Баспасөз баяны «Уран саласының маңызды ғылыми және технологиялық мәселелері» ІІ семинар-кеңесі туралы
28.01.2010Алматыда қаңтардың 27-28 күндері аралығында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Тау-кен компаниясы» ЖШС және «Жоғары технологиялар институты» ЖШС ұйымдастыруымен «Уран саласының маңызды ғылыми және технологиялық мәселелері» тақырыбындағы семинар-кеңес өтеді. Алқалы жиынның демеушілері: Purolite Int. Ltd компаниясының Қазақстандағы және Орталық Азиядағы өкілдігі, Ром энд Хаас компаниясының өкілдігі, «Солтүстік-Батыс химиялық компаниясы» ЖАҚ, «TREI-Қарағанды» ЖШС, «Ұлттық жоғары технологиялар және энергия үнемдеу орталығы» ЖШС, «Ангстрем» ЖШС.
Семинар-кеңесті өткізуден көзделген мақсат – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарының ғылыми-техникалық және өндірістік қуаттары мен отандық және шетелдік жетекші технологиялық компаниялардың уран саласын дамытудағы жанама ғылым, техника және білім беру салаларын шоғырландыру.
Талқылауға және шешім қабылдауға ұсынылатын негізгі мәселелер мыналар:
- уранның минералды-шикізат базасын дамыту стратегиясы;
- уран өндірісінің қазіргі жайы мен болашағы;
- уран өндіру мен оны қайта өңдеудің озық технологияларын игеру бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру;
- атом өнеркәсібі үшін сирек және сирек-жер элементтер өндірісі;
- қоршаған ортаны қорғау;
- ядролық және радиациялық қауіпсіздік;
- білікті мамандар даярлау және оқытуды басқару.
Семинар-кеңес жұмысына «Тау-кен компания» ЖШС, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Волковгеология» АҚ, «Степногор тау-кен химия комбинаты» ЖШС, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «Әппақ» ЖШС, «Ақбастау» Біріккен кәсіпорны» АҚ, «Байкен-U» ЖШС, «Бетпақ Дала» Біріккен кәсіпорны» АҚ, «Кен Дала KZ» АҚ, «Ыңғай» Біріккен кәсіпорны» АҚ, «Қаратау» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС, «Заречное» Біріккен кәсіпорны» АҚ, «Семизбай-U» ЖШС, «Геотехносервис» ЖШС, «Қазақстанның ядролық университеті» ЖШС, сондай-ақ уран саласына қатысы бар басқа да бірқатар ұйымдардың басшылары мен мамандары қатысуда.
Іс-шараның аясында семинар-кеңестің демеушілері экспозициялық көрмелерін ұйымдастырып отыр.
Күн тәртібіндегі басты тақырып – уран өндіру және уран өнімін алу үдерісінің қарқынын арттыру мен оңтайландырудың ғылыми-технологиялық мәселелері. Уран өндіруші кешеннің техникалық және технологиялық саясатының басымдылықтарын жүзеге асыру жолдары талқыланып, салалық кәсіпорындарды күкірт қышқылымен қамтамасыз ету, ионалмасушы шайырларды таңдау мен оларды қолдануды оңтайландыру мәселелері қаралуда. Семинар-кеңес қатысушылары Қазақстанның жекелеген уран кен орындарындағы минералды-шикізат базасының жайына талдау жасап, уран өндіру және уран өнімдерін шығару, атом өнеркәсібіне арналған сирек және сирек-жер элементтер саласындағы ұсынылған инновациялық жобаларды талқыға салуда.
Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, білікті мамандар даярлау мен оқытуды басқаруға қатысты мәселелер де назардан тыс қалмайды.
Семинар «дөңгелек үстөл» басындағы пікірсайыспен аяқталады, мұнда қатысушылар баяндамаларды талқылап, басқосудың қорытындысын жасауға тиіс. Сол негізде жазылар Хаттамада отандық уран саласының маңызды ғылыми және технологиялық міндеттерін шешуге бағытталған нақты іс-шаралар көрініс табатын болады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ– Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 26 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының алғашқы үштігіне кіреді.
«Жоғары технологиялар институты» (ЖТИ) ЖШС 2002 жылғы 5 ақпан күні ҚР атом өнеркәсібін инновациялық дамыту міндеттерін шешу мақсатында салалық ғылыми институт ретінде құрылған. Құрылтайшылары: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Волковгеология» АҚ және «ҮМЗ» АҚ.
ЖТИ ғылыми-техникалық қызметін мына бағыттарда жүргізеді:
- экономикалық көрсеткіштері және өндіріс мәдениеті жөнінен қолданыстағылардан асып түсетін жаңа технологиялар мен технологиялық шешімдерді жасауды көздейтін ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
- жаңа техниканың тәжірибелік нұсқаларын сынақтан өткізу және оларды өнеркәсіпте тарату мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру;
- салалық ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының отандық және әлемдік деңгейдегі жетістіктерін қолдана отырып, жобалау-контрукторлық жұмыстарын ұйымдастыру;
- нормативті-техникалық құжаттар жасау, ғылыми-техникалық ақпаратпен қамту, зияткерлік меншікті қорғау, жоғары білікті қызметкерлерді әзірлеуді жетілдіру бойынша ғылыми-техникалық, инжиниринг-консалтинг қызметін көрсету.
