Әлемде тұңғыш рет жерастыңғы ұңғымен сілтілендіру кенішінде 1 жыл ішінде мың тонна уран өндірілді
22.12.20062006 жылдың 22 желтоқсанның, уран өндіру жөніндегі «Ақ дала» кенішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданындағы «Бетпақ Дала» Бірлескен кәсіпорыны (БК)» ЖШС-гі бір тонна уранды өндірді. Тұңғыш рет әлемде жерастыңғы ұңғымен сілтілендіру әдісі бойынша бір жылда өнімнің мұндай көлемі бір кеніште өндірілді.
Кеніш «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының уран саласындағы әлем нарығының қажеттілігін уран өндіруді 2010-жылға қарай 15000 тоннаға жеткізу арқылы қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламасының аясында іске қосылған.
900 тонна уран деп бекітілген өндірістік жоспар 2006 жылдың 25 қарашасында-ақ орындалды. «Бұл «Бетпақ Дала» БК-ның Директоры Рифат Ризоевтың басшылығымен бүкіл ұжымның жемісі. Кеніштің әрбір жұмысшысы 2006 жылы 1000 тонна деген мақсатқа жету үшін қол ұшын берді. Бізде таудан асарлық жоспраларымыз бар. Біз Қазақстан Республикасының уран өндіретін ең мықты кәсіпорындарының үштігіне кіргіміз келеді», - деп, кеніштің Директоры Бауыржан Бердалиев атап айтты.
«Ақ дала» - жас әрә дамушы кеніш. Кеніш орынының жалпы қоры мен ресурстары 14 мың тоннаға бағаланған. Осы жерде уранды өнеркәсіптік өндіру 2004 жылы басталса, 2005 жылы ол 726 тоннаға жетті. «Бетпақ Дала» БК-ның жоспары бойынша 2011-жылға қарай, Оңтүстік Ыңғай жеріндегі салынып жатқан кеніштің қуатын қоса есептегенде, бір жылға 3000 тонна уран беретін өндірістік қуатқа шығу өзделіп отыр.
Ескертпе:
«Бетпақ Дала» БК-ны 2004 жылы құрылған. ЖШС-нің құрылтайшылары канадалық «Urasia Energy» компаниясы және қазақстандық «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ы. 2006 жылдың 14 ақпанынан бастап «Бетпақ Дала» БК-нында МС ISO 9001: 2000 (сапаның менеджментінің жүйесі), OHSAS 18001:1999 (кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджментінің жүйесі), МС ISO 14001:2004 (экологиялық менеджмент жүйесі) талаптарына сәйкес келу Менеджмент жүйелерін ендіру жөніндегі жұмыстар басталды. 2006 жылдың қарашасында «РУССКИЙ РЕГИСТР» Сертификациялау жөніндегі қауымдастығымен ұйымдағы бар менеджменттің жүйелерін халықаралық қалыптардың талаптарына сай келетін сертификацияға дайындығын білу мақсатында алдын-ала тексеру өткізілді. Тексерудің нәтижесі оңтайлы болды.
