Баспасөз баяны қарызға қаржы тарту туралы

29.12.2010

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, оның еншілес кәсіпорны «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Natixis банкі, екі жазғы демалысты қосқанда 11,5 жылдық мерзімге жалпы сомасы 32 млн АҚШ доллары мөлшерінде қарыз тарту туралы екі бірдей келісімге қол қойды. Француздың үкіметтік экспорттық-несие агенттігі COFACE ұсынып отырған бұл қаржы көлбеу-қабықша типтес екі тұшытқыш қондырғысын (ГТПИ-2-3) жеткізіп беруге жұмсалатын болады.
 
Қондырғыларды құрамында француздың SIDEM және GMMOS-Қазақстан компаниялары бар халықаралық консорциум жеткізіп беретін болды. 2004 жылы Ақтауда тіркелген қазақстандық компания барлық жұмыс пен жабдықтардың 30 пайызын жүзеге асырады.
 
Құрылыс жұмыстары қаржыландыру басталған кезден бастап 36 айға созылмақ. Тәулігіне 12 000 тонна дистиллят өндіретін бірінші тұшытқыш қондырғысы 2012 жылдың соңына таман орнатылып, іске қосылады, ал дәл осындай екінші қондырғы 2013 жылдың соңында пайдалануға тапсырылмақ.
 
Француздың тұшытқыш қондырғылары онда пайдаланылған материалдардың (қондырғы қорабы болат-дуплекстен, түтіктері титан және латуннан жасалған) есебінен экономикалық тұрғыдан 30%-ға тиімді. Тағы бір артықшылығы, қондырғыны пайдаланудың арзандығы, мәселен, электр қуатын тұтынудың үлесті мөлшері төмендігіне байланысты жылына 100 мың АҚШ долларынан астам қаржыны үнемдеуге болады. Сонымен қатар түтікті жууға қолданылатын татқа қарсы (антинакипин) пен сульфаминды қышқылды аз пайдалану нәтижесінде де осынша қаржы қоса үнемделеді.
 
Анықтама үшін:
Бүкіл Маңғышлақ түбегінде тұщы су қоры жоқ. Сол себепті жаңа тұшытқыш қондырғыларын қолданысқа енгізу аймақты дамытудың басым бағыттарына жатады. Қазіргі кезде МАЭК-Қазатомөнеркәсіпте жұмыс істеп тұрған алты тұшытқыш қондырғысының бесеуі өзінің 20 жылдық жобалық мерзімін әлдеқашан атқарған. Ауыз су тапшылығының алдын алу мақсатында МАЭК-Қазатомөнеркәсіп жаңа тұшытқыш қондырғыларын іске қосу бағдарламасын тиянақты түрде жүзеге асырып келеді. 2008 жылы мұнда тәулігіне 12 мың тонна дистиллят шығаратын израилдың ДОУ-12 қондырғысы орнатылған болатын.
 
 
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС өңірді электр қуатымен, жылумен, ауыз сумен, ыстық және техникалық сумен, дистиллятпен қамтамасыз ететін көп салалы кәсіпорын болып табылады. Өндіріс технологиясы Каспий теңізінің суын тұщытуға негізделген. МАЭК о бастан жылу электр стансасын, дистиляттаушы тұщыту қондырғыны және жылдам нейтрондағы БН-350 реакторын (қазір қолданыстан шығарылған) қамтитын біртұтас кешен түрінде жоспарланып салынған болатын. 2003 жылы комбинат «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК құрамына енгізілді. Комбинаттағы 25 бөлімшеде жалпы саны 4 мыңнан астам адам еңбек етеді.
www.maek.kz
  
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 23 554 адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.
www.kazatomprom.kz

жаңалықтарға оралу