшағай қ) Көпір ұзындығы 303 метр және көпірге әкелетін жол 3 км.
Бастапқы жоба бойынша көпір құрылысы «№6 Кен басқармасы» ЖШС-не шығатын Шиелі ауылының маңында жүргізілмек болған, алайда жергілікті әкімшілік пен тұрғындар өтінішімен көпір құрылысы Жаңақорған аудан орталығына көшіріледі. Бұл көпірдің аймақ үшін әлеуметтік маңызы аса зор, себебі бұған дейін тұрғындар Сырдарияны уақытша қалқымалы өткелдер көмегімен кешіп өтетін. Қыс кезінде өткелмен өту қиынға соғып, қауіпті болды, ал ең жақын көпір 50 шақырымда орналасқан.
Темір жол стансасының құрылысы 2007 жылдың наурыз айында бастау алды. Жобаны қаржыландыруға жұмсалған 941 550 теңге де «Қызылқұм» ЖШС есебінен берілді. Станса әр қайсысы 1050 метрлік 2 қабылдау-жөнелту жолынан тұрады. Сондай-ақ, қолданыстағы қабылдау-жөнелту жолдары ұзартылған. Және ұзындығы 450 метрлік тұйық жол (тупик) бар. Бұл іс-шаралар жүк тиелген және бос вагондардың стансада тұруына мүмкіндік береді. Стансаның жүк айналымы:
- қабылдау – жылына 650 мың тонна;
- жөнелту – жылына 12,5 мың тонна.
Сонымен қатар тұрақ паркімен қосатын жалғаушы темір жолдар салынған, олар «Қызылқұм» ЖШС-нің көлік асу базасына каустикалық сода, аммиактық селитра, күкірт қышқылы, жанар-жағар май және басқа материалдар тиеген цистерналардың келуін, сондай-ақ, дайын өнім – сары кек пен уран тотығының жөнелтілуін қамтамасыз етеді. Қазіргі күні ел аумағында ондай стансалар бірнешеу ғана. Бұл станса автоматизация және жайластырылуы бойынша ең жақсы стансалардың бірі болып табылады.
Осы нысаналармен қатар:
Қашықтығы 37 км. құрайтын көлік жолының құрылысы іске асырылды. Жол құрылысы 2006 жылдың қазан айында басталып, 2007 жылдың қазан айында аяқталған. 1 948 683 мың теңге көлеміндегі қаржыландыруды «Қызылқұм» ЖШС жүргізді. Көлік жолы «Қызылқұм» ЖШС өндірістік алаңы мен көпір арқылы өтетін көлік асу базасын байланыстырады. Бұл жобаның да әлеуметтік маңызы ерекше, өйткені жаңа жолмен Байкенже ауылының тұрғындары Жаңақорған аудан орталығына қатынайтын болады.
«Қызылқұмның» - тарихы шамалы. Қазіргі күні компанияның барлық өндірістік нысаналары құрылыс кезеңінде. Алайда, қазірдің өзінде «Қызылқұм» аймаққа әлеуметтік қолдау көрсетіп отыр. Кәсіпорын 2005-2007 жылдар аралығында ауданның әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін 26 млн. теңге бөлген: тұрмысы нашар отбасыларына көмек, студенттерге қолау, мектептерді құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, «Қорасан-Ата» Кесенесінің құрылысы. Жергілікті әкімшілік өтінішімен жалпы пайдаланымдағы жолдарға 56 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорынға жергілікті тұрғындар қабылданып, оларға арнайы өндірістік білім беріледі. Қазіргі күні ондай жұмысшылардың саны 78-ге жуықтап қалды. .
Сөйтіп, қазірдің өзінде 137 жұмыс орны құрылған, олардың 103-і тікелей Қорасан-1 кенішінде. 2008 жыл соңына дейін кеніштің қызметкерлер санын 250-ге, ал 2009 жылы - 350-ге дейін жеткізу көзделіп отыр.
2005-2007 жылдары Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының бюджетіне төленген салық пен басқа да міндетті төлемдер 213 млн. теңге құрады. Кеніште өнеркәсіптік өндіріс басталысымен, кәсіпорынның салық төлемдері айтарлықтай арта түседі.
Ескертпе _________________________________________________________________________
- «Қызылқұм» ЖШС 2005 жылдың мамыр айында салынған. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» әзірлеген «15 000 тонна» бағдарламасы аясында құрылды. «Қызылқұм» ЖШС ҚР Үкіметінің 23.01.04 жылғы №78 қаулысымен бекітілген «2004-2015 ж.ж арналған ҚР уран саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасын» іске асыруға қатысады. «Қызылқұм» серіктестігін құрудың басты мақсаты – Солтүстік Қорасан уран кенішін игеру жобасын іске асыру. Оның құрылтайшылары: «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ – 30 %, «Energy Asia (BVI) Limited» компаниясы (Жапон энергетикалық компанияларының консорциумы) - 40%; «UrAsia London Limited» компаниясы («Uranium One» компаниясының еншілес кәсіпорыны)- 30%.
- «Қазатомөнеркәсіп» - уран және басқа да материалдарының экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания акцияларының 100 % ҚР Энергетика және минералды ресурстар Министрлігіне, яғни, мемлекетке тиесілі. Ол алты негізгі бағытты басқаратын холдинг. Ол бағыттар: геологиялық барлау, уран өндірісі, металлургия, энергетика, өндірісті ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету және мамандар дайындау, сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру. Қазіргі күні компанияда 23 000 адам жұмыс істейді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының қатарына кіреді. Қосымша ақпаратты сіздер www.kazatomprom.kz сайтынан таба аласыздар.
