БАСПАСӨЗ БАЯНЫ “ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП” ҰАК-ның НЕСИЕ РЕЙТИНГІН АЛУ ЖӘНЕ ДЕБЮТТІ ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАР ШЫҒАРУ ТАЛАБЫ ТУРАЛЫ
19.09.2005“Қазатомөнеркәсіп” Ұлттық атом компаниясы (Қазақстан) несиелік рейтинг алу бойынша қаржы кеңесшісі және 2006 жылға белгіленген дебютті еурооблигациялар шығаруға ұйымдастырушы болуға Citigroup Global Markets Limited-ті (Ұлыбритания) өкілетті етіп бекітті.
“Қазатомөнеркәсіптің” еурооблигациялар нарығына дебютті шығуы үшін сенімді әріптес қажет еді. Біз ұзақ уақыт бірге жемісті жұмыс істеген, оның ішінде 2005 жылдың бірінші жартысында дебютті синдикатты займды сәтті тарта білген Citigroup-ті таңдадық”,- деді [“Қазатомөнеркәсіп” ҰАК” АҚ президенті Мұхтар Жәкішев].
“Қазатомөнеркәсіптің” еурооблигация нарығындағы алғашқы қадамын сүйемелдеу – компаниямен талай жылғы игі қарым-қатынастар байланыстыратын біздің банк үшін үлкен мәртебе”, - деді Citigroup-тің Қазақстандағы еншілес бөлімшесі болып табылатын «Ситибанк Қазақстан»-ның [Басқарма төрағасы Дэн Коннелли].
