Үлбі металлургиялық зауытына экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің сапары туралы

11.05.2007

2007 жылдың мамыр айының 03 мен 05 аралығында «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-на («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) «Қазақстан ядролық қоғамы» қауымдасытығының қатысуымен экологиялық үкіметтік емес ұйымдарының (ҮЕҰ) өкілдерінің сапары болып өтті. Делегацияның құрамында келесі ұйымдардың өкілдері кірді: «ЭкоФорум» (Алматы қ.), «Экомұражай» ҚБ (Қарағанды қ.), «Табиғатты қорғау Қазақ қоғамының Шығыс Қазақстан бөлімі» (Өскемен қ.), «Бумеранг» Мәдени-экологиялық бірлестік (Ридер қ.), «Семей аймағында ядролық сынақтан жапа шеккендерге көмек» ҚБ (Семей қ), «Green  Woman» Экологиялық ақпарат ортылғы (Алматы қ.), «Экологический курьер» газеті.

Үлбі металлургиялық зауытында («ҮМЗ» АҚ) өндірістің ядролық және радиациалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау салаларында жоғары стандартарды жұртшылыққа жариалау осы турдың мақсаты болды. Делегация берилли, тантал мен уран өндірісінде, «Қалдық шаруашылығы» учаскесі мен «Сибины» демалыс базасы әлеуметтік объектісінде болып қайтты.

Өндіріс орындарына сапар барысы мен тазалау қондырғыларымен таныстыру кезінде экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне келесі құжаттар берілді, және ол құжаттарға ҮЕҰ-дары оң бағасын берді:

  • Қоршаған ортаның менеджмент Жүйесі шеңберінде дайындалған «ҮМЗ» АҚ-ның Экологиялық саясаты;
  • Қоршаған ортаның менеджмент Жүйесі шеңберінде дайындалатын әр жыл сайынғы эколгиялық бағдарламалар туралы Ақпарат;
  • «ҮМЗ» АҚ-ның экологиялық бағдарламаларын қаржыландыру туралы ақпарат. (Жыл сайын «ҮМЗ» АҚ-ның қошаған ортаны қорғауға жұмсалатын қаражаттың жалпы сомасы 400 млн. теңгені құрайды);
  • 2004-2006 жж. арналған экологиялық бағдармалардың орындалуының қорытындысы;
  • «ҮМЗ» АҚ-ның өндірістік қызметі қоршаған ортаның компоненттеріне айтарлықтай теріс әсер етпейтінін айғақтайтын атмосфералық ауа мен беткей суларының жағдайы туралы жылдық талдау және бақылаудың қорытындысы.

Кездесу кезінде экологиялық ҮЕҰ қызметкерлердің ғана емес, жалпы алғанда Өскемен қаласының тұрғындарының да ядролық және радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жоғары деңгейін атап өтті. «Экофорумның» төрайымы (Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарының бірлестігі) Қайша Атаханова «Мен зауытта тыңғылықты экологиялық бақылауды көргенім өте маңызды. Арнайы зертханалар мен мамандар бар. Технология экспортқа шығарылатын жоғары сапалы өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Бұл жағдай шығарылып жатқан өнімнің деңгейі халықаралық талаптарға сай екені туралы айтуға мүмкіншілік береді. Инновациялар мен қазіргі заманғы көзқарастар бар – бұл да өте бағалы. Зауыт  ISО 14001 халықаралық сертификациядан өткені маңызды», - деп мәлімдеді.

Сапардың қорытындысы бойынша экологиялық ҮЕҰ-дардың өкілдері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «ҮМЗ» АҚ-на келесі ұсыныстарын берді:

  • «ҮМЗ» АҚ-ның веб-сайтында кәсіпорын тарапынан ластауды азайту мен қоршаған ортаға әсер ету туралы материалдарды жайында экологиялық ақпараттарды кеңейту;
  • Жұртшылыққа қол жететіндей экологиялық бағыттар бойынша ақпараттық бюллетендерді дайындауды ұйымдастыру;
  • ҮЕҰ мен біріге отырып «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның экологиялық заңнамалармен белгіленген міндетті жобаларына ғана қатысты емес, сонымен бірге өз еркімен тұрғындарды экологиялық ағарту үшін қоғамдық тыңдауларды өткізуді ойластыру.

Бұл ұсыныстар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен сөзсіз ескеріліп жақын арада іске асырылады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ екінші жыл қатарынан Қазақстанның экологиялқ жұртшылығымен ашық диалог құру мақсатында жоспарлы жұмыс жүргізіп келе жатыр. 2006-жылы компаниямен экологиялық ҮЕҰ-дармен Мыңқұдық кенорнының Шығыс учаскесіндегі уран өндіру кенішіне (Оңтүстік Қазақстан облысының Қыземшек кенті) және БН-350 атом реакторына (Маңғыстау облысының Ақтау қаласы) сапар ұйымдасртырылды. Осы экологиялық турдың арқасында 10-нан аса экологиялық ҮЕҰ-дардың өкілдері атом реакторын пайдаланудан шығару процесі мен «Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорындарында уранды жерасты шаймалау қазіргі заманғы әдісі арқылы өндірудің қауіпсіздігінің жоғары деңгейімен танысты. Бұл уран өндірісінің қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретіні туралы тұрмыстық пікірдің өзгеруіне ықпал етті.

________________

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы уран мен басқа да екі ұдай қолдану материалдарын экспорттау жөніндегі Қазақстанның ұлттық операторы. Компанияның 100 % акциясы мемлекетке (Энергетика және минералды ресурстар министрлігі) тиесілі.  «Қазатомөнеркәсіп» геологиялық барлау, уран өндіру, металлургия, энергетика, өндірісті ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету және мамандарды қайта даярлау, әрі әлеуметтік қамсыздандыру секілді қызметтің негізгі алты түрін басқару жөніндегі холдинг болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 20 000-ға жуық адам қызмет атқарады. Компания әлемдегі уран өндіретін ең ірі компаниялардың «үштігіне» кіреді.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ы («ҮМЗ» АҚ-ы) атом электростанциялары үшін уранның диосидінен отын таблеткаларын, берилий-, тантал- мен ниобиқұрамды өнімді өндіру жөнінен әлемдік лидерлерлердің бірі. Кәсіпорынның 90 %  акциясы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясына тиесілі. Бүгінде «ҮМЗ» АҚ-ының құрамында жоғары технологиялық және ғылыми сиымды металлургиялық өндірістер шоғырланған: уран, бериллии мен тантал бойынша, көмекші өндірістің дамыған өндірісі, оған қоса мықты ғылыми-зерттеу базасы бар: орталық ғылыми-зерттеу зертхана, орталық зауыттық зертхана, өлшеу техникасының орталық зертханасы, ақпараттық технологиялар орталығы, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау зертханасы мен жобалы-конструкциялық институт. «ҮМЗ» АҚ-ының қатысуымен еншілес кәсіпорындар құрылған. Олардың ішінде машина құрылысының зауыты, минералды шикізатты өндіру мен өңдеу жөніндегі, көлік пен әлеуметтік сала бойынша құрылымдар, бериллий өнімін өндіру мен нарыққа шығару бойынша Ресей мен Қазақстанның аумағында біріккен кәсіпорындар бар.

«ҮМЗ» АҚ-ында 2002 жылдан бері қоршаған ортаның менеджмент жүйесі (ҚОМЖ) ендіріліп, қолданылуда. 2003 жылдан бері ҚОМЖ ISО 14001 халықаралық стандарты бойынша сертификацияланған. 2006 жылы ҚОМЖ ISО 14001 халықаралық стандартының 2004 жылғы түрі бойынша реестрленген.


жаңалықтарға оралу