2008 жыл бойынша Қазақстандағы уран өндірісінің ауқымы

15.01.2009
2008 жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында 8 521 тонна уран өндірілді. Салыстырмалы түрде, 2007 жылы бұл көрсеткіш 6 637 тонна көлемінде болатын. Былтырғы жылмен теңгергенде жанама өсім 28,5% құрады. Қазақстан бойынша өндірілетін уранның тұтас ауқымы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, ұлттық атом компаниясының біріккен кәсіпорындарында және «Қазатомөнеркәсіп» құрамына кіретін Степногор таукен-химия комбинатында өндірілетін ураннан жинақталады.

2009 жылы шашамен 11 900 тонна уран өндіру жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіштің өзгермелі болып келетінін атап өту керек және өндірістің нақты ауқымы әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты құбылуы мүмкін.
Қоғаммен байланыс департаменті
тел: 8 727 244 62 54
e-mail:
pr@kazatomprom.kz
жаңалықтарға оралу