Жаңалықтар

Mұрағат:   2005    2006    2007    2008    2009    2010    2011    2012   
21.10.2005
БАСПАСӨЗ БАЯНЫМАГАТЭ техникалық ынтымақтастық жобасын іске асыру шеңберінде “Орталық Азияда уран өндіретін кәсіпорындар қызметі нәтижесінде жиналған қалдықтарды қауіпсіз пайдалану” семинарын өткізу туралы.
2005 жылдың 21 қазанында, Атом энергетикасы жөніндегі Халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің атом энергетика жөніндегі Комитетімен бірлесіп ұйымдастырған, “Қазатомөнеркәсіп” Ұлттық атом компаниясының қатысуымен, бес күндік семинары аяқталады.

07.10.2005
Баспасөз баяны Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында қоғамдық тыңдау өткені туралы
“Қазатомөнеркәсіп” Ұлттық атом компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы Қыземшек кенті әкімдігінің қолдауымен Мыңқұдық кен орнының Батыс және Орталық учаскелерінде, Ыңғай кен орнының №4 учаскесінде, Буденовское кен орнының №2 учаскесінде жоспарланған жаңа жобаларға байланысты қоғамдық тыңдау өткізді.

19.09.2005
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ “ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП” ҰАК-ның НЕСИЕ РЕЙТИНГІН АЛУ ЖӘНЕ ДЕБЮТТІ ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАР ШЫҒАРУ ТАЛАБЫ ТУРАЛЫ
“Қазатомөнеркәсіп” Ұлттық атом компаниясы несиелік рейтинг алу бойынша қаржы кеңесшісі және 2006 жылға белгіленген дебютті еурооблигациялар шығаруға ұйымдастырушы болуға Citigroup Global Markets Limited-ті өкілетті етіп бекітті.

13.09.2005
Баспасөз баяны “Қазатомөнеркәсіп” Ұлттық атом компаниясы мен Мизухо Корпорейт банкі арасында $60 млн-ға экспорт алдындағы қаржыландыру бойынша келісімге қол қойылғаны туралы
Бүгін, 2005 жылғы 13 қыркүйек күні Алматыда “Қазатомөнеркәсіп” Ұлттық атом компаниясы (Қазақстан) мен Мизухо Корпорейт банкі (MIZUHO CORPORATE BANK, LTD, Жапония) арасында $60 млн. экспорт алдындағы қаржыландыру бойынша келісімге қол қою рәсімі болып өтті. Бұл келісімге байланысты тәуекелді Жапонияның Экспорттық Инвестициялық компаниясы (NEXI, Nippon Export and Investment Insurance, Жапония) сақтандырады.

01.09.2005
Үстіміздегі жылдың 31 тамыз - 1 қыркүйек күндері Камеко корпорациясының (Cameco Corporation) президенті Джеральд Грэнди (Gerald W. Grandey) мен “Қазатомөнеркәсіп” Ұлттық атом компаниясы” Акционерлік қоғамы президенті Мұхтар Жәкішев “Ыңғай” қазақстан - кан
Үстіміздегі жылдың 31 тамыз - 1 қыркүйек күндері Камеко корпорациясының (Cameco Corporation) президенті Джеральд Грэнди (Gerald W. Grandey) мен “Қазатомөнеркәсіп” Ұлттық атом компаниясы” Акционерлік қоғамы президенті Мұхтар Жәкішев “Ыңғай” қазақстан - канада біріккен кәсіпорны игеріп жатқан Ыңғай кен орнына біріккен сапар жасады. Сапардың басты мақсаты кәсіпорынның тәжірибелік өндірісімен танысу, сондай-ақ өндірісті кеңейту, инвестиция көлемін ұлғайту, әлеуметтік қолдау бағдарламасын дамыту жолдарын зерттеу және жоспарларды талдау болып табылады.

25.08.2005
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ ҚАЗАҚСТАНДА МОЛИБДЕН ӨНДІРІСІН ЖАСАУ ТУРАЛЫ
2005 жылғы 20 тамыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жұмыс сапарымен Степногорск қаласында болды. Сапары барысында мемлекет басшысы “Қазатомөнеркәсіп” Ұлттық атом компаниясы” АҚ президенті М.Е.Жәкішевпен және Степногорск тау-химия комбинатының Бас директоры Э.А.Пірматовпен кездесіп, сұхбаттасты.

07.07.2005
Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары мен қаржы рыногын бақылау және үйлестіру жөніндегі агенттігі “Қазатомөнеркәсіп” ҰАК” АҚ
2005 жылғы 21 маусым күні Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары мен қаржы рыногын бақылау және үйлестіру жөніндегі агенттігі “Қазатомөнеркәсіп” ҰАК” АҚ жариялаған 7 896 369 000,00 теңгелік акцияларын шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізіп, бағалы қағаздар эмиссиясының мемлекеттік тіркеуі туралы №А3520 куәлік алынды. Компания акцияларына KZ1C35200019 дәлме-дәлдік нөмірі берілді.

15.06.2005
БН-350 РЕАКТОРЫН ҚОЛДАНЫСТАН ШЫҒАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОБАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ БІРІККЕН КЕҢЕС ТУРАЛЫ
Кеңес жұмыс бабындағы басқосу түрінде болып, соңғы үш айда атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығаруға арналады. Басқосуды өткізудің мақсаты бұған дейін келісілген жұмыс тапсырмалары мен ағымдағы жобалардың орындалу барысына егжей-тегжейлі талдау жасау, туындаған проблемаларды талқылау, жұмыстың орындалу кестесін саралау, оларды жетілдіру мен тиянақтау, Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) ауқымында атқарылатын жаңа жобалар үшін тәуекелдерді бағалау.

07.06.2005
“ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП” ҰЛТТЫҚ АТОМ КОМПАНИЯСЫН ЭКСПОРТ АЛДЫНАН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАНЫ ТУРАЛЫ
Бүгін, 2005 жылғы 17 маусым күні Париждегі (Франция) Natexis Banques Populaires (Натексис Банк Попюлэр) кеңсесінде “Қазатомөнеркәсіп” Ұлттық атом компаниясы мен 11 халықаралық банктер бірлестігі арасында 150 миллион АҚШ доллары көлеміндегі экспорт алдындағы қаржыландыру бойынша Келісімге қол қою рәсімі өтті.

30.05.2005
Жас мамандар мен ғалымдардың «Қазақстан мен орталық азия елдерінің атом өнеркәсібі кәсіпорындары үшін жаңа білім, инновациялық жобалар және зерттеу бағдарламалары» жазғы мектебін өткізу туралы
2005 жылғы 31 мамыр - 10 маусым күндері аралығында Алматыда «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы (ҰАК) ұйымдастыруымен жас мамандар мен ғалымдарға арналған «Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің атом өнеркәсібі кәсіпорындары үшін жаңа білім, инновациялық жобалар және зерттеу бағдарламалары» жазғы мектебі жұмыс істейді.

1