2007 жыл бойынша Қазақстандағы уран өндірісінің ауқымы

23.01.2008

2007 жыл қорытындысы бойынша Қазақстандағы уран өндірісінің ауқымы 6 637 тонна құрады, бұл 2006 жылы өндірілген 5 281 тонна уран шикізатынан  25,7% артық. Уранның Қазақстан бойынша өндірілген жалпы ауқымының құрамына «Қазатомөнеркәсіп Ұлттық атом компаниясының үлестері, Холдинг басқаратын Қазатомөнеркәсіптің және Степногор тау-химия комбинатының біріккен кәсіпорындарының үлестері кіріктірілген. 

2007 жылы өндіріс өсімінің қарқыны 2006 жылмен салыстырғанда 4,2 пайыз құрады.

Компанияның бағдарламалық мақсаты табиғи уран өнірісін 2010 жылға қарай жылына 15 000 тоннаға дейін жеткізіп, соның арқасында Қазақстанды осы көрсеткіш бойынша бірінші орынға шығару болып табылады.

2008 жылы шамамен 9 600  тонна уран өндіріледі деп жоспарланып отыр.

Казақмыс корпорациясының қуаттылығы 1 миллион тоннадан артатын Балқаш күкіртқышқыл зауытының іске қосылуын 2007 жылдың мамыр айынан 2008 жылдың екінші тоқсанына шегеруіне байланысты, Қазатомөнеркәсіп өзінің 2007 жылғы уран өндірісі бойынша жоспарын 1000 тоннаға қысқартуға мәжбүр болды.

Аталған зауыт іске қосылып, пайдаланымға берілген соң күкіртқышқылын жеткізу «Қазатомөнеркәсіпке» Қазақстан аумағындағы уран кеніштерін игеруге қатысты барлық мақсат-жоспарларының уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді. Күкіртқышқылы уранды жерасты ұңғымалы сілтілендіру әдісі бойынша өндіру процессіндегі негізгі химиялық құрамдас  болып табылады.

 


жаңалықтарға оралу