КАТКО 10 000 тонна уран өндірісін атап өтуде

18.05.2011

Бүгін, 18 мамыр Оңтүстік-Қазақстан облысының Созақ ауданында қазақстан-француздық «КАТКО» біріккен кәсіпорыны 10 000 тонна уран өндірісін салтанатты түрде атап өтуде.  
 
Он мың тонна өндірісі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және француздық AREVA компаниясының Қазақстандағы тәжірибелік қайта өңдеу зауытын құру бойынша бірлескен тырнақ алды жобасының іске қосылуынан бастап есептегендегі, шашамен 10 жылдық еңбегінің нәтижесі.  
 
Өндірістік жетістікке орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға облыстық және аудандық әкімшілік, акционер-компаниялар AREVA және Қазатомөнеркәсіп топтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
 
Бұл айрықша мәнді шара екі ел әріптестерінің қолдауы және КАТКО ұжымының уран кен орындарын барлаудан бастап, кенішті игеруге дейін жүргізетін ерен еңбегінің жемісі болап табылады.  
 
«КАТКО кәсіпорынының кен игеру учаскелері, өркениетті инфрақұрылым, жоғары білікті мамандар және жұмысты ұйымдастыру мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жоғары стандарттар арқасында уран өндіру өнеркәсібіндегі ең мықтылардың бірі болып саналады»,- деп атап өтті КАТКО БК Бас директоры Конрад Шауэр.  
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьниктің құттықтау сөзінде «КАТКО Оңтүстік-Қазақстан облысындағы өндіріспен айналысатын ең ірі мекемемелердің бірі, кәсіпорын мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Қазақстан-француздық әріптестіктің табысты еңбегінің нәтижесі - шығарылған өнімнің мінсіз сапасы мен өндіріс ауқымының жыл сайынғы өсімі», - деп көрсетілген.
 
 
КАТКО БК -  1996 жылы Шымкент қаласынан солтүстікке қарай шамамен 250 шақырым қашықтықта орналасқан Мойынқұм және Төртқұдық кен орындарын игеріп, уран өндірісін жүргізу мақсатында құрылған. Қазіргі күні кәсіпорында 1170 адам қызмет етеді, кәсіпорын кеніштері жерасты ұңғымалы шаймалау (ISR) әдісімен өндіріс жүргізетін заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Катконың жылдық өндірістік қуаттылығы 3100 тоннадан асады, кен орындарының жалпы қоры 65 000 тонна уран. 2012 жылдан бастап біріккен кәсіпорын жылдық өндірісті 4000 тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр.
 
КАТКО БК
Баспасөз-қызметі
Тел: +7 /727/ 244 52 52, қос.1316
indiana.kassayeva@areva.com
 
AREVA көмір қышқыл газынсыз электр энергиясын өндіріп, оны өз тапсырысшыларына жеткізіп берумен шұғылданады. Осы саладағы білім мен тәжірибенің молдығын ескерсек, компания электр энергиясына деген әлемдік сұранысты қанағаттандыруда жетекші рөл ойнайтыны күмәнсіз. Дүние жүзілік ядролық энергетикада бірінші орынды иелеп тұрған AREVA-ның бірегей интеграцияланған ұсыныстары ядролық отын циклының барлық кезеңдерін, реакторды жобалау мен құруды, сондай-ақ қосалқы қызметтер көрсетуді тұтастай қамтыған. Сонымен қатар компания биомасса энергиясын, жел энергиясын және отын элементтерін өзі ішіне қамтып алатын жаңғырмалы қуат көздері бойынша да өз қызмет аясын кеңейтіп, соның арқасында 2012 жылы осы саладағы жетекші компаниялар үштігіне қосылуды мақсат етеді. AREVA-да еңбек ететін 48 000 қызметкер күн сайын компания дамуына өз үлестерін қосып, барынша таза, қауіпсіз және үнемді энергияны жасау мен оны орасан үлкен тұтынушылар қауымына таратуға қызмет етеді.
www.areva.com
 
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады.
Бүгінгі таңда компанияда 23 000 астам адам еңбек етеді.
Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.
www.kazatomprom.kz
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі
+7 /727/ 244 62 54
pr@kazatomprom.kz   
 

жаңалықтарға оралу