Қазатомөнеркәсіп «Парыз-2011» байқауының лауреаты атанды
09.12.2011Астана
Бүгін, 9-желтоқсан күні «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша байқауының қорытындылары жарияланды. Қазатомөнеркәсіп «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясында жеңіп шығып, жүлдегер атанды.
Жыл сайынғы «Парыз» байқауын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бизнес жауапкершілігі ұстанымдарын дамыту, кәсіпкерлерді ең өзекті деген әлеуметтік мәселелерді шешуге қатыстыру мақсатында 2008 жылы құрған болатын. Байқау ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Байқау қатысушыларын марапаттау рәсімі Елбасының қатысуымен өтті.
Бұл Қазатомөнеркәсіптің «Парыз» байқауындағы екінші жеңісі. 2008 жылы компания «Үздік әлеуметтік жоба» категориясы бойынша І жалпыұлттық байқаудың лауреаты атанған.
Қазатомөнеркәсіп компаниясында әлеуметтік жауапкершілікке ерекше мән беріледі, бұл сала ірі өнеркәсіптік холдинг қызметінің негізгі бағыттарының бірі десе болады.
Тек кейінгі 2010-2011 жылдары компания жалпы сомасы 31 млрд. теңгеден асатын 27 ірі жобаны іске асырды. Оның басым бөлігі мектеп, бала бақша, мәдениет нысандары, ашық стадиондардың құрылысы мен күрделі жөнделуі, елдімекендердің жайластырылуы және ауыз сумен жабдықталуы бойынша жұмыстар.
Қазатомөнеркәсіптің уран өндіруші аймақтардағы әлеуметтік жобаларын іске асыру мақсатында 2004 жылы арнайы «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» әлеуметтік момпаниясы құрылған. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорыны болып табылатын аталмыш компания әлеуметтік нысандарды басқаратын оператор ретінде қызмет атқарады.
2010-2011 жылдары аралығында Қазатомөнеркәсіп пен Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының әкімшіліктерімен қол қойылған Меморандумдарға сәйкес компания жиһаз және техникамен толығымен жабдықталған 2 заманауи бала бақша, 3 мектеп және ашық спорттық стадион құрылысын өз мойынына алып аяқтады.
Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында «Демеу-Таукент» медикалық-санитарлық бөлімі кұрделі жөндеуден өткізіліп, соның арқасында қазіргі күні Таукент және жақын елдімекендерде тұратын 6000-нан астам тұрғын жаңа медициналық құралдармен жабдықталған кең ғимаратта ем-дом қабылдау мүмкіндігіне ие.
Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 50 орынды заманауи интернат құрылысы соңына жетті.
Бірқатар аудандарда ауыз су тапшылығы күн тәртібіндегі ең өзекті проблемалардың бірі екенін ескере келе, Қазатомөнеркәсіп зарар аудандарды сумен қамтамасыз ету ісіне ауқымды қаражат бөліп келеді. 2010-2011 жылдары ОҚ облысының екі ауылы мен Шымкент қаласының ықшам ауданын сумен жабдықтау мақсатында 400 млн. теңге қаражат жұмсалды. Қыземшек ауылында суару жүйесі қалпына келтірілді.
Сондай-ақ Ұлттық атом компаниясы істеп тұрған әлеуметтік нысандарға да демеушілік жасап, құрал-жабдықтарын жаңартып, ауласын көгалдандырып, ғимараттарын жөндеп, материалдық көмек көрсетеді.
Әлеуметтік мәдениет нысандарын күтуге өткен және үстіміздегі жылдары 3 млрд. теңге шамасында қаражат бөлінді. Соған қоса, уран өндіруші аймақтардағы үш ауылдық кітапхана, екі Мәдениет үйі мен сарайының қайта жаңартылуына 56 млн. теңге жұмсалды.
Шығыс-Қазақстан облысының қараусыз қалған пионер лагерінің базасында балаларға арналған жаңа заманауи демалыс орны – «Матросово» салынды. Оның салтанатыт ашылуы 2011 жылы орын алды. Лагердің жаңа ғимараттарында қазір бір ауықытта 400-дей балақай тыныға алады. Мұнда тұрмыс пен демалысқа қажеттінің бәрі қарастырылған – асхана, жаздық театр, спорттық стадиондар. Айта кетеін жәйт, бұл демалыс нысанында мүгедек-балалардың да тынығуына мүмкіндік беретін жағдай жасалған.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен тәуелсіздігіміздің 20-жылдық мерейтойы қарсаңында Астананың қақ ортасында Оқушылар шығармашылық сарайы бой көтерді. Онда бір уақытта 3 880 бала оқып дәріс ала алады. Шығармашылық сарайында жабық әмбебап мұз айдыны, бассейн, спорт залдары, сондай ақ театрлық кешен, хор залы, ғылыми-техникалық шығармашылық зертханасы, планетарий, обсерватория және тағы басқа бөлмелер бар. Кешеннің ашылу салтанаты 2011 жылдың 8 желтоқсаны Елбасының тікелей қатысуымен өтті.
Уран өндірісінің қарқынды дамып, Қазатомөнеркәсіптің кадрлар саясатын іске асыруы арқасында 2010-2011 жылдары ел бойынша 1533 жаңа жұмыс орны ашылды.
Аймақтарға әлеуметтік көмек көрсете отырып Қазатомөнеркәсіп қаражатын аса маңызды капитал - адамдардың сенімі мен құрметіне жұмсайды. Компания қоғамдық қорды жауапкершілікпен пайдаланып, тек өз стартегиялық мақсаттарын ғана емес, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың әлеуметтік ахуалын жақсарту, ұлттық дәулетті арттыру, отандастарымыздың үйіне береке әкелу арқылы қоғам мүддесін де ескереді.
«Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС 2004 жылы құрылған. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны ретінде әлеуметтік нысандарды басқару және әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша оператор міндетін атқарады. Негізгі қаржы көзі – Қазатомөнеркәсіп және оның шетелдік серіктестері қатысуымен құрылған Жарғы қоры. Қазатомөнеркәсіп-Демеу еліміз азаматтарының тұрмыс жағдайы мен өмір сапасын көтеруді өз алдына мақсат етіп белгілеген. 2008 жылы компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша І бүкілұлттық «Парыз» байқауының «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымында лауреаты атанды. 2009 жылы «Жыл ұйымы» аталымында жыл сайынғы «Алтын жүрек» ұлттық қайырымдылық сыйлығына ие болды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі
