Баспасөз баяны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2011 жылдың өткен 9 айындағы уран өндіру көрсеткіштері және таза табысы туралы
10.11.2011Астана
Холдингке қарасты кәсіпорындар 2011 жылдың өткен 9 айындағы барлық өндірістік жоспарларын толығымен орындап шықты.
Қазақстанда уран өндіру көлемі 13 957 тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға көп.
Қазақстанда өндірілген уранның жалпы көлеміндегі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның үлесі 7 978 тонна.
2011 жылдың 9 айындағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның шоғырландырылған табысы 264,7 млрд теңгені құрап,2010 жылғы көрсеткіштерден 62%-ға артып түсті. Мұндай өсімге уран өнімдерін сату көлемінің ұлғаюы арқасында қол жеткізілді.
Үстіміздегі жылдың 9 айындағы таза табыс 56,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 72%-ға артық.
