VIII Спартакиаданы өткізу туралы
25.08.2008Алматы қаласының Орталық стадионында «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының жыл сайынғы дәстүрлі VIII Спартакиадасы басталды. Биылғы жарыстарда Қазақстанның түрлі аймақтарындағы (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары) уран саласының 1000 шақты қызметкерлері қатысуда. Спартакиадаға қатысуға ниет білдірген 22 команда Ұлттық атом компаниясының құрылымдық бөлімдері, оның филиалдары, біріккен және еншілес кәсіпорындары атынан сынға түседі.
Қатарынан бес күні командалар спорттың мини-футбол, волейбол, үлкен теннис, пинг-понг, бадминтон, шахмат, блиц-шахмат, жеңіл атлетика және билярд сияқты 9 түрінен мықтыларды анықтайтын болады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның VIII Спартакиадасы 30 тамыз күні жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Спартакиадасы 25 мың адамның басын біріктіріп отырған компания өміріндегі маңызды корпоративті іс-шарасы болып табылады. Қазатомөнеркәсіп қызметкерлерінің салауатты да белсенді өмір салтын ұстанатындықтарын көрсететін бұл спорт сайыстары қоғамда спорт идеяларын насихаттауға қосқан компанияның үлесі болумен қатар, орналасқан жері мен қызмет түріне қарамастан кәсіпорындар қызметкерлерінің арасындағы қарым-қатынасты орнатуға және корпоративті мәдениетті нығайтуға қызмет етеді.
- «Қазатомөнеркәсіп» - Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания акцияларының 100% ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне, яғни мемлекетке тиесілі. Компания геологиялық барлау, уран өндірісі, металлургия, энергетика, өндірісті ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету және мамандар дайындау, сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру сияқты алты негізгі бағытты басқаратын холдинг түрінде құрылған. Қазіргі күні компанияда 25 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің алдыңғы қатарлы уран өндіруші компанияларының алғашқы үштігіне кіреді.
