Қазатомөнеркәсіп Астанада күн батареяларын шығаратын зауыт құрылысын бастады

10.12.2011

Астана

Бүгін, Астана қаласында салтанатты жағдайда қазақстандық кремний негізінде күн батареяларын шығаратын болашақ зауыт іргетасына капсула салу рәсімі өтеді.
Капсула салу рәсімін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьник және Француз Республикасының Атом энергетикасы бойынша комиссариатының басшысы Бернард Биго өткізбек. 
 
Зауыт құрылысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Француз Республикасының Атом энергетикасы және балама энергия көздері бойынша комиссариаты (Commissariat à l'énergie atomique et aux energies alternatives, CEA) бастаған консорциум бірлесе атқаратын кең ауқымды жобаның бір тармағы болып табылады. Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасында күн энергетикасы технологиясын дамытып, толықтай интеграцияланған жаңармалы энергия көздерін шығаратын өндіріс желісін құру. Бұл Елбасының жикізаттық емес секторға инвестиция тартуға бастамасына қолдау көрсету. 
 
Аталмыш жоба құрылысы Елбасының 2010 жылдың қазан айында Францияға іссапары барысында қол қойған Қазақстан мен Франция арасындағы индустриялды-инновациялық әріптестік бойынша стратегиялық келісім шарқа сәйкес жүзеге асырылуда.
 
Жоба операторы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорыны - «Astana Solar» ЖШС. Зауыт құрылысы аяқталған соң Astana Solar күн батареяларын шығару өндірісін қолға алады. 
 
Француздық әріптестер өндіріске технологиялық және техникалық қолдау көрсетпек.
 
Зауыт қауіпсіздік техникасы мен экологиялық норма жоғары стандарттарына жауап беретін заманауи автоматтандырылған құралдармен жабдықталады.
 
Кәсіпорында шығарылатын фотоэлектрикалық пластиналардың жобалық қуаттылығы 60 Мвт, болашақта бұл көрсеткіш 100 Мвт дейін артады деп күтілуде.
 
Құрылыс жұмыстары 2012 жылдың желтоқсан айында мәресіне жетеді, ал өндірістік әлеуеттікке зауыт 2013 жылдың І тоқсанына шығады деп жоспарланып отыр.
 
Аталмыш кәсіпорын түрлі саладағы 150-ден астам отандасымызды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, олардың жартысы шет елде оқып арнайы білім алады. 
 
Болашақ өндіріс KazPV қазақстандық кремний шикізаты негізінде жұмыс істемек, ол элемент Өскемен қаласында (Шығыс Қазақстан облысы) күн сапасына дейін тазартылып, өңделеді. 
 
Сонымен қатар Қазатомөнеркәсіп «күн» жобасының аясында Француз Республикасының Атом энергетикасы және балама энергия көздері бойынша комиссариатымен бірлесіп Қазақстанда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар Орталығын құрмақ. Онық мақсаты инновациялық техникалық және технологиялық шешімдер - ноу-хау заманауи базасын қалыптастырып, толықтыру.
 
Жобаның жалпы құны 34 миллиард теңге.

Анықтама.
Қазақстанда жаңармалы энергия көзін дамытудың басты мақсаты еліміздің шалғай аудандарын электр энергиясымен қамтамасыз ету және баламалы энергия көздерінің халықаралық рыноктағы позициясын арттыру.
Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2015 жылға қарай елде өндірілетін жаңармалы энергия мөлшері 1% асуы тиіс.  
 
«AstanaSolar» ЖШС - 2011 жылы құрылған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорыны. Кәсіпорын мақсаты Қазақстан Республикасында күн энергетикасы технологиясын дамытып, фотовольтаикалық панельдер шығару бойынша толықтай интеграцияланған өнеркәсіптік желі құру.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі
 

жаңалықтарға оралу