Баспасөз баяны «Уран саласының өзекті ғылыми және технологиялық мәселелері. Қуат пен ресурстарды сақтау» 3-інші семинар-кеңесі туралы
09.02.20112011 жылғы ақпанның 9-ында Алматыда «Тау-кен компаниясы» ЖШС мен «Жоғары технологиялар институты» ЖШС ұйымдастыруымен «Уран саласының өзекті ғылыми және технологиялық мәселелері. Қуат пен ресурстарды сақтау» 3-інші семинар-кеңесі басталды.
Семинар жұмысына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның және компанияға қарасты еншілес, бірлескен кәсіпорындардың, сонымен қатар «Велко» ЖШС, «АКВАСТИЛЬ» ЖАҚ, Тәжік ұлттық университеті, BRGM, «SIEMENS» ЖШС, НПЦ «Үлбі» ҒӨО, «JIB» консалтинг компаниясы сияқты шетелдік салалас компаниялардың өкілдері қатысуда.
Бүгінгі таңда Қазатомөнеркәсіп үшін осы кезге дейін қол жеткен халықаралық уран нарығындағы шешуші ойыншы ретіндегі шебін нығайту және толық ядролық-отын циклына ие сатылас интеграцияланған корпорация құру өте маңызды. Осымен үшінші рет өтіп жатқан семинар-кеңес қатысушылары алдында компанияның стратегиясын іске асыруға байланысты өзекті мәселелерді шешіп, алға адымдаудың біртұтас жолын белгілеп алу міндеті тұр.
Семинар барысында Қазатомөнеркәсіптің инновациялық-технологиялық саясаты талқыланып, инновациялық зерттемелерді өндіріске енгізудің оңтайлы шешімдері қарастырылады, сондай-ақ еліміздің уран өнеркәсібі мен атом саласын дамытудағы басым бағыттар айқындалатын болады. Уран өнеркәсібіндегі инновация мәселелері, уран өндіру және оны қайта өңдеудің озық технологияларын игеру бағдарламасын жасау мен жүзеге асыру, радиоэкология, қоршаған ортаны қорғау, уран өндірісінің қауіпсіздігі, сонымен қатар еліміздің атом саласы мен уран өнеркәсібі үшін білікті мамандар даярлау, білімді басқару мәселелеріне баса назар аударылмақ.
Биылғы бір ерекшелік, мұндай алқалы жиынның күн тәртібіне алғаш рет қуат пен ресурстарды сақтау технологиялары мен жабдықтары қатысты мәселелер де шығарылып отыр.
Семинар 10-ақпан күні қатысушылардың баяндамалары талқылап, түйін жасайтын үлкен Дөңгелек үстөл басындағы кеңеспен аяқталады және жиын қорытындысы саналатын отандық уран саласының маңызды ғылыми және технологиялық мәндеттерін шешуге бағытталған нақты іс-шаралар нақты көрініс табатын Хаттамаға қол қойылатын болады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 23500-ден астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.
«Жоғары технологиялар институты» (ЖТИ) ЖШС 2002 жылғы 5 ақпан күні ҚР атом өнеркәсібін инновациялық дамыту міндеттерін шешу мақсатында салалық ғылыми институт ретінде құрылған. Құрылтайшылары: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Волковгеология» АҚ және «ҮМЗ» АҚ.
ЖТИ ғылыми-техникалық қызметін мына бағыттарда жүргізеді:
- экономикалық көрсеткіштері және өндіріс мәдениеті жөнінен қолданыстағылардан асып түсетін жаңа технологиялар мен технологиялық шешімдерді жасауды көздейтін ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
- жаңа техниканың тәжірибелік нұсқаларын сынақтан өткізу және оларды өнеркәсіпте тарату мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру;
- салалық ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының отандық және әлемдік деңгейдегі жетістіктерін қолдана отырып, жобалау-контрукторлық жұмыстарын ұйымдастыру;
- нормативті-техникалық құжаттар жасау, ғылыми-техникалық ақпаратпен қамту, зияткерлік меншікті қорғау, жоғары білікті қызметкерлерді әзірлеуді жетілдіру бойынша ғылыми-техникалық, инжиниринг-консалтинг қызметін көрсету.
