Қазақстан халқына Toshiba корпорациясы тарту еткен сакура көшеттерін отырғызу рәсімі туралы баспасөз-баяны
25.04.2009Алматы қ.
2009 жылғы 25 сәуір күні Алматы қаласы әкімдігі ғимаратының маңында Сакура саяжолының ашылу рәсімі салтанатты жағдайда өтті.
Көшеттерді отырғызу салтанатына Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Сигэо Нацуи, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Toshiba корпорациясының президенті Ацутоши Нишида, Toshiba корпорациясының вице-президенті Норио Сасаки, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ президенті Мұхтар Жәкішев, және басқа да шетелдік қонақтар, БАҚ өкілдері қатынасты.
Сакура көшеттері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға ресми сапары (2008 жылғы 19-20 маусым) кезінде Қазақстан халқына сый ретінде тарту етілген болатын. Toshiba корпорациясының президенті Ацутоши Нишиданың сый беру хатында аталмыш ағаштар Жапония мен Қазақстан халықтарының арасындағы достықтың және стратегиялық әріптесі «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясына деген үлкен құрметтің айғағы екені атап көрсетілген.
Сакураның тоғыз сұрыбы (416 көшет) қысы айтарлықтай қатты, жазы құрғақтау болатын Хоккайдо аралынан алдырылды. Алматы үшін сакураның жергілікті ауа райына бейімделген осындай сұрыптары арнайы таңдап алынған. Алматы әкімдігі алдындағы сакура үш жыл көлемінде толық жерсінгеннен кейін гүлдеуге тиіс. Сонда алматылықтар мен қала қонақтары да осынау ғажайып ағаштардың гүлдегенін тамашалайтын болады. Ал Жапон еліндегі «сакураны қызықтау» дәстүрі біздің мәдениетіміздің бір бөлігіне айналады.
TOSHIBA – жоғары технологияларды енгізу жөнінен әлемдік көшбасшы және жаңашыл, диверсифицияланған өнімдерді жасаушы, ақпараттық-коммуникациялық жүйелер мен жабдықтарды; сандық тұтыну тауарларын, электронды аспаптар мен бөлшектер; ядролық энергетикаға қатысты энергия жүйелерін; өнеркәсіптік жүйелер мен әлеуметтік инфрақұрылымдар жүйесін; тұрмыстық электр аспаптарын қамтитын озық электронды және электротехникалық өнімдер рыногының белсенді қатысушысы. Toshiba 1875 жылы құрылған, бүгінде ол жаһандық желідегі 740-ден астам компанияны біріктіреді. Бүкіл дүние жүзіндегі қызметкерлерінің саны 198 000 төңірегінде, жылдық сату көлемі USD 76 млрд-тан асып жығылады. Компания туралы ақпаратты www.toshiba.co.jp/index.htm сайтынан табуларыңызға болады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ– Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, сирек металдар металлургиясы және конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 25 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының алғашқы үштігіне кіреді.
www.kazatomprom.kz
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның
Қоғаммен байланыс департаменті
Тел.: +7 (727) 244 62 54
e-mail: pr@kazatomprom.kz
e-mail: pr@kazatomprom.kz
