“ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП” ҰЛТТЫҚ АТОМ КОМПАНИЯСЫН ЭКСПОРТ АЛДЫНАН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАНЫ ТУРАЛЫ
07.06.2005Бүгін, 2005 жылғы 17 маусым күні Париждегі (Франция) Natexis Banques Populaires (Натексис Банк Попюлэр) кеңсесінде “Қазатомөнеркәсіп” Ұлттық атом компаниясы мен 11 халықаралық банктер бірлестігі арасында 150 миллион АҚШ доллары көлеміндегі экспорт алдындағы қаржыландыру бойынша Келісімге қол қою рәсімі өтті.
Несиені ұйымдастыруға өкілетті үйлестіруші ретінде әрекет ететін Natexis Banques Populaires пен Несиені ұйымдастыруға өкілетті Citibank, N.A. (Ситибанк) бірлескен несиенің басты ұйымдастырушысы болып отыр.
Қол жеткізілетін қаржыны “Қазатомөнеркәсіп” өндірісті және табиғи уран концентратын (U3O8) экспорттауды, сондай-ақ уран кеніштерін барлау мен игеруді қаржыландыруға жұмсамақ. Несие 3 жылдық мерзімге беріліп отыр.
Бұл келісім “Қазатомөнеркәсіп” үшін алғашқы халықаралық бірлескен несие саналып, уран рыногында өз қызметін кеңейту жоспарларына байланысты компанияның одан әрі өркен жаюына жол ашады деп күтілуде.
“Қазатомөнеркәсіп” делегациясы Франциядан оралған соң толық ақпарат таратылатын болады.
