Toshiba мен Қазатомөнеркәсіп Келісімге қол-кою жөнінде жариялайды

13.08.2007

Бүгін атом энергетикасы саласындағы әлемдік көшбасшы Toshiba Corporation (Жапония) және әлемнің алдыңғы қатарлы уран өндірушілерінің бірі «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы Westinghouse Electric Company LLC миноритарлы қожайыны болуға мүмкіндік беретін акция үлесін сатып алу жөніндегі келісімге қол қойылатынын жариялады.

Toshiba Қазатомөнеркәсіпке Westinghouse иелігіндегі холдингтік компанияларға қатысу үлесінің 10 пайызын 540 миллион АҚШ долларына сатты. Toshiba Westinghouse холдингінің бақылау пакетін өз иелігінде сақтап қалды, яғни, холдингтің АҚШ пен Ұлыбритания компаниярлары арқылы Westinghouse қатысу үлесінің 67%. Ірі американдық инжинирингтік компания The Shaw Group Inc. Westinghouse-дің 20% пакетіне ие болса, жапондық IHI жабдық өндірушісі акциялардың 3% пакетіне ие. 

Toshiba мен Қазатомөнеркәсіп стратегиялық әріптес ретінде ұстанатын бағыттарын анықтап,  даму жолдары жөнінде келісті.

Қазатомөнеркәсіпті миноритарлы инвестор ретінде қабылдай отырып, Toshiba жаһандық ядролы энергетикадағы өз қатыстылық үлесін арттыруды көздеп отыр. Ал Қазатомөнеркәсіп, осы келісім арқылы өз өнімінін өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлап отыр.

1997 жылы, Құрама Штаттары мен Қазақстан атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөнінде ұзақ мерзімді Келісім-шартқа қол қойған болатын. Үстіміздегі жылдың сәуір айында Жапония мен Қазақстан стратегиялық әріптестікті одан әрі бекітуді ұйғарады. Toshiba, Қазатомөнеркәсіп пен Westinghouse одағы үш елдің әріптестігін тек атом саласында нығайтып қана қоймай,  жаһандық жылынудың алдын-алу мақсатында, дүниежүзілік атом энергиясының өндірісін арттырады.

Toshiba Қазатомөнеркәсіпке аталған акция үлесін тиесілі елдерде белгіленген қажетті рәсімдер атқарылғаннан кейін,  бір айлық мерзімде тапсыруды жоспарлап отыр.

 Келісім-шартта қарастырылғандай, кез-келген технологиялық әріптестік АҚШ, Жапония және басқа мемлекеттердің халықаралық талаптары мен ережелеріне сай атқарылуы тиіс.


жаңалықтарға оралу