AREVA мен Қазатомөнеркәсіп реакторға дейінгі ядролық цикл саласында әріптестікті нығайтуда

28.10.2010

Парижде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға ресми сапары шеңберінде AREVA Бас атқарушы директоры Анн Ловержон мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьник отын құрамаларын шығаратын біріккен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды.
 
Бұл келісім екі компанияның реакторға дейінгі цикл саласында стратегиялық әріптестікті нығайтуға ұмтылысын аңғартады.
 
51% Қазатомөнеркәсіпке және 49% AREVA компаниясына тиесілі жаңа кәсіпорын Қазақстанның шығысында орналасқан Өскемен қаласындағы зауытта AREVA жобасы негізінде отын құрамаларын шығаратын жаңа өндірісті іске қосады. Қуаттылығы жылына 400 тонна құрайтын жаңа зауыт 2014 жылы ашылады деп жоспарлануда.
 
Екі әріптес арасында өткен жылы құрылған IFASTAR біріккен кәсіпорыны Азия энергетикалық операторларына арнайы өнім меркетингін жүргізетін болады.
 
Қол қою рәсімінен кейін Анн Ловержон: «Бұл келісім AREVA компаниясының клиенттерге өнім жеткізуде сенімділікті қамтамасыз ету және әлемдік отын нарығында алатын орнын бекіту бойынша стратегиясын растайды», - деп атап өтті.
 
Владимир Школьник өз кезегінде: «Қазатомөнеркәсіп» толық ядролық отын циклін қамтитын тікелей интеграцияланған компания құру бағдарламасын жүйелі іске асырып келеді, AREVA компаниясымен жасалған келісім осы стратегияны іске асырудағы кезекті маңызды қадам»,- деп басып айтты.
 

AREVA көмір қышқыл газынсыз электр энергиясын өндіріп, оны өз тапсырысшыларына жеткізіп берумен шұғылданады. Осы саладағы білім мен тәжірибенің молдығын ескерсек, компания электр энергиясына деген әлемдік сұранысты қанағаттандыруда жетекші рөл ойнайтыны күмәнсіз. Дүние жүзілік ядролық энергетикада бірінші орынды иелеп тұрған AREVA-ның бірегей интеграцияланған ұсыныстары ядролық отын циклының барлық кезеңдерін, реакторды жобалау мен құруды, сондай-ақ қосалқы қызметтер көрсетуді тұтастай қамтыған. Сонымен қатар компания биомасса энергиясын, жел энергиясын және отын элементтерін өзі ішіне қамтып алатын жаңғырмалы қуат көздері бойынша да өз қызмет аясын кеңейтіп, соның арқасында 2012 жылы осы саладағы жетекші компаниялар үштігіне қосылуды мақсат етеді. AREVA-да еңбек ететін 48 000 қызметкер күн сайын компания дамуына өз үлестерін қосып, барынша таза, қауіпсіз және үнемді энергияны жасау мен оны орасан үлкен тұтынушылар қауымына таратуға қызмет етеді.
www.areva.com
 
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 26 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.
www.kazatomprom.kz
 
 
Баспасөз үшін байланыс:
AREVA
Press Office
T: +33 (0) 1 34 96 12 15
F: +33 (0) 1 34 96 16 54
press@areva.com
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
+7 /727/ 244 62 54
pr@kazatomprom.kz   
 

жаңалықтарға оралу