қоғамдық тыңдаулар туралы
13.11.20072007 жылдың 7 қараша күні Жаңақорған ауылында (Қызылорда облысы) осы аймақта күкірт қышқыл зауытын құру және оның ҚР Экологиялық Кодекс талаптарына сай қоршаған ортаға ықпалын бағалау жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді.
Қоғамдық тыңдауларға Қызылорда облысы және Жаңақорған ауданының департамент, басқарма, мемлекеттік және өкілетті органдар және кәсіпорындар жетекшілері, аудандық, ауылдық аймақтар әкімшілігінің қызметкерлері, мәслихат депутаттары, облыстық және аудандық БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері (аудандық ҰОС және еңбек ардагерлерінің кеңесі, аудандық әйелдер кеңесі, аудандық мұсылман ерлер қоғамы, Чернобыль-Семей қоғамдық бірлестігі, Ауғанстандағы соғыс арагерлерінің қоғамы, ұлттық білім беру саласындағы жұмысшылар кәсіподағының аудандық комитеті және т.б.) аудан жұртшылығы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ, «Жоғары технологиялар институты» ЖШС, «СКЗ-U» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС, «№6 КБ» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС өкілдері жиналды. Қатысушылардың жалпы саны 207 адам.
Кіріспе сөз Жаңақорған ауданының әкімі Әнуарбек Қалтаевқа берілді. Өз сөзінде ол өткізіліп отырған қоғамдық тыңдаулардың маңызын атап өтіп, жоспарланған жұмыстарды атқару кезінде талаптардың сақталу қажеттілігін басып айтты.
Жаңақорған ауданының тұрғындарына өз үндеуін «СКЗ-U» ЖШС Бас директоры Мәдихан Бекжанов жолдады. Ол күкірт қышқыл зауыты (КҚЗ) құрылысының аудан үшін әлеуметтік маңыздылығын қозғап, бұл жобаның аудандағы серпінді жобалар қатарына кіргенін атап өтті. Аталған жоба үстіміздегі жылдың қазан айында Астана қаласында ұсынылған болатын. Ол Қызылорда облысының индустриалды және инновациялық даму бағдарламасына енгізілген.
Баяндама оқығандар қатарында:
- Манас Ысқақов – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің жетекші менеджері. Баяндама тақырыбы: «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының экологиялық саясаты»;
- Якия Арыстанбаев – «СКЗ-U» ЖШС Қызылорда облысы бойынша аймақтық директоры. Баяндама тақырыбы: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ Қызылорда облысы бойынша өндірістік жоспарлары және күкіртқышқыл зауыты құрылысның бағдарламасы».
- Павел Пантюшин – «СКЗ-U» ЖШС Бас директорының өндіріс бойынша орынбасары. Баяндама тақырыбы: «Жобаланып жатқан зауыттың техникалық сипаттамасы және оның технологиялық өзгешеліктері».
- Наукен Бегайдаров – «ЖТИ» ЖШС бас маманы, баяндама тақырыбы «Жобаны әзірлеу және КҚЗ жалпы дизайны».
- Ақмұрат Алтынбек – «№6 КБ» ЖШС ПТО бастығы, баяндама тақырыбы «Уран өндірісінде күкірт қышқылын пайдаланудың қажеттілігі мен маңызы».
Сонымен қатар, жиналғандар назарына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК кәсіпорындарындағы қоршаған ортаны қорғау және техникалық және радиациялық қауіпсіздік жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы бейнефильм ұсынылды.
Тыңдаулар қоғам және жергілікті атқарушы билік өкілдері арасында аталған жобаға қатысты белсенді қызығушылық тудырды. Жергілікті тұрғындар өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді, ол пікір-тілектер қоғамдық тыңдаулар хаттамасына енгізілді.
«СКЗ-U» ЖШС – 2007 жылдың 25 тамыз күні Қызылорда облысы, Жаңақорған облысының Байкенже ауылында тіркелген. Жаңақорған ауданында өндірістік қуаттылығы жылына 5000 тонна уран шығаратын екі жаңа кеніш бой көтеруде. Ол «СКЗ-U» ЖШС шығаратын күкірт қышқылының негізгі тұтынушылары болатын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК «2010 жылға қарай 15000 тонна» атты табиғи уран өндірісін арттыру бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр. ККЗ жобалық қуаттылығы жылына 500 мың, немесе тәулігіне 1500 тонна құрайды. Содай-ақ, «СКЗ-U» ЖШС күкірт қышқылы өндірісінен өзге, шамамен 18 МВ электр энергиясын және нысаналарды жылумен қамтамасыз ететін өндірістік бу (сағатына 20 тонна) шығаратын болады.
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы - Қазақстанның уран және басқа да материалдарының экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания акцияларының 100 % ҚР Энергетика және минералды ресурстар Министрлігіне, яғни, мемлекетке тиесілі. Ол алты негізгі бағытты басқаратын холдинг. Ол бағыттар: геологиялық барлау, уран өндірісі, металлургия, энергетика, өндірісті ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету және мамандар дайындау, сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру. Қазіргі күні компанияда 23 000 адам жұмыс істейді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының қатарына кіреді.
