Fitch Ratings «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на эмитент рейтингін белгілеу туралы баспасөз баяны
08.11.2006«Позитивті» болжам уран өндірісінің негізінің жағымдылығын (ұнамдылығын), сонымен бірге Fitch Ratings-тің Қазатмопром өзінің тұрақты несиелік көрсеткіштері мен қаржылық жағдайын сақтай отыра тез дамуын әрі қарай жалғастырады деген сенімін білдіреді.
Болашағтағы рейтинг немесе Болжам келесі жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін:
Рейтингті жоғарылататын жағдайлар:
- Даму стратегиясын табысты жүзеге асыру;
- Уран өндірісінің жоғарырақ циклының деңгейіне көшу.
Рейтингті төмендететін жағдайлар:
- Қызметтің негізгі бағыттарындағы өндірістің қалыпты жүруінің бұзылуы;
- Жаңа АЭС-н салуға мораторий жариялануы;
- Елдің рейтингісінің төмендеуі.
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы уран мен басқа да екі ұдай қолдану материалдарын экспорттау жөніндегі Қазақстанның ұлттық операторы. Компанияның 100 % акциясы мемлекетке (Энергетика және минералды ресурстар министрлігі) тиесілі. «Қазатомөнеркәсіп» геологиялық барлау, уран өндіру, металлургия, энергетика, өндірісті ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету және мамандарды қайта даярлау, әрі әлеуметтік қамсыздандыру секілді қызметтің негізгі алты түрін басқару жөніндегі холдинг болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 20 000-ға жуық адам қызмет атқарады. Компания әлемдегі уран өндіретін ең ірі компаниялардың «үштігіне» кіреді.
