Қазатомөнеркәсіп IV Астана экономикалық форумына қатынасты
04.05.2011Астана
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ үстіміздегі жылдың 3-4 мамыр күндері Астанада өтіп жатқан «Жаңа онжылдық: болашақтар мен талаптар» атты IV Астана экономикалық форумының жұмысына қатынасты.
Бүгін форум шеңберінде «2012 жылғы «РИО-20» Дүниежүзілік тұрақты даму саммиттіне орай Жаһандық энергоэкологиялық стратегия қалыптастыру» бойынша панельдік сессия өтті. Жаһандық энергоэкологиялық стратегияны қалыптастыру бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылы өткен БҰҰ-ның 62-ші Бас Ассамблеясының сессиясында жаһандық энергоэкологиялық дағдарыс проблемаларын шешу мақсатында ұсынған болатын.
Қазатомөнеркәсіп Ұлттық атом компаниясы сессия қатысушыларының назарына «Ядролық энергетика - экологиялық таза, экономикалық тиімді энергия көзі» атты баяндамасын ұсынды. Баяндама адамзатты энергиямен қамтамасыз ету жолдары, ядролық энергетика қауіпсіздігі, Жапониядағы зілзала тағлымы іспетті экономика және қоғамның маңызды аспектілерін қамтиды. Нақты айтқанда, «Фукусима» атом стансасындағы апат жаңа АЭС-тердің құрылыс алаңын таңдау үрдісіне, салқындату жүйесіне назар аударуға, қолданыстағы және жаңадан салынып жатқан стансалардың пассивті және активті қауіпсіздігін қайта қарауға мәжбүрледі. «Фукусима» АЭС-і реакторларының орнында заманауи, бүгінгі күн талабына сай құрылған жаңа реакторлар болса, цунами соққысына төзер еді. Осыған орай, егер құрылыстың барлық техникалық деңгейінде қауіпсіздіктің заманауи талаптары орындалса, алаң аймақтың геотектоникалық ерекшеліктері ескеріле отырып таңдалса, ядролық энергетика қоршаған ортаға залалын тигізбейтін бірегей шағын энергия көзі болар еді. Атом энергетикасын кеңейтуді отын-энергетикалық тепе-теңдікті сақтап, экономикалық даму шарттарын жақсарту жолындағы баламасы жоқ құрал деп қарау керек. Уран қорының алдағы 100 жылда барлық сұранысты қанағаттандыруға қауқары бар, одан кейін ядролық энергетика бридерді реакторларды пайдаланатын жаңармалы энергия көзіне өтеді, ол өз алдына барлық пайдаланылған отынды және радиоактивті қалдықтарды жағып жібереді.
Энергияның балама көздеріне тоқталатын болсақ, жел және күн қондырғылары алдағы 100 жылда едәуір энергия көзіне айналуы мүмкін, дегенмен олар дәстүрлі энергия экономикасымен бәсекелесе алмайды.
Жаңа буын реакторлары, сөзсіз, сапасы жағынан қауіпсіздік деңгейі жоғары, табиғаттың кез-келген зілзаласына төзімді болатынын ескерсек, Қазақстанның атом энергетикасын пайдаланатын үлесі салмақты елдер қатарына қосылуы, ядролық отын циклін толық пайдаланатын өз энергетикалық қуатын дамытуы - Қазатомөнеркәсіптің алдына қойған басты мақсаттарының бірі.
Дөңгелек үстел форматында өтетін 2012 жылғы «РИО-20» Дүниежүзілік тұрақты даму саммиттіне орай Жаһандық энергоэкологиялық стратегия қалыптастыру» бойынша панельдік сессиясының жұмысына мемлекеттік мекемелер, Орталық-Азия аймағындағы елдер, ғылыми-зерттеу ұйымдары, шағын және орта бизнес, ұлттық холдингтер мен компаниялардың өкілдері қатысады.
Жиын қорытындысы бойынша Жаһандық энергоэкологиялық стратегия мәтiнiнiң ғылыми негіздемесі талқыланып, «РИО-20» Дүниежүзілік тұрақты даму бойынша саммит және G20-ға қатысушы елдердің басшыларына ұсыныстар әзірленеді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады.
Бүгінгі таңда компанияда 24000-ден астам адам еңбек етеді.
Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі
+7 /727/ 244 62 54
