Баспасөз-баяны «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ өнеркәсіптік нысандарында экологиялық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің болғаны туралы

19.10.2006

2006 жылдың қазанының 16-нан 18-не дейін «Қазақстанның ядролық қоғамы» Ассоциациясының қатысуымен «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ өнеркәсіптік нысандарына экологиялық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің  сапары болды.

Делегация құрамына «Эко-орталық» (Қарағанды қ), «Экомузей» ҚБ (Қарағанды қ.), ҚР Экология және тұрақты даму институты (Алматы қ.), «Табиғат қорғау Қазақ қоғамының Шығыс Қазақстандық   бөлімшесі»   ҚБ  (Өскемен қ.),   «Биосфера»   экологиялық    клубы

(Риддер қ.), Экологиялық баспасөз-орталығы (Алматы қ.), «Экологический курьер» газеті бар. Бағдарламада уран өндіретін Шығыс Мыңқұдық кеніші (Оңтүстік Қазақстан облысының Қыземшек кенті) мен БН-350 атом реакторы (Маңғыстау облысның Ақтау қаласы) бару болды.

Сапар мақсаты: экологиялық қауымдастықты уран өндірудің қазіргі жоғарғы қауіпсіздік деңгейдегі тәсілі жерасты ұңғылап сілтілендіру әдісімен таныстыру және қоршаған ортаға қауіпті саналатын уран өндіріс туралы көзқарасты өзгерту.

Сапар кезінде Шығыс Мыңқұдық кенішінде экологтарға жерасты ұңғылап сілтілендіру әдісімен өндірулің өндірістік циклы, зертханалар, дайын өнім қоймасы көрсетілді. Кен басқармасының мамандары ауа кеңістігі, топырақ, жерасты суы, қоршаған ортаны қорғау мен дозиметрлік бақылау мониторигіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Олар ион сәулелену көздерімен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасында қолданатын радиациялық қауіпсіздік (НБР-99) нормаларының негізгі дозалық шегі болып жылына 20 мЗв-дан аспайтын тиімді доза белгіленгенін атады. Компанияның өмір сүрген кезеңінде қызметкерлердің мүмкін деңгейден жоғары доза алған бірде-бір жағдайы болған емес. 2004 жылы Компания кәсіпорындары қызметкерлерінің нақты 91%-ы, табиғи фондағы деңгейге сәйкес, жылына 5 мЗв-ға дейінгі сәулелену дозасын алды. Қызмет істейтіндердің жеке дозалары тоқсан сайын өлшенеді, ал қалыптағысыз жұмыс істегенде қызметкерлерге жеке дозиметрлер беріледі. Олардың көрсеткіштері алынып, қалыптағысыз жұмыс аяқталған соң тіркеледі.

Одан басқа, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жұмысшы кенті Қыземшектің әлеуметтік нысандары: емханада, балалар бақшасында, салынып жатқан медицина орталығы мен мәдени-спорт кешенінде болды.Соңғысында келесі жылы кинотеатр, спорт және шынығу залдары, боулинг орталығы, бильярд және т.б. жоспарлануда. Нысандарды қайта құрастыру мен салу бойынша барлық осы шаралар «Қазатомөнеркәсіп»  ҰАК қызметкерлерінің өмір деңгейін көтеру мен компанияның өндірістік нысандарына жаңа мамандарды тарту жөніндегі әлеуметтік бағдарламаға кіреді.

Компанияның әр жұмысшы поселкелерінде жылда өткізілетін ағаш отырғызу дәстүрі осы эколлогиялық сапарға да дәл келді. Сонымен, уран өндіретін аудандарды көгалдандыруға өз үлестерін қосты.

Кеніштерден соң делегация Ақтау қаласындағы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-те болып, бірінші кезектегі шаралар Жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқан, БН-350 атом реакторын пайдаланудан шығару жұмыстарымен танысты. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері орталық залда және атом реакторын басқару пультінде болды, реатордың бірінші контурынан сұйық натрийді сілті жағдайына келтіру, одан ары сілтіні геоцемент тасына қайта өңдеу жөніндегі өте сирек техниканы құрастыруды көрді. 

Ескерту:

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы – уранды және басқа екі ұдай материалдарды экспорттау жөніндегі Қазақстанның ұлттық операторы. Компания акцияларының 100 % Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі арқылы мемлекетке жатады. «Қазатомөнеркәсіп» қызметінің негізгі алты бағытын: геологиялық барлауды, уран өндіруді, металлургияны, энергетиканы, өндірісті және кадрларды қайта дайындауды ғылыммен қамтамасыз етуді, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз етуді басқару бойынша өзін холдинг етіп көрсетеді. Бүгінде компанияда 20000  жуық адам жұмыс істейді. Компания әлемдегі жетекші уран өндірушілердің «үштігіне»  кіреді.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының     100 % еншілес кәсіпорны болып табылады. Ол жылу электр станциясын, көп корпусты дистилляциялық тұщылау қондырғыларыды және БН-350 жылдам нейтрондар реакторын біріктіретін бірыңғай энегия- және су- шығаратын кешен. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің мақсаты мен басты стратегиялық мәселесі Маңғыстау облысының елді мекендері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарын электр энергиясымен қамтамасызету, Атырау облысы үшін электр энергиясын қорландыру, Ақтау қаласын жылу энергиясымен, ауызсумен және техникалық сумен, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарын дистиллятпен  қамтамасыз ету болыптабылады.

Маңғыстау атом энергокомбинаты пайдаланатын электр энергиясы мен жылу өндірісінің технологиясы аз ғана су дайындығын қажет ететін тұщы суға  негізделмегендіктен, қайта тұщыланған теңіз суымен істейтіндіктен, мүлде өзгеше.


жаңалықтарға оралу