Берилий қоласынан жалпақ прокат өндіретін қытай-қазақстандық бірлескен кәсіпорын құрылды
08.02.2008Өткен жылдың қараша айында Қытай Халық Республикасында (ҚХР) қытай-қазақстандық «INGTAN ULBA SHINE METAL MATERIALS COMPANY LIMITED» бірлескен кәсіпорынын тіркеу аяқталды. Бірлескен кәсіпорынның құрылтайшылары «ҮМЗ» АҚ мен «Ningbo Xingye Electronic Copper Strip Co., Ltd» компаниясы. ҚХР-дің шетелдік инвестиция қатысуымен кәсіпорын құруды реттейтін заңнамасына сәйкес, 2008 жылдың қаңтар айында «ҮМЗ» АҚ біріккен кәсіпорынның Жарғылық капиталындағы өз үлесінің есебіне алғашқы қаржылық аударымын жасады.
БК құру «ҮМЗ» АҚ мен «Ningbo Xingye Electronic Copper Strip Co., Ltd» компаниясының бірлескен үлкен әрі қажырлы еңбегінің жемісі болды және ол болашағы зор қытай нарығындағы екі компанияның беделін арттыруға септігін тигізеді.
Жоба бойынша, БК Цзянси провинциясындағы Интань Индустриалды паркінде Қытай нарығына арнап жоғарытөзімді және жоғарысыйымды мыс-бериллий ерітінділерінен жалпақ прокат шығаратын зауыт салады. Біріккен кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты жоғарынақтылы лента шығару және өткізу, ал алдағы уақытта шығарылатын өнім қатарын құбыр, прут және сымтемір сияқты материалдармен толықтыру көзделген. Зауыт құрылысын аяқтап, өнімнің алғашқы партиясын шығару 2008 жылдың екінші жартысына жоспарланып отыр.
«ҮМЗ» Акционерлік қоғамы ядролы материалдар және екі салаға бағытталған өнім экспорт-импортымен айналысатын ұлттық оператор болып табылатын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрамына кіреді.
«ҮМЗ» АҚ – әлемдік деңгейдегі өнім өндіру және өткізу бойынша 55-жылдық тәжірибесі бар бірегей кәсіпорын. Қазіргі күні кәсіпорын құрамына: ТМД бойынша ең үлкен атом энергетикасына арналған ядролы отын өндірісі; Еуразия құрлығындағы бірегей бериллий өндірісі, ол бериллийқұрамдас өнімнің ең қарапайым бериллий құймаларынан бастап, конструкционды бериллийден жасалған дайын өнімге дейінгі ауқымды спекторды қамтиды; ТМД аумағындағы бірегей тантал өндірісі қазіргі заманғы қуатты құралдармен қамтамасыз етілген, ол кез-келген тантал-необийқұрамдас шикізатты қайта өңдеуге қауқарлы.
«Ningbo Xingye Electronic Copper Strip Co., Ltd» мыс негізіндегі ерітінділерден лента шығару бойынша ең бір жетекші қытайлық компания – «Shine Copper Industry» құрамына кіреді. Оныњ негізгі шығаратын өнімдері жоғарынақтылы ленталар, фосфор бронзасынан, никель–мыс ерітінділерінен мыс және латунь табақтары, сонымен қатар мыс ленталары. Бұл өнімдер электроника, электроқұралдар, байланыс коммуникациялары, телевизия, радиотаралым, тұрмыс техникасы, автокөлік өнеркәсібі мен энергетика салаларында кеңінен қолданылады. «Ningbo Xingye Electronic Copper Strip Co., Ltd» өз саласында аса жоғары мәртебеге ие, ал оның негізгі өткізу нарықтары Кытайдың Гуандун, Цзянсу, Шанхай және Чжэцзян провинциялары, сондай-ақ Оңтүстік–Шығыс Азия.
