БАСПАСӨЗ БАЯНЫМАГАТЭ техникалық ынтымақтастық жобасын іске асыру шеңберінде “Орталық Азияда уран өндіретін кәсіпорындар қызметі нәтижесінде жиналған қалдықтарды қауіпсіз пайдалану” семинарын өткізу туралы.
21.10.20052005 жылдың 21 қазанында, Атом энергетикасы жөніндегі Халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің атом энергетика жөніндегі Комитетімен бірлесіп ұйымдастырған, “Қазатомөнеркәсіп” Ұлттық атом компаниясының қатысуымен, бес күндік семинары аяқталады. Бұл “Орталық Азияда уран өндіретін кәсіпорындар қызметі нәтижесінде жиналған қалдықтарды қауіпсіз пайдалану” семинары МАГАТЭ техникалық ынтымақтастық жобасын іске асыру шеңберінде өткізіліп отыр.
Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде, Орталық Азия аумағындағы уран өндіретін кәсіпорындар бәсекелестік қабілетсіздігі салдарынан жұмысын тоқтатқанын еске саламыз. Осы кәсіпорындар шығарған, иесіз қалған қалдықтар қазіргі кезде әлем қауымдастығын мазалап отыр.
МАГАТЭ-нің жобасы уран өндіретін кәсіпорындардың қалдықтарды падалануда ең қиын технологиялық, экологиялық және экономикалық мәселелерді анықтауға, осы мәселелерді шешуге және тәжірибе алмасуға бейімді ұйымдар мен кәсіпорындардың мамандарын тартуға арналған.
Осы семинарда өндірістік қалдық сақтайтын жерлердің мониторингі, көмілген қалдықтар және жойылған кәсіпорындар мәселелері қаралды. Орталық Азия елдерінің уран өндірісі қалдықтары бойынша істердің жағдайын талқыланған осы жылдың маусым айында Душанбе қаласында өткен семинармен салыстырғанда, бұл семинарға, Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның және Тәжікстанның бейімді ұйымдарының көптеген мамандары және МАГАТЭ сарапшылары қатысты.
“Қазатомөнеркәсіп” Компаниясы уран кен орындарында жұмысты ең экологиялық таза және тиімді тәсіл танылған бірегей технология - ешбір қалдықсыз жерасты-ұңғымалы сілтілендіру әдісімен жасайды.
