Баспасөз баяны «Уран өнеркәсібінің келелі мәселелері» ІҮ Халықарарлық ғылыми- тәжірибелік конференцияның жұмысы туралы

19.09.2006

Атом энергетикасы дамуының жалпыәлемдік үдерісінен байқалатын және қазақстандық уран саласының өзекті позициясының нығаюына байланысты, конференция өзінің алдына атом саласындағы инновацияларды, уран өндірісінің жағдайы мен болашағын, уранның минералды-шикізаттық қоры дамуының стратегиясын талқылауды мақсат етті.

Шұғыл мәселелерді, уранды өндіру мен өңдеудің озық технологияларын игеру бағдарламаларын қалыптастыру және іске асыру, ядролық-отын циклы мәселелерін  анықтау, қоршаған ортаны қорғау, уран өндірісінің қауіпсіздігі, білікті мамандар дайындау, сол сияқты ядролық кешеннің табысты жұмыс істеуіне тиісті барлық жәйттарды қарау конференцияның міндеттері болып табылады.

Алдағы үш күндерде: «Технологиялар және ядролық-отын циклдарының мәселелері», «Уран өндіру және уран өнімін алу технологиясы», «Ядролық отын өндіру технологиясы», «Атом өнеркәсібі үшін сирек элементтер өндіру технологиясы», «Геология, қоршаған ортаны қорғау және өндіріс қауіпсіздігі мәселелері», «Ядролық кешеннің жұмыс істеуінің құқықтық, макроэкономикалық және білімдік жәйттары» жөнінде сөз болады.

Мәселелерді талқылауға уран өнеркәсібінің белгілі 250-ден астам кәсіпорындар мен компанияларының басшылары, ғалымдары және әлемнің 12 мемлекетінің: Францияның, Канаданың, Ұлыбританияның, Ресейдің, Германияның, Жапонияның, Польшаның және т.б. мамандары қатысады.

Конференцияда қамтылған мәселелердің кең ауқымы мен өкілдіктердің жоғарғы деңгейі Қазақстан мен көптеген басқа елдер үшін стратегиялық маңызды сала ретіндегі уран өндірісінің әлемдік дамуында оған белгілі оқиға мәртебесін береді.

Конференция 2006 жылдың 21 қыркүйегіне дейін жұмыс істейді.

 


жаңалықтарға оралу