Баспасөз баяны «Атомэкспо-2010» форумына қатысу туралы

07.06.2010

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Мәскеуде ашылған атом энергетикасын дамыту жөніндегі «Атомэкспо-2010» халықаралық форумына қатысуда. Қазатомөнеркәсіп сапартобын компанияның Басқарма төрағасы Владимир Школьник бастап барды. Сапартоп құрамында холдингке қарасты жетекші кәсіпорындардың – «Волковгеология» АҚ, «Тау-кен компаниясы» ЖШС және «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның басшылары бар. Форум аясында казатомөнеркәсіп және оның еншілес құрылымдарының әлеуетті серіктестерімен бірқатар кездесулер жосарланған. Үш күнге созылатын алқалы жиын барысында атом энергетикасының өзекті мәселелеріне арналған конгресс, тақырыптық дөңгелек үстөлдер, сондай-ақ атом өнеркәсібімен айналысатын 120 шақты компания қатысқан көрме ұйымдастырылады. Қазатомөнеркәсіп ұсынып отырған көрмелік экспозиция компаниямыздың қазіргі деңгейі, ядролық отын қызметі рыногындағы орны мен даму болашағына арналған.
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 26 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.
www.kazatomprom.kz
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
+7 /727/ 244 62 54
pr@kazatomprom.kz   

жаңалықтарға оралу