2006 жылғы 12 қазанда Мәскеуде атом энергиясын бейбіт пайдалану саласында үш ресей-қазақстан біріккен кәсіпорындарының құрылтай құжаттарына қол қою болып өтті.
13.10.20062006 жылғы 12 қазанда Мәскеуде атом энергиясын бейбіт пайдалану саласында үш ресей-қазақстан біріккен кәсіпорындарының құрылтай құжаттарына қол қою болып өтті. Қол қойылған құжаттар ресей және қазақстан ұйымдарының БК-ға тең негізде, жарғылық капиталдағы бірдей үлеспен қатысуын белгілейді.
«Ақбастау» БК (тіркелу орны – Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы) ресей дизайнындағы реакторларды отынмен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағындағы «Оңтүстік Заречное» кен орнын және «Буденовское» уран кен орнының учаскелерін игеру үшін құрылып отыр.
«Уранды байыту жөніндегі орталық» БК (тіркелу орны –Ангарск қаласы, Иркутск облысы, Ресей Федерациясы).
«Атом станциялары» БК (тіркелу орны – Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы) ВБЭР-300 жаңа типті энергоблоктары бар атом реакторы Ресей, Қазақстан және үшінші елдер рыноктарына әзірлеп, енгізу үшін құрылады. Бүгінгі күні БК алдында осы реактордың жобалау-сметалық құжаттарын бірлесіп аяғына жеткізу міндеті тұр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ВБЭР-300 жаңа типті энергоблоктары бар реакторды әлемнің үшінші елдеріне сату қазақстан-ресей «Атом станциялары»БК-нің экспорттық ұстанымы болып табылады. Оның негізгі конструкциялық шешімдері Кеңес одағының әскери-теңіз флоты реакторларында еш авариясыз 6000 реактор/жылдан аса жұмыс істеген байқаудан өткеніне және өзін-өзі көрсеткеніне негізделеді. Бұл реактор өзінің техникалық сипаттары жағынан соңғы буын реакторларына жатады. Оның 300 МВт қуатын ескере отырып, ол рынокта сұранысқа ие болатын осындай қуаты бар жалғыз реактор болады.
Жоғарыда аталған кәсіпорындардың құрылуы, 2006 жылғы 25 шілдедегі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Д.К.Ахметов пен Росатом басшысы С.В.Кириенконың жұмыс кеңесі барысындағы «Техснабэкспорт» ААҚ, «Атомстройпроект»ЖАҚ және «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК»АҚ-пен қол қойылған меморандумдармен қарастырылған және Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путин мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы 25 қаңтардағы атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы қатынастар туралы бірлескен мәлімдемесінде анықталған Ресей мен Қазақстанның ядролық- өнеркәсіптік кешендері кәсіпорындарын интеграциялау бойынша бірінші кезектегі міндеттерді жүзеге асыру барысындағы нақты бірінші қадам болып табылады.
