Астана қаласындағы оқушылар шығармашылық сарайының ашылуы туралы

08.12.2011
 
Астана
 
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астана қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен салынған Балалар шығармашылық сарайын салтанатты түрде ашты. Құрылыс жұмыстарының бас мердігері «Базис-А» компаниясы.
 
Шығармашылық сарайы Астананың қақ ортасында Елбасының тапсырмасы бойынша бой көтерді. Аталмыш бірегей әлеуметтік нысанның ашылуы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр.  
 
Шығармашылық сарайы балалар мен жасөспірімдердің дамып-жетілуіне ерекше жағдай жасалған өзіндік кешен болып табылады. Жоба авторлары Санкт-Петерборлық ресей дизайнерлері, аталған жоба көптеген сәулет шығармаларының ішінен Елбасы бастаған Халықаралық комиссиямен іріктеліп, мақұлдаған.  
 
Оқушылар сарайы – инновациялық үлгілі нысан. Кешеннің энерго-ресурстық қамтамасыз ету жүйесінде ең озық технологиялық шешімдер қолданылған. Басқару бірегей автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізіледі.
 
Қазақстанда тұңғыш рет электржабдықтау қуатының жарты бөлігі жаңармалы энергия көздері: күн батареялары мен жел генераторларына артылған. 
 
Сарайдың жылумен қамтамасыз ету жүйесі құрамдастырылған. Ғимарат жартылай қаланың орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылса, жартылай жылу сорғыш қондырғылар көмегімен жылытылатын болады.  
 
Шығармашылық сарайының құрылысында мұндай инновациялық тәсілдердің қолданылуы экологиялық таза энергия көздері мен үнемдеу технологияларын пайдаланудың бірегей үлгісі болып табылады.
 
Оқушылар сарайында бір уақытта 3 880 бала оқып дәріс ала алады. Кешеннің жалпы ауқымы 46 500 шаршы метр шамасында, оның ішінде жабық әмбебап мұз айдыны, бассейн, спорт залдары, сондай ақ театрлық кешен, хор залы, ғылыми-техникалық шығармашылық зертханасы, планетарий, обсерватория және тағы басқа бөлмелер бар.
 
Қазатомөнеркәсіп Шығармашылық сарайын толықтай жиһаз және заманауй құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті, сондай-ақ мұнда спорттық тренажерлар, музыкалық аспаптар, диско-зал және театр қойылымдарына арналған құралдар, зертханалар мен арнайы кабинеттерге қажетті мүліктер қарастырылған. 
 
Сарайдағы оқыту және жетілдіру үйірмелері түрлі бағыттарға жіктелген:
 
Технопарк. Көңіл қалауы бойынша 13 түрлі дәрістемеден тұрады. Нақты айтсақ авиа – және кеме үлгілерін модельдеу, инженерлік графика негіздері, құрастыру және робототехника, нанотехнологиялар, спорттық радиопеленгация, атом энергетикасы, медиастудия, мультимедиалық және ақпараттық технологиялар. Астраномия және телескоп құрылымы бойынша дәрістер шынайы обсерватория мен планетариирде өткізіледі. Оған арнайыҰлттық атом компаниясы бірегей құрал-жабдықтар тауып, көрсетілімі 3 D форматында жүргізілетін ең жаңа оқыту бағдарламаларын сатып алды.
 
Болашақ қаласы. Мұнда оқушылар үшін 6 түрлі дәріс қарастырылған. Олар – жас саясаткер мектебі, жастардың бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік видео, балғын жол инспекторы, іскерлік жобалау, жастар ұстаздық орталығы.
 
Ғылыми қалашық 6 түрлі секция бойынша жас зерттеушілерге есігін айқара ашады: биоинженерия, геология және минерология, экология. Сонымен қатар мұнда зерттеуші-ғалым авторлық мектебінде ғылыми сынақтар мен жобалар алаңы әрекет етпек.   
 
Шеберлер қаласы балалардың қолданбалы өнерге және шығармашылық көркемсуретке деген сүйіспеншілігі мен қабілеттілігін арттыратын болады. Балалар түрлі би, көркемсурет, қышпен жұмыс цехтары, театралдық, хор студиялары, окестр – ұзын саны онға тарта бағыт бойынша көңіл қалауына сай қызығушылығын қанағаттандырады.
 
Дипкорпус қазақ және шет тілдерін меңгеру бойынша 6 сыныптың басын біріктіреді.
 
Чемпиондар лигасы өскелең ұрпақ бойында дене шынықтыру мен спортқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге бейімделген. Жалпы саны 15 спорттық секция балалардың жеке күрес, жеңіл және ауыр атлетика, теннис, шахмат, командалық ойындар волейбол, футбол, хоккей, баскетбол және басқа да спорт түрлері бойынша күштерін сынауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушылар бастапқы әскери дайындық, электронды интерактивті мультимедиалық тирде атыс дағдысы бойынша машықтанады. Ол үшін Шығармашылық сарайында кәсіби тир орнатылып, балалар нысанаға оқпен емес, дәлме-дәл интерактивті дыбыспен атуға үйренеді. Бұл заманауи оқыту технологиясының бала денсаулығына ешбір зияны жоқ. 
 
Еліміз үшін өскелең ұрпаққа қамқорлық мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып табылады. Отанымыздың болашағы көп жағдайда жас қазақстандықтардың іскерлігі, белсенділігі, бастамашылдығы, саяси және азаматтық жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сол себепті Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жас азаматтардың дұрыс білім алып шығармашылық жетілуі үшін барлық жағдай жасалуын талап етеді.
 
Астанадағы Оқушылар шығармашылық сарайы қосымша білім беру жүйесіндегі еліміздің жетекші ұстаздары шоғырланған білім ордасы болады. Сонымен қатар ол әлемнің түпкір-тіпкіріндегі жас ғалымдар, инженерлер, конструкторлар, саяхатшылардың басын қосатын ғылыми-зерттеу орталығына айналмақ.
 
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

 

жаңалықтарға оралу