Toshiba мен Қазатомөнеркәсіп арасындағы келісімнің аяқталуы жөнінде

18.10.2007
Бүгін әлемнің алдыңғы қатарлы уран өндірушілерінің бірі «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы (Қазақстан) Toshiba Corporation (Жапония) Westinghouse Electric Company LLC. холдингтік компанияларының 10 пайыз акциясын сатып алуға қатысты келісімнің мәресіне жеткені жөнінде жариялайды. Келісім бойынша есептесу Қазатомөнеркәсіптің жеке қаражаттары бойынша жасалды. Акциялардың 10 пайызын сатып алу Қазатомөнеркәсіп пен Toshiba арасындағы стратегиялық альянс аясында іске асырылды.

2007 жылдың 1 қазанынан бастап Қазатомөнеркәсіп Westinghouse Electric ядролы бизнесінің жанама миноритарлы иелерінің бірі болып табылады.  

Toshiba Westinghouse холдингінің бақылау пакетін өз иелігінде сақтап қалды, яғни, холдингтің АҚШ пен Ұлыбритания компаниярлары арқылы Westinghouse қатысу үлесінің 67%.  Ірі американдық инжинирингтік компания The Shaw Group Inc. Westinghouse-дің 20% пакетіне ие болса, жапондық IHI жабдық өндірушісі акциялардың 3% пакетіне ие. 

Бұған дейін хабарланғандай, Қазатомөнеркәсіп пен Toshiba стратегиялық әріптестік орнатты және компаниялар болашағы зор ынтымақтастықтың түрлі бағыттарын анықтап, бекітті. Қазатомөнеркәсіпті миноритарлы инвестор ретінде қабылдай отырып, Toshiba жаһандық ядролы энергетикадағы өз қатыстылық үлесін арттыруды көздеп отыр. Ал Қазатомөнеркәсіп, осы келісім арқылы өз өнімін өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазатомөнеркәсіп пен Toshiba ядролы энергетиканы дамыту арқасында жаһандық жылынумен күрестің маңыздылығын түсіне отырып, оған араласады. Toshiba, Қазатомөнеркәсіп пен Westinghouse альянсы осы мақсаттың іске асырылуын дүниежүзілік масштабта атқаруға ықпал етеді.   

Ескертпе ______________________________________________________________________

  • ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП – Қазақстанның уран және басқа да   материалдарының экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания акцияларының 100 % ҚР Энергетика және минералды ресурстар Министрлігіне, яғни, мемлекетке тиесілі. Ол алты негізгі бағытты басқаратын холдинг. Ол бағыттар: геологиялық барлау, уран өндірісі, металлургия, энергетика, өндірісті ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету және мамандар дайындау, сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру. Қазіргі күні компанияда 23 000 адам жұмыс істейді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының қатарына кіреді.
  • TOSHIBA – жоғары технологияларды ендіру бойынша дүниежүзілік көшбасшы және новатор, ол диверсификациялық өнім өндіруші, озық электронды және электротехникалық өнім  нарығының, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық жүйелер және қондырғылар, сандық тұтынушылық тауарлар, электронды аспаптар және кұрамдас бөлшектер; энергожүйелер, соның ішінде ядролы энергетикаға қатысты; өнеркәсіптік жүйелер және әлеуметтік инфрақұрылым жүйелері, тұрмыстық электроаспаптар шығарумен айналысады. Toshiba 1875 жылы құрылған және қазіргі күні ол 670 компаниядан астам ғаламдық жүйеден тұрады; дүние жүзі бойынша оның қызметкерлерінің саны 191 000 астам және өнім сатылымының жылдық ауқымы 60 млрд. US$ шамасында. Компания туралы толық ақпаратты сіздер  www.toshiba.co.jp/index.htm сайтынан  таба аласыздар.

 


жаңалықтарға оралу