Fitch Ratings «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ рейтінгтерін көтерді.

18.03.2008

2008 жылдың 17 наурыз күні Fitch Ratings «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ рейтінгтерін көтерді. Ұзақ мерзімді эмитент рейтингін шетелдік валютада «BB+» деңгейінен «BBB-» деңгейіне дейін және шетелдік валютадағы қысқа мерзімді рейтингті «В» деңгейінен «F3» деңгейіне жеткізді. Ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам «Оңнан» «Тұрақты» деңгейге өзгертілді.

Fitch Ratings атап өткендей, рейтингтердің көтерілуі Компанияның жақсы қаржылық көрсеткіштерімен, операциялық қызмет қорытындыларының бұған дейін жасалған болжамдарға сәйкес қамтамасыз етілуімен және «Қазатомөнеркәсіптің» әлемдік уран нарығындағы мықты позицияларымен негізделген.

«Тұрақты» болжам Компания өсуінің стратегиясын іске асырумен байланысты тәуекелдер балансын дарыптайды.

Инвестициялық рейтингтің болуы Компания үшін төмендегідей артықшылықтар береді:

  1. «Қазатомөнеркәсіп» міндеттемелеріне төмен инвестициялық тәуекел және өз қарыздарын өтеуге жеткілікті қабылеттілік.
  2. Инвесторлық базаны кеңейту. Көптеген институционалды инвесторлар тек инвестициялық санатты міндеттемелерді сатып ала алады, және міндеттемелер шығарылымының ауқымы айтарлықтай кеңейтіле алады.
  3. Ауысымдар бағасының төмендетілуі, себебебі инвесторлар үшін тәуекел және онымен байланысты шығындар азайады.

«Қазатомөнеркәсіп» - Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металлдар, атом энергетика стансаларына арналған ядролы отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания акцияларының 100 % ҚР Энергетика және минералды ресурстар Министрлігіне, яғни, мемлекетке тиесілі. Ол алты негізгі бағытты басқаратын холдинг. Ол бағыттар: геологиялық барлау, уран өндірісі, металлургия, энергетика, өндірісті ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету және мамандар дайындау, сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру. Қазіргі күні компанияда 23 000 адам жұмыс істейді.


жаңалықтарға оралу